«Оқушыларды өзіндік танымалдыққа, өзіндік білім алуға, дамуға жетелейтін түрлі мадификациядағы ғылыми әдістерді зерттеп сабаққа пайдалану» жаратылыстану пән бірлестігінің жылдық есебі
ӘБ: Аралбай А.М.
Мақсаты
1. «Білім берудің жаңашыл жетістіктерін пайдаланып, оқушыларға нәтижелі білім беру»
2.Оқушылардың физика, математика, информатика,биология, география, т.б. сабақтарына деген қызығушылығын ояту,өзінің және қоғамның мүддесі үшін мейлінше өзін-өзі іс жүзінде көрсете алатын жеке тұлғаны жетілдіру
3.Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер арқылы мұғалімдердің оқыту тәжірибесін одан әрі жандандыру.
0-3 жыл
Аралбай А.М.
Съезбек М.С.
Оразгалиева А.М.
Жұмабаева М.Ж.
5-20 жыл
Абибуллаев Ш.Б.
Атамбаева Г.А.
Орынбасар Ж.О
Әнесов Ғ.Ә.
Төлеген Ә.Қ.
Наурызбаева А.
Салмырза Г.Ж.
Бірлестік мүшелерінің тізімінің еңбек өтілі
2023 жылғы 18 қаңтар күні «Жаратылыстану бағытындағы пәндерді оқытуда белсенді әдістерді пайдалану негізінде оқушылардың құзіреттілігін дамыту» тақырыбындағы мектепішілік жаратылыстану пәндер бірлестігі семинары
Семинардың негізгі мақсаты инновациялық әдіс-тәсілдерді меңгеруде мұғалімнің кәсіби құзіреттілігін қалыптастыра отырып, оқушылардың пәнге қызығушылығын ояту, оқу материалы жеңіл меңгерту, кәсіптік шеберлігі мен педагогикалық біліктілігін көтеру.
Күтілетін нәтижесі қатысушы мұғалімдер жаратылыстану бағы тындағы пәндерде қолданылатын тиімді және қызықты әдіс-тәсілдермен танысады және өз ойларымен бөлісіп, тәжірибие алмасу болып табылады.
Семинарда математика, информатика, физика пәндерінен ашық сабақтар өткізілді. Үйірме сабақтарынан «RoboSpase»-робототехника сабақтары, «Логикалық математика»- сайыс сабағы, «Қызықты биология»- зертханалық жұмыстар және «Табысты оқытуда білім беру платформаларын және әдіс-тәсілдерді тиімді қолдану»атты мұғалімдер арасында тәжірибие алмасу алаңы өтті.