Жаратылыстану мен дүниетану пәндерін оқыту әдістемесі


Александр Александрович Половинкин (1887-1955)



бет9/81
Дата25.06.2022
өлшемі460,97 Kb.
#37289
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   81
Байланысты:
file-4018 (1)

Александр Александрович Половинкин (1887-1955) мектепте географияны оқыту әдістемесі төңірегінде жұмыс істеді. 1939 жылы бастауыш мектептің 111,1У кластарында істейтін мұғалімдеріне арналған бірінші географияны оқыту әдістемесін В. А. Грузинскиймен бірігіп жазды. Онда сабақтағы мұғалімнің негізгі жұмыс әдістері қарастырылды, негізгі көңіл оқушылардың ‘’сұлба ‘’ мен ‘’карта’’ ұғымдарын қалыптастыруға аударылды, жергілікті жермен оқушыларды таныстырудағы танымжорықтардың (экскурсиялардың) қажеттігі ашылды. Алғаш мұғалімнің сабаққа жан-жақты дайындалуының және көрнекілік құралдарды қолдануының қажеттігі көрсетілді.
Жаратылыстануды оқыту әдістемесінің төңірегіндегі жұмыстарды жетілдірген К.П.Ягодовский (1877 –1943) болды. Революцияға дейінгі шыққан еңбектеріне қосымша келесі еңбектері жарық көрді: ‘’Бастауыш мектепте жаратылыстануды қалай оқыту керек?‘’, ‘’Үйдегі және мектептегі тірі табиғат бұрышы: өсімдік‘’ және басқа әдістемелік оқу құралдары. Оның ғылыми еңбектерінің қорытындысы болған ‘’Жаратылыстануды оқыту әдістемесінің жалпы сұрақтары’’ кітабы, онда ол пропедевтикалық жаратылыстану курсын ерте оқыту қажеттігін тұжырымдады, себебі ол болашақ жіктеу курсының негізі.
С.А.Павлович танымал педагог- жаратылыстанушы, жаратылыстануды оқыту әдістемесі мен оқыту ісінің дамуына көп еңбек сіңірді, мектептерді оқыту құралдары және жабдықтармен қамтамасыз етті. Мектепте табиғат жайлы ғылымды оқытуды жетілдіру ісінде оның нұсқауы бойынша әзірленген( коллекциялардың ) жинақтамалардың, мектептегі лабораториялық сабақтарға арналған приборлардың үлкен мәні болды. Ол мектепті табиғатқа жақындатуға ұмтылды, тірі табиғат бұрыштарын ұйымдастыруды насихаттады, онда оқушылар өсімдіктер мен жануарларды өздері күтетіндігін айтты.
Бірақ осы кезеңнің бағдарламасы іс тәжірибеде аса кең және қиын болды. Тұрақтылығына қарамастан олар бірнеше рет қысқартылды және ішінара өзгертілді. 40-шы жылдары оқу жоспарынан бастауыш мектептің үш класынан жеке оқу пәні ретінде жаратылыстану пәні алынып тасталды. Жаратылыстану сұрақтары мектепте ана тілі пәні көлемінде оқылды. Тек қана 1У класқа жеке курс ретінде өлі табиғат енгізілді. 1 және 2 кластарда материал өлкетану деңгейінде, маусымдық құбылыстар төңірегінде топтастырып, жергілікті материал шеңберінде оқытылды. 3 класта өсімдіктер және оларды адамның пайдалануы, жабайы және үй жануарлары, адам денесі және оның денсаулығын қорғау туралы ұғым берілді. 4 класта ғана жаратылыстану жеке пән болып бөлініп, жеке оқулығы болды. Ұзақ жылдар бойы тәжірибе жаратылыстану бағдарламалары мен оқулықтары материалдармен тым ауырланғандығын көрсетті, тіпті сабақтар бөлінген сағаттарға сыймайтын болды, оқушылардың игеруі қиындады. Сондықтан білім Министрлігіне бағдарламаларды қайта қарап, оқу материалын қысқарту керек болды. 1950 жылдан жаратылыстану бастауыш мектеп бағдарламасына оқу пәні ретінде енгізілді.
