Жас ерекшелік психологиясы



бет21/23
Дата21.12.2022
өлшемі142,18 Kb.
#58746
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23
Байланысты:
ЖЕП 51 сурак жауап

44.Даму психологиясында қолданылатын зерттеу әдістерінің жиынтығын таңдаңыз

Даму психологиясы немесе жас ерекшеліктерінің психологиясы — жеке адамның психикалық дамуын, өмір тіршілігінде қалыптасу зандылықтарын танып білуге көмектесетін психология ғылымының дербес саласы. Даму психологиясы адамның жеке басының қалыптасуы мен дамуының заңдылықтарын зерттейді, адам жасының өсуіне сәйкес психикалық даму ерекшеліктерін азаматтық қасиеттерінің кемелдену жағдайларын, өзіндік ерекшеліктеріндегі психологиялық зандылықтарымен таныстырады. Даму психологиясы психикалық дамудың қозғаушы күшін, заңдылықтарын және адамның онтогенезде қалыптасуын қарастырады.
Жас ерекшелік психологиясының зерттеу әдістерін былай топтастыруымызға болады:

  • Бақылау əдісі

  • Эксперименттік əдіс

  • Лонгитюдті əдіс

  • Психологиялық тестілеу

  • Сауалнама әдісі

  • Қызмет нәтижелерін зерттеу әдісі

  • Анкета әдісі

  • Егіздерді зерттеу әдісі

Бақылау әдісі. Бұл психологияда кең тараған. Бұл әдістің мәнісі, басқа адамның іс-әрекетін, оның мінез-құлқын, психикасын сыртқы көріністерін, қозғалысын, сөйлеген сөзін, мимикасын, оның қылықтарын жүйелі жоспарлы түрде бақылайды. Осыған орай ол адамның психикалық процестері, жай-күйі, қасиеттері жөнінде қорытынды жасайды. Бақылау әдісінің ерекшелігі, ол адамның психикалық көріністерінің табиғи сақталуын қадағалайды. Кемшілігі