5. Жоғары оқу орнында білім алудың тұлғалық дамуға әсері
ЖОО-дағы оқу кезі екінші жасөспірімдік кезеңмен бірінші ержету кезеңімен сәйкес келеді, өйткені тұлғалық қасиеттер үдерістің қалыптасуының қиындығымен ерекшеленеді. Бұл жаста адамгершілік дамуына тән қасиет жүріс-тұрыстың саналы мотивтерінің жетілуі болып табылады. Жоғарғы сыныпта өз деңгейінде жетіспеген, қалыптаспаған қасиеттері осы кезде белгілі түрде нығая бастайды, олар мақсатына ұмтылуы, шешім шығаруы, табандылығы, бағыттылығы өзін-өзі басқаруы және дербес болуы. Әлеуметтік, моральдық құндылықтарға қызығушылығы арта бастайды (мақсаттары, өмірдің мәні, қарызы, махаббаты, сенімділігі және т.б.).Жоғары оқу орнында оқу уақыты тұлға қалыптасуының күрделілігімен ерекшеленетін жастық шақтың екінші кезеңіне немесе ересектіктің бірінші кезеңіне тұспа-тұс келеді. Мінез-құлықтың саналы мотивтерінің күшеюі осы жас шамасында адамгершілік дамуға тән сипат болып табылады. Жоғары сыныптарда толықтай жетіспеген мақсаттылық, табандылық, батылдық, дербестілік, бастамашылдық, өзін-өзі меңгеру қасиеттері нығая бастайды. Моральды проблемаларға (мақсатқа, өмір салтына, борышқа, сүйіспенші- лікке, адалдыққа және т.б.) деген қызығушылық артады.
ЖОО оқыту кезеңі – бұл студентке білімнің, іскерлік және дағдыжүйелерінің қалыптасу уақыты. Дәл осы уақытта тұлғалық қасиеттердің белсенді дамуы, даралықтың, ақыл-ойдың және адамгершілік қасиеттері жүзеге асады, адамның маман ретінде қалыптасуы жүреді. Студенттердің кәсіби әрекетті игеруі оқыту үдерісінде жүзеге асады. Оқу іс-әрекетінің толығырақ анықтамасын, Д.Б. Эльконин берген: «оқу іс-әрекеті алдымен сол оқушының өзіндегі өзгерістердің жүзеге асатын әрекеттік нәтижесі. Бұл іс-әрекеттің өзгеруі бойынша оның жемісі болып субъектінің өзінің орындау барысы болып табылады». Мұндай түсінікте оқу іс-әрекетінің пәні болып сол студенттің әлеуметтік тәжірибенің элементтерін игеру жолында құрылатын тәжірибесі анықталынады, ал жемісі – студенттің өзі және оның дамуы.
Жоғары мектептегі оқу үдерісі – мақсат мотивтерден ақпаратты қабылдаудан басталып, күрделі шығармашылық үдерістерді іске асырумен аяқталатыны мәлім. Таным үдерістері әртүрлі эмоциялық көріністерді және т.б. сипаттарды сана- лы түрде жүзеге асыратын ақыл-ой әрекеті болып табылады. Студенттердің оқу іс-әрекеті – белгілі білім көлемін меңгерумен ғана шектелмей, олар оқу үдерісінде өз бетімен еңбектеніп білім қорын дамытуға, сөйтіп еңбекке деген шығармашылық көзқарастарын қалыптастыруда да ықпал етеді.