Жаратылыстану негіздері



бет17/49
Дата09.10.2022
өлшемі0,86 Mb.
#42054
түріЛекция
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   49
Байланысты:
Жаратылыстану нег лекц 2022

Саңырауқұлақтар – төменгі сатыдағы өсімдіктердің ішіндегі ең көп тарағаны, олардың 100000-дай түрі кездеседі.
Басқа өсімдіктер типтерінен басты айырмашылықтары пластидтері, хлорофилі болмайды. Бұлар дайын органикалық заттармен қоректенуге бейімделген гетеретрофты өсімдіктер.
Түрлері бойынша Жейтін саңырауқұлақтар және Жеуге жарамсыз саңырауқұлақтар болып бөлінеді. Олардың вегетативтік денесі тарамдалып матасқан гифалардан (жіңішке жіпшелерден) тұрады. Бұлар бір-бірімен матасып грибница немесе мицеллий деп аталатын саңырауқұлақтың денесін құрайды.
Гифарлардың жуандығы 1-ден 10 кейде 20 микронға дейін барады. Олардың көбісінің мицелийлері субстраттың ішінде жатады. Субстраттың бетінде жемісті денелері немесе спора тасушы органдары орналасады. Олардың пішіндері шар тәрізді, таға, қабық сияқты, қалпақты түбірге ұқсас және басқаша түрлі болып келеді.
Гифалар төбе жасушалары арқылы ұзарып өседі және моноподиальды бұтақтанады. Бүйірлік мицелийлер негізгі мицелийлерге ұқсайды. Тек паразит саңырауқұлақтардың көбісі иесінің жасушасының ішіне еніп жататын бүйірлік мицелийлері әрі қарай өспейді, жасуша ішінде шар, алмұрт, немесе тарамдалған гаусторияға айналады, сөйтіп иесінің жасушасындағы қоректік заттарды сорып, тіршілік етеді.
Төменгі сатыдағы саңырауқұлақтардың кейбіреулерінде мицелий болмайды, вегетативтік денесі жалаңаш не қабықшасы бар протоплазмадан тұрады. Мұндай саңырауқұлақтардың жасушаларынан тарамдалған, өте жіңішке, ядросы жоқ қысқа жіпшелер өседі, оны ризомицелий деп атайды. Ол мицелийдің алғашқы нышаны болып есептелінеді.
Жоғары сатыдағы саңырауқұлақтардың мицелийлері – көлденең перделерге бөлінбеген, көп жасушалы. Олардың перделерінде жасушаларды бір-бірімен байланыстырып тұратын өте ұсақ поралары болады.
Саңырауқұлақтардың жасуша қабығы құрамында  насекомдар  қабықтарының  хитиніне  ұқсас, хитин заты және полисахаридтер болады. Олардың жасушасы протоплазмадан, бір, екі, кейде одан да көп ядродан және вакуолядан тұрады. Төменгі сатыдағы саңырауқұлақтардың мицелийлері көп ядролы, ал жоғары сатыда орналасқан саңырауқұлақтар бірнеше ядродан тұрады.
Жасуша ядролары саңырауқұлақтардың көпшілігінде өте кішкентай 1-3 микрондай болады. Ірі ядролар жыныс процесімен байланысқан органдарда ғана болады да, кейде олардың мөлшері 10 микронға жетеді. Ірі ядроларда ядрошықтардың бар екендігі байқалады. Протоплазма жас жасушалардың – гифалардың ұштарын толтырып тұрады. Бояп қарағанда олардан ұсақ дөңгелек көпіршік тәрізді вакуолялар көрінеді. Ересек жасушаларда протоплазма жасушаның қабығына қарай жақын орналасады. Клетканың ортаңғы бөлімін ірі вакуоля алып жатады. Одан жасушаның жан-жағында жіңішке протоплазма жіпшелері тарайды. Вакуоля жасуша шырынына толы болады. Клетка шырыны түссіз, тек ағзадан саңырауқұлақтарда антоциан пигментінің болуына байланысты, қызғылт тартып тұрады. Саңырауқұлақ жасушаларында қор заты ретінде еш уақытта крахмал жиналмайды, май тамшылары мен гликолен, ал біраз саңырауқұлақтарда волютин жиналады.
Кейбір саңырауқұлақтарда әр түрлі улы заттардың жиналуы да жиі кездеседі. Саңырауқұлақтардың түсі – жасуша қабығында, протоплазмада, вакуоляда болатын пигменттерге байланысты. Пигменттер әр түрлі химиялық процесстер нәтижесінде түзіледі.
Қыналардың 18-20 мың түрі бар төменгі сатыдағы өсімдіктер катарына жатады. Қыналар күй талғамайтын өсімдіктер, сондықтан табиғатга қыналар басқа өсімдіктерге колайсыз келетін кұнарсыз жерлерде мысалы, тастардың үстінде, шөлді-шөлейтті жерлерде, тундрада және ормандарда тіршілік етеді. Қыналарға ең қажетті жағдай оттегіне бай таза ауа. Қалада кыналар өспейді, себебі түтін және ысты жерлерде тіршілік ете алмайды.
Қыналар саңырауқұлақ пен балдырлардың симбиоздық түрде тіршілік етуі нәтижесінде пайда болған ерекше өсімдіктер тобы болып саналады.
Олардың құрамына кіретін балдырлар көк – жасыл және жасыл балдырлар бөлімдеріне жатады, олардың табиғатта өз бетінше тіршілік ететін түрлерінен еш өзгешелігі жоқ. Қыналар құрамындағы жасыл балдырлардың түрлерінен хлорелла, цистококк, кладофора, трентеполия кездеседі, соңғы екеуі жіп тәрізді формалар. Бұндай қыналар жасыл түсті болып келеді. Көк жасыл түсті балдырлардан түрлеріне глеокапса, хроококк тағы басқалары кездеседі.
Қынаның құрамына кіретін саңырауқұлақтардың түрлерінің басым көпшілігі аскомицеттер класын құрайтын саңырауқұлақтар. Оларға пиреномицеттер мен дискомицеттер жатады. Ал базидиомицеттерден телефора туысы кіреді. Жоғарыда аталған саңырауқұлақтардың табиғатта жабайы өсетін түрлерімен салыстырғанда ұқсастығы шамалы.
Қыналар анатомиялық құрылысына байланысты гомеомерлі және гетеромерлі деп екіге бөлінеді.
Гомеомерлі типі қарапайым құрылысты болып келеді. Олардың денесін құрайтын саңырауқұлақ және балдыр клеткалары денелерінде біркелкі таралған. Бұлар балдыр бөліп шығарған кілегейдің ішінде орналасады. Кепкен кезде морт сынғыш келеді де, суға салса ісінеді.
Гетеромерлі талломның құрылыс ерекшеліктерін ксантория мен пармелия сияқты жапырақшалы қыналардың көлденең кесінділерінен байқауымызға болады. Кесінді препаратынан талломның үстіңгі қабатының өте тығыз шиыршықтала оралған жуан қабықты саңырауқұлақ гифтерінен тұратындығын көреміз. Бұл жалған ткань плектинхима деп аталады. Плектенхима бірнеше қабатты, оның ең үстінгі қабаты түсті, ал төменгі қабаттары түсіз болып келеді.
Плектинхиманың астында, босандау орналасқан гифтермен қоршалған, шар пішіндес бір клеткалы жасыл балдырлар топтарынан тұратын гонидиялық қабат орналасады. Гонидиялық қабаттың астында өзек орналасады. өзектегі саңырауқұлақтар гифтері түссіз келеді әрі өте бос байланысқан, олардың аралары ауаға толы.
Талломның ең астынғы қабаты құрылысы жағынан беткі қабатына ұқсас, яғни тығыз орналасқан жуан қабықты гифтерден тұрады. Осы қабаттан тарайтын бір қатарлы саңырауқұлақ жіпшелері, немесе ризоидтер, ал көпшілік жағдайларда ризиндер (өзектен өтетін жіпшелер шоқтары) қыналардың субсртаттарға бекініп өсуін және қоректенуін қамтамасыз етеді.
Нағыз бұталы қыналардың цилиндірлі талломдарының құрылысы да гетеромерлі типке жатады. Олардың көлденең кесінділерінен талломдарының бірнеше концентрлік қабаттардан тұратынын көруге болады: шеткі бөлігінде тығыз сыртқы қабат, одан ішке қарай бір клеткалы жасыл балдыр шоқтары орналасқан гонидиялық қабат, ортасында түссіз өзек және ең ортасында орталық білеу – остьік цилиндр орналасады. Остьік цилиндр серпілмелі шеміршек тәріздес тканьнен түзілген және механикалық қызмет атқарады.
Қынаның көбейуі.
Олар жай екіге бөлінуі арқылы, немесе автоспора түзу арқылы көбейеді. Кейде гамета арқылы жынысты көбейеді. Қынаның құрамындағы саңырауқұлақ өзіне сай спора құратын орган түзеді. Перитейий қына қабатына кіріп томпайып орналасады.
Апотеций ол қына қабатының бетінде дөңгелек астау тәрізді немесе төмпешік тәрізді өсінділер түрінде болады.
Құрамында қалталы саңырауқұлақтары бар қыналарда жыныс процессі тән.Аскомицеттерден пайда болған аскоспора маңайында өздеріне сай балдыр болса, оны орап қынаның қабатына айналады. Қыналар көбінесе вегетативтік жолмен көбейеді, бұл кезде қынаның кез келген жерінен сынып, үгіліп тускен бөліктерінен жас қына өсіп шығады. Сонымен катар денесінде пайда болатын ерекше жасушалармен де көбейеді, ол жасушалар соридиялар және изидиялар деп аталады
Сорадиялар саңырауқүлактардың жіпшелерімен оратылған балдырлардың жасушалар тобы. Бұндай жасушалар кына денесінің ішкі жағында пайда болады, осы кезде кынаның салмағы артады да кабығы кысымнан жарылып, ондағы соридиялар үзіліп, жел, жауын суының ағынымен таралып, жаңа жерде жаңа қына өсіп пшғады.
Изидиялар - кына кабаттамасының жоғарғы жағында төмпешіктер пайда болып, оның кұрамында да саңыраукүлактардың жіпшелеріне оратылған балдырлар болады, бұлар сыртынан қабықпен қапталады. Изидиялардың соридиялардан айырмашьілығы осы кабығының болуында. Төмпешік ұзарып өсіп, үзіледі де жел арқылы таралып кетеді.
Қаспак кыналар кесектері аркылы көбейеді, кейде субстратпен бірге кесектелген бөліктерімен көбейеді.
Қыналар - ыстык күндері курап, оп-оңай үзіледі, ал аздап жауын жауса болғаны, олар кайтадан жанданады. Қыналар өте баяу өседі, мысалы, бүғы мүгі-ягель бір жылда не бары 1-3 мм өседі.
Қыналар соредий және изидий деп аталатын орган арқылы вегетативті көбейеді. Соредий жапырақты, бұталы қынаға тән.
Бұталы қыналарда түзілген бірінші реттік талломдардан, екінші реттік талломдар түзіледі де, олар бұтақтанады немесе бұтақтанбауы да мүмкін. Екінші реттік бұтақтанған талломдарды подециялар деп атайды. Подециялар көбінесе кладония түрлеріне тән, олардың формалары тебен, таяқ, жоғарғы бөлігі жұмырлана кеңейген бокал пішіндес болып келеді және жиі тармақтанып бұтақтануы мүмкін. Бокал тәрізді формаларында подециялардың шеткі жақтарын жағалай жаңадан подециялар түзіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   49




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет