4 Жарысқа қатысушы спортшылар мен командалар. Бұл бөлімде жарысқа қатысушы споршылар кімдер екені (ерлер, әйелдер, қыздар, ұлдар), қай жас тобына жататыны (жасөспірімдер, жастар, ересектер, үлкен жастағы адамдар), қандай спорттық дәрежедегі (разрядтағы) спортшылар қатысатыны жазылады. Командалар арасында болса, команда аттары немесе қай лигада ойнайтын командалар арасында өткізілетіні нақты жазылады.
5 Жарыстың бағдарламасы мен кестесі.Бұл бөлімде жарыстың өткізілу уақыты, сағаты, ашылу және жабылу салтанаты жазылады. Командалар арасындағы жарыс болса, жарыс кестесі, қай команда кіммен ойнайтыны көрсетіледі.
6 Жарысты жүргізу, есептеу жолы мен марапаттау.Бұл бөлімде жарыс қандай жолмен (айналмалы, шығып қалу, аралас) өткізілетіні, ұпай саны қалай есептелетіні жазылады. Мысалы: «Жарыс айналмалы жолмен жүргізіледі, ұпай саны І-ші орын алған спортшыға-10 ұпай, ІІ-ші орын алған спортшыға-8 ұпай, ІІІ-ші орын алған ойыншыға 6 ұпай т.с.с. беріледі» - деп, жазылады. Марапаттауды жазғанда жүлделі орын алған споршыларға қандай мақтау қағазын, қандай сыйлықтар берілетіні жазылады. Мысалы: «Жүлделі орын алған спортшылар І,ІІ,ІІІ дәрежелі дипломдармен, бағалы сыйлықтармен марапатталады» - деп, жазылады.
7 Сұраныс және оны беру уақыты.Бұл бөлімде сұраныс қандай түрде, жарыс басталардан неше күн бұрын берілуі керек екені жазылады. Төменде сұраныс беру түрі көрсетілген. № 4 бағанада күрес түрлеріндегі салмақ дәрежелері көрсетілді, ал жеңіл атлетика жарысы сұранысы болса жарыс жаттығулары түрлері, 100 м., ұзындыққа секіру, граната лақтыру – деп, көрсетіледі.