№ 44 зертханалық жұмыс
ЖАРЫҚ ПОЛЯРИЗАЦИЯСЫН ЗЕРТТЕУ
Ж ұ м ы с т ы ң м а қ с а т ы : жазық поляризацияланған жарық үшін Малюс заңын тексеру.
Қ ұ р а л – ж а б д ы қ т а р : бұрылу бұрышын есептеу лимбі бар екі поляроид, люксметр, жарық көзі.
Ә д і с т е о р и я с ы
Максвелл теориясы бойынша жарық толқындары көлденең: жарық толқынының электр өрісі кернеулігі мен магнит өрісі кернеулігі векторлары өзара перпендикуляр (1-сурет)және толқынның таралу бағытына (сәулеге) перпендикуляр тербеледі ().
1-сурет
Біртекті ортада табиғи жарық толқындарының электр өрісі кернеулігі мен магнит өрісі кернеулігінің барлық бағыттағы тербелістері тең ықтималды (2-сурет) және барлық бағыттағы орташа интенсивтігі бірдей болады. Жарық затпен әсерлескенде айнымалы электр өрісінің әсері магнит өрісімен салыстырғанда айтарлықтай күшті, сәйкесінше, жарық векторы ретінде қабылданған.
2-сурет 3-сурет
Жарық поляризациясы – жарық векторының тербеліс бағыттары қандай да бір жолмен реттелу құбылысы.
Поляризация жазықтығы – жазық поляризацияланған толқынның жарық векторының тербеліс бағыты және осы толқынның таралу бағыты арқылы өтетін жазықтық.
Егер жарық векторы сәулеге перпендикуляр болатын бір ғана бағытта тербелетін болса, мұндай жарықты жазық немесе сызықты поляризацияланған деп атайды (3-сурет).
Поляризацияланған жарық толқындарын алу үшін арнаулы құралдар – поляроидтар қолданылады. Табиғи жарық түсіп тұрған поляроид (поляризатор Р) өзінің бас оптикалық жазықтығына параллель тербелістерді ғана өткізеді (4а-сурет). Поляризатордан өткен жазық поляризацияланған жарықтың интенсивтігі оған түскен табиғи жарық интенсивтігінің жартысына тең болады: .
Поляризатордан өткен жазық поляризацияланған жарықтың жолына екінші поляроидты (анализатор А) қойғанда, оның бас оптикалық жазықтығы поляризатордың бас жазықтығына параллель болса (4а-сурет), анализатордан өткен жарықтың интенсивтігі оған түскен жазық поляризацияланған жарықтың интенсивтігіне тең болады:
4а-сурет
Анализатордың бас жазықтығы поляризатордың бас жазықтығына перпендикуляр болғанда (4б-сурет) анализатордан жарық өтпейді:
4б-сурет
Екі поляроидтың бас оптикалық жазықтықтары өзара бұрышпен орналасқан болса (4в-сурет), анализатордан өткен жарық векторының параллель құраушысы:
Жарық толқынының интенсивтігі жарық векторының тербеліс амплитудасының квадратына пропорционал болғандықтан, анализатор-дан өткен жарық интенсивтігі:
4в-сурет
Малюс заңы:поляризатор мен анализатордан өткен жарық толқынының интенсивтігі олардың бас жазықтықтарының арасын-дағы бұрыштың косинусының квадратына пропорционал болады.
(1)
Мұндағы поляризаторға түскен табиғи жарық интенсивтігі;
– анализаторға түскен жарық интенсивтігі;
– анализатордан өткен жарық интенсивтігі.
Достарыңызбен бөлісу: |