Жаратылыстану сауаттылығы бойынша тапсырма мысалдары
ТЕМЕКІ ШЕГУ
Темекіні сигара және трубка арқылы шегуге болады. Зерттеулердің қорытындыларына сүйенсек жылына әлемде 13500 адам темекі шеккеннен пайда болатын аурулардан өледі. Болжамдар бойынша 2020 жылы әлемдегі адам өлімінің 12% шылым шегуден болған аурулардан болады.Темекі түтінде никотин, смола, улы газ сияқты зиянды заттар бар.
Сұрақ 1: ТЕМЕКІ ШЕГУ
Темекі түтіні өкпеге тыныс алу арқылы сіңірледі. Түтін смоласы өкпеге жиналып оның дұрыс жұмыс жасауына кері әсер етеді.
Төменде берілгеннің қайсысы өкпенің қызметі болып табылады?
A. Оттегімен қаныққан қанды сіздің бойыңызға таратады
B. Сіз демалған кезде қаныңызды ауамен қамтамасыз етеді
C. Қанды өмірқышқыл газынан тазартады
D. Көмірқышқыл газ молекулаларын оттегіге айналдырады
Сұрақ 2: ТЕМЕКІ ШЕГУ
Темекі шегу өкпенің ісік ауруына және басқа да ауруларға шалдығу қауіпін жоғарылатады.
Темекі шегу төмендегі аурулардың қайсысының пайда болуына қауіпі бар?
Әр жолдан «Иә» немесе «Жоқ» жауаптарының бірін айналдыра сызыңыз.
Достарыңызбен бөлісу: |