«Жаратылыстану» пәнінен тоқсандық жиынтық бағалау спецификациясы 5-сынып



бет1/9
Дата04.01.2023
өлшемі2,2 Mb.
#60363
  1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
СОЧ Естествознание 5кл каз




«Жаратылыстану» пәнінен тоқсандық жиынтық бағалау спецификациясы


5-сынып

Мазмұны





Мазмұны 2
1. Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мақсаты 3
2. Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мазмұнын анықтайтын құжаттар 3
3. Күтілетін нәтижелер 3
4. Ойлау дағдыларының деңгейі 3
5. Тоқсандарға ойлау дағдыларының деңгейіне байланысты тексерілетін оқу мақсатытарды бөлу 4
6. Тоқсан бойынша жиынтық бағалауды өткізу ережелері 5
7. Модерация және балл қою 5
1-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ 6
2-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ 15
3-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ 26
4-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ 33


1. Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мақсаты


Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мақсаты білім алушылардың тоқсан барысында меңгерген білім, білік және дағдыларын анықтауға бағытталған.


Жиынтық бағалау күтілетін нәтижелер жетістігін және тоқсанға жоспарланған оқу мақсаттарына жеткендігін тексереді.




2. Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мазмұнын анықтайтын құжаттар


Жаратылыстану пәні бойынша қазақ тіліндегі негізгі орта білім деңгейіндегі (5-6 сынып) оқу бағдарламасы


3. Күтілетін нәтижелер


Білу:



    • заманауи өмірдегі жаратылыстану ғылымының рөлін;

    • энергия көздерін, оның түрлерін және қолданылу салаларын;

    • химиялық және физикалық құбылыстарды;

    • заттардың жіктелуін біледі.



Түсіну:

  • физикалық және химиялық құбылыстардың адам өміріндегі маңыздылығын;

  • жердегі биокөптүрлілікті сақтаудағы Қызыл кітаптың рөлін түсінеді.



Қолдану:

  • тірі және өлі табиғаттағы объектілерді, процестер мен құбылыстарды сипаттау үшін

негізгі физикалық, химиялық, биологиялық, географиялық ұғымдар мен терминдерді;



  • тәжірибелік-эксперименттік және зерттеу жұмыстарын қауiпсiз жүргізу әдістерін қолданады.



Талдау:



  • ғылыми-жаратылыстану эксперименті нәтижесінде алынған деректерді талдайды.



Жинақтау:

  • эксперимент және зерттеулер жүргізу жоспарын жинақтайды.



Бағалау:

  • жасалған эксперименттің нәтижелерін бағалайды.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет