Жаратылыстану мен дүниетану пәндерін оқыту әдістемесі



бет80/81
Дата25.06.2022
өлшемі460,97 Kb.
#37289
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   81
Байланысты:
file-4018 (1)

ІІІ. Геоғрафиялық алаң.

  1. Ашық жерде бақылау жүргізу және сарамандық сабақтар өткізу үшін керек.

  2. Мөлшері 10х10 м болатын ауданды, биіктігі 1м қашамен қоршайды.

  3. Дәл ортасында биіктігі 1 метр болатын вертикаль қада орналасқан (гномон).

  4. Ашпалы есігі бар метеорологиялық будкада термометр орналасады..

  5. Биіктігі 10 м бағанаға флюгер (желбағар) орнатады.

  6. Қар қалыңдығын анықтау үшін ұзындығы 1,5-2 м, ені 8-10 см рейка қолданылады. Ақ түске боялады да, 1 см сайын сызықпен бөлінеді, қарсы жағы қара түске боялып, 10 см сайын бөліктерге бөлінеді.

Географиялық алаңда жүргізілетін бақылаулардың негізінде оқушылар бастауыш кластарда табиғат құбылыстарының арасындағы өзара байланыстары мен заңдылықтарды анықтайды.

  1. Оқу тәжірибе үлескісі.

Көптеген мектептерде мәдени өсімдіктерді өсіру үшін
арнайы орын бөлінеді. Үлескіде оқушылар жұмыс істей отырып, білім мен тәрбие алады. Бұл жерде өсімдіктердің өсуіін, табиғи жағдайда өзгерістерін бақылай алады, тұқым себу, күту, зиянкестермен күресм жұмыстарын жүргізеді.
Құстарға жемшашар жасап орналастыру арқылы зерттеуге мүмкіндік алады. Тәжірибе үлескісінде көкеністерді (қызылша, сәбіз, сарымсақ, орамжапырақ, картоп), жемістерді (қызанақ, қияр, бақлажан), бұталарды (таңқұрай, қарақат, сирень, итмұрын), жеміс ағаштарды (алмұрт, алма, шие, өрік) отырғызуға болады. Әсемдік үшін әдемі гүлдерді де өсіруге болады.
Оқу тәжірибе үлескісіндегі жұмыстар оқушылардың теориялық білімді өмірмен байланыстыруға мүмкіндік береді. Сол сияқты оқушылар белгілі бір жұмыстарды орындау , бақылау жүргізу арқылы іскерлік пен дағды қалыптастырады.
Өлкетану.
Бастауыш кластарда табиғатты зерттеу негізіне өлкетану принципі алынған.:

  1. Өзі тұратын жердің сұлбасы

  2. Өз жерінің жер бедері, пайдалы қазбаларының үлгілері

  3. Өз жерінің су ресурстары

  4. Климаттық жағдайлары, ауа райы

  5. Өз жерінің өсімдіктер және жануарлар дүниесі

  6. Жергілікті жердегі Қызыл кітапқа енген өсімдіктер мен жануарлар дүниесі. Табиғатты қорғау жұмыстары.

Өлкетану материалдарын жинау, мектептің өмірмен байланысын күшейтеді. Оқушылардың өз өлкесінің табиғатын қорғауға белсенді түрде қатысуына мүмкіндік туғызады.

Мазмұны

  • Кіріспе. Бастауыш мектепте дүниетануды оқыту пәні және оның міндеттері

  • Дүниетануды оқыту әдістемесінің тарихы

  • Жаратылыстану мен дүниетану курсының педагогикалық маңызы мен міндеттері

  • Жаратылыстану мен дүниетанудан материалдарды таңдау принциптері мен мазмұны

  • Бастауыш мектептегі экологиялық білім мен тәрбие

  • Бастауыш білім берудің мақсаты мен міндеттері. Білім беру мазмұны мен құрамы

  • Жалпы білім беретін мектептің бастауыш сатысындағы жаратылыстану мен дүниетанудың білім мазмұны; тұжырымдамасы

  • Жаратылыстану мен дүниетану ұғымдары мен түсініктерінің қалыптасуы мен дамуы

  • Жаратылыстану мен дүниетануды оқыту құралдары

  • Бастауыш мектепте жаратылыстану мен дүниетануды оқыту процесін ұйымдастыру формалары

  • Жаратылыстану мен дүниетануды оқытудың материалдық базасы

  • Әдебиеттер тізімі





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   81




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет