Жұмыстың орындалу ретi Вибраторлық стерженнiң ұшындағы шарик зерттелетiн сұйық бетiне теңестiрiп қою қажет. Вибратор шаригi кюветаның астында жатқан миллиметрлiк қағаздың центрiнде жату керек.
Қондырғыны қосу керек. Ол үшiн алдымен вибраторды автотрансформаторға қосып, сонан соң алдына автотрансформатор 120В-ке қойылғанына көз жеткiзiп, оны желiге қосу керек. Осы кезде сұйық бетiнде қозғалмайтын қараңғы және жарық сақиналар түрiнде дөңгелек капиллярлық толқындар пайда болады. Ол капиллярық толқындардың ойыстары мен өркештерi сйкес келедi.
Осы қозғалмайтын дөңгелек капиллярлық толқындарды анығырақ көру үшiн жиiлiгi 40-50Гц стробоскопты кюветаға 900 бұрышпен түсiремiз.
5-8 толқын сияқты қашықтықты бес рет өлшеймiз. –толқын ұзындығын анықтау үшiн алынған. - қашықтықты оған сиятын толқын санына бөлу керек. Термометр көмегiмен температураны анықтау керек.