Жаратылыстану мен дүниетану пәндерін оқыту әдістемесі


Жүргізуші Әр түрлі елдерде макулатураны қалай пайдаланатыны жөнінде білесіздер ме? Көрермен



бет76/81
Дата25.06.2022
өлшемі460,97 Kb.
#37289
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   81
Байланысты:
file-4018 (1)

Жүргізуші Әр түрлі елдерде макулатураны қалай пайдаланатыны жөнінде білесіздер ме?
Көрермен Макулатураны қайта өңдеуде ең жоғарғы көрсеткіш Жапонияда (50 процент),2-ші орында Швеция –40 процент, Латын Америкасында –32 процент, АҚШ-да – 29 процент. 80- жылдардың аяғында макулатураны ең төмен өңдеген Африка елдері (17 процент) және СССР-де (19 процент). Қазір бұл көрсеткіш Қазақстанда одан да төмен.Макулатураны жинау, оны экономикалық тиімді пайдалану механизмі жоқ.
Жүргізуші. Өкінішті, бізде қазір макулатура жинаушылар жоқтың қасы. Оны пайдалану Қазақстанның ормандарына көмегін тигізер еді. Биосфера барлығына біреу, белгілі бір жердегі орманға сақтықпен қарау сол ауданның жалпы экологиялық жағдайын жақсартады.
Тағы қаралмаған бір сұрақ бар. Орман табиғатын тиімді пайдалану жайлы көп айттық, орман шаруашылығында тәртіп орнату керектігі айтылды. Тәртіпті орнату үшін қандай нормативтік құжаттар керектігін білу керек. Оны заңгер-эксперт әңгімелейді.
Заңгер. Мен барлық айтылғандарды мұқият тыңдадым. Расында да біздің орман шаруашылығында тәртіп бұзушылық көп. Қазір ормандарды пайдалану жөнінде заңдар қарастырылып және қабылданып жатыр. Қабылданған заңдар экологиялық мазмұнда. Заңдарды жетілдіру керек және олардың орындалу механизмін мұқият қараған жөн. Кез- келген жеке тұлға немесе заңды тұлға қабылданған заңды бұзғаны үшін жауапқа тартылуы тиіс. Экологиялық қылмыс жазасы өте қатаң болуы керек.
Жүргізуші. Экологиялық тергеушілер жасалған қылмысты сауатты бағалап, заңды түрде жаза қолдану жүйесін жақсарту керек. Сонда ғана Республикамыз Жер планетасында жасыл ландшафт болып, гүлдене бермек. Ол адам қамқорлығы арқылы ғана іске аспақ Біздің кездесуіміз аяқталды Әңгімені келесі отырыстарда жалғастыруға болады. Уақыт өте шектеулі. Қатысып рахмет.


Тапсырмалар:

  1. Сабаққа қойылатын дидактикалық талаптарды атаңыз.

  2. Сабақтың кейбір түрінің қысқаша сипаттамасы және құрылысы.

а) Аралас сабақ ол 2-3 сабақ түрінің бірігуінен болады, бастауыш мектепте жиі қолданылады. Аралас сабақтың құрылысын көрсетіңіз және қандай сабақ типтері қосылған?
ә) Заттық сабақ кезінде мұғалім табиғат денелерін, приборларды, модельдерді көрсетіп, оқушыларға таныс объектімен, құбылыспен салыстырып, ерекшеліктері мен ұқсастықтарын тапқыза отырып, жаңа білім мен іскерлік, дағды қалыптастырады. Кез-келген класс бойынша заттық сабақтың құрылысы мен тақырыптардың мысалдарын келтіру.
б) Қорытындылау және білім жүйелеу сабақтары. Осындай сабақтардың қандай ерекшеліктері болады? Мұғалім қандай қателіктер жібермеуі тиіс?
Қорытындылау, білім жүйелеу сабақтары тақырыптарының мысалдарын келтіру.
в) Білім тексеру сабақтарына сұрақтар мен тапсырмалар дайындау.

  1. Тақырыбы мен класын таңдап алып, жазбаша жұмыстардың нұсқаларын құру (І, ІІ нұсқада)

  2. Тест бойынша білім тексеру (өз қалауыңыз бойынша класы, тақырыбы, 5 сұрақтан кем болмайтын тапсырмасы және 5 жауаптан тұратын ) тапсырмаларын құрастыр.

  3. Перфокарталар үлгілерін ұсыныңыз (таңдауыңыз бойынша тақырыбы, класын алуға болады).

г) Білім тексеру сабағы: мақсаттары мен міндеттері. Сабақтың құрылысы: топтарға арнап бақылау тапсырмаларын құрастыру ( ІІІ класс мысалында)
ғ) Үй жұмысы: мақсаттары, міндеттері, үй жұмыстарының түрлері, қойылатын талаптар.
д) Ойын- оқытудың тәсілі. Аталған тәсілдің мақсаттары мен міндеттерін ашыңыз.
Ойын арқылы оқытудың маңызы ( кластар бойынша).




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   81




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет