Әлеуметтік қатынастың объектісі ретінде тұлғаның өзін ұқсастыру процесі
1.
Ойдан шығарылған адамға өзін ұқсату
2.
Өзін белгілі бір әлеуметтік топқа ендіру
3.
Нақтылы әлеуметтік топқа, ұжымға жатамын деген сезіммен өзін соларға қосу
Адам баласының мінез-құлықтық айналасындағы адамдарының тұрмыс қалпы, іс-әрекет, қылықтарының көрінісі болып табылады. Өйткені қоғамда өмір сүрген индивид қай уақытта болса да физикалық жағынан басқа адамдармен қатынаста болады. Сол адамдар арасындағы қатынас уақыт пен кеңістік аралығында күрделі немесе көп қырлы болып келеді.
Адамдар қандай да болмасын, әлеуметтік мәртебеге ие индивидтен өзіне тиісті міндет пен нақты мінез-құлықты күтеді. Мысалы: мұғалім мәртебесі – оған дәрісті жақсы ұйымдастыру, өз пәнін жақсы білуді, тындаушыларына сұрақ қоя отырып қызықтыруды, жастар үшін тәрбиенің үлгісі болуын, жоғарғы мәдениеттілікті, т.б. талап етеді.
Әрбір тұлға қоғамда белгілі бір орынды иеленеді және нақты міндеттерді атқарады, ол үшін соған сәйкес оның құқықтары мен міндеттері, яғни, белгілі бір әлеуметтік мәртебесі болады. Әлеуметтік рөл адамның үлкен топтың өкілі ретінде қоғамдағы орны. Жеке мәртебе индивидтің шағын топтағы орнын айтады, бұл индивидті осы топ мүшелерінің бағалауы мен қабылдауына байланысты болады. Адамның - тұғалық жетілу үрдісі, сана мен өзіндік санасының бөлінбейтін компоненті ретінде қалыптасуы тұлғаның даму үрдісі. Тұлға саналы субъект ретінде қоршаған ортаны ғана емес, сонымен қатар айналасындағылармен қатынаста өзін де түсінеді. Тұлғаны өзіндік санасымен «менін» бөлмей қарастырған жөн.Сана өзіндік санадан, «мен»-нен туындамайды, керісінше өзіндік сана тұлға санасы мен оның дербес субъект ретінде даму барысында дамиды. Практикалық және теориялық іс-әрекеттің субъектісі боларда, оның «мен»-і сол үрдісте қалыптасады.