ХХ ғасырдың 50-60 жылдарындағы жаратылыстану әдістемесінің дамуы П.А. Завитаев, М.Н. Скаткин, Е.А.Валерианова, А.А. Перротте және басқа аттармен байланысты.
Бастауыш мектептегі жаратылыстануды оқытуды жетілдіруде елеулі үлес қосқан П.А. Завитаев (1890-1970). Табиғат ұғым-түсініктерін қалыптастыруға негіз болған оның бақылау жүргізуге, тәжірибе мен танымжорықтар өткізуге арналған әдістемелік нұсқаулары болды. П. А. Завитаев пәндік сабақтар жүйесін құрастырды, олардың мазмұны мен әдістемесінде төменгі класс оқушыларында жаратылыстанудан ғылыми түсінік қалыптастырудағы оқу тәжірибе үлескісінің (участогінің) орынын анықтап берді. Одан басқа ол жаратылыстанудың материалдық базасын жетілдіру және сабақта құрал – жабдықтарды пайдалану әдістемесі бойынша көп жұмыс атқарды. Ол келесі әдістемелік оқу құралдарын жазды: ‘’1–4 кластардағы танымжорықтар мен пәндік сабақтар‘’, ‘’1-4 кластардағы оқу-тәжірибе үлескісі бастауыш кластардағы жаратылыстану сабақтарындағы тәжірибелерге керекті құрал –жабдықтар’’. .
Бастауыш мектептердегі жаратылыстану бағдарламалары мен оқулықтарының 20 жылдан артық авторы М. Н. Скаткин болды. Ол табиғаттануды оқыту әдістемесінің сұрақтарына үлкен көңіл бөліп, бұл курстың жеке пән болып бөлінуіне елеулі үлес қосты. Ол политехникалық білім беру принциптерін, оқушылыардың таным белсенділігін арттыру, бастауыш мектепте кластан тыс жұмыстарды ұйымдастыруды қарастырды. М.Н.Скаткин сабақта қолдануға қажетті көрнекі құралдар сериясын жасады, олар: картиналар, кестелер, жинақтамалар (коллекциялар), кинофильмдер, әдістемелік нұсқаулар. Профессор К.П. Ягодовскиймен бірлесе табиғат күнтізбесін құрастырды, оған оқушылар өлі және тірі табиғатты бақылағандағы барлық өзгерістерді түсіріп отыратын болды.
Табиғаттанудан бағдарламалар мен оқу жоспарының жаңадан қайта құрылуы 60-шы жылдары болды. Ол өзгеріс бойынша пән 2-4 кластарда оқытылды. Бағдарлама негізіне өлкетану принципі алынды, оқушылар табиғат және адамның шаруашылық әрекетімен танысатын болды. 2 класта тақырыптар маусымдық принципте орналасты, ол оқушылардың табиғат құбылыстары мен адамның шаруашылық әрекетін бақылауды ұйымдастыруға мүмкіндік берді.
3 класта оқушылар тікелей табиғат құбылыстары және өз жерінің, елінің қоғамдық өмірімен танысты. Жалпы жертану принципі бағдарламада оқушыларды жер шарымен, мұхиттар және материктермен (құрылықтар), Жердің пішіні және қозғалуы , елінің табиғат зоналарымен таныстыру арқылы жүзеге асты. Одан басқа адам ағзасымен және оның денсаулығын қорғау сұрақтарымен танысты. Әр тақырыпты оқытуға арнайы танымжорықтар, пәндік сабақтар, көрсетілетін тәжірибелер мен сарамандық жұмыстар ерекше бөлінді.
Табиғаттануды оқыту 4 класта аяқталды, оның бағдарламасына табиғат, денелер мен заттар жөнінде мәліметтер енді, оларға элементерлы ғылыми түсінік берілді. Бағдарлама мазмұнына табиғатты қорғау бағыты ене бастады.
Табиғаттану курсының бастауыш мектептегі негізгі құрылымдық принципі осы күнге дейін сақталды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   81




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет