Көрермен(17) Орман ағаштары кесілгенде жұқа діңдер мен бұтақтар жиналып қалып, орманға зиянын тигізеді т.б.
Жүргізуші. Міне, осындай ластану биік өрттің шығуына, ағаш бастарының жануына әкеледі. Тағы орман ауруларын атаңыздар?
Көрермен(18) Тынығушылар орман шөптерін таптап, орманға қағаз, консерв қалбырын, бөтелке т.б. қоқыстарды тастап ластайды. Орманға зиянын жаққан от та әкеледі, ол жерге 4-5 жыл шөп өспейді.
Көрермен(19)Орманға зиянкестермен жүргізілетін химиялық заттарды қолдану да зянын тигізеді.
Жүргізуші. Тоқтаңыз, кесіп айтпаңыз. Бізде ''орман қорғаудың эксперті'' қатысып отыр. Ол адам бізге зиянкестермен күресудің қазіргі жүйесімен және бұл жағдайда химиялық күрес әдісі қандай орын алатынын айтады.
Орман қорғаушы.Химикаттарды пайдалану зиянкестерді құртуда, әрине орман экожүйесіне зиянян тигізеді. Бір түрді құрта отырып, көптеген басқа түрлер ді де жоямыз, олардың ішінде біздің ''жауларымыздың'' да ''жаулары'' бар. Олар ''жыртқыш'' жәндіктер, құстар. Қазіргі кезде улы химикаттарды өте сирек пайдалануға тырысамыз, әсіресе уды самолетпен шашу, орман шаруашылығына үлкен қауіп төндіреді, у үлкен аумаққа таралып, тіпті кейбір кәсіптік жануарларға да зиянын тигізеді.
Жүргізуші.Химиялық заттар немен алмастырылады?
Орман қорғаушы. Орман зиянкестерін құртатын жануарлар қорғауға алынады. Одан басқа орманшылар назарына қазіргі кезде экологиялық қауіпсіз биологиялық препараттар бар,мысалы зиянкес жәндіктердің жыныс иісіне ұқсас иісті ұшқыш иісті заттар бар. Зиянкестер аулағыштарға ұшып келеді, онда жаңағы иіс болады, арнайы жағылған желімге жабысып қалып, сол жерде өліп қалады.
Жүргізуші. Қандай ормандар зиянкестермен зақымданады?
Орман қорғаушы. Зиянкестермен зақымданатындар- қояндар мен бұландарды қоса есептегенде, көбінесе бір түрлі ағаштар өсетін ормандар. Оларды зиянкестер жеп қояды. Зиянкестермен зақымдану көзі болып, ағаш кескенде қалатын жоңқалар саналады, оларда зиянкестер көбейеді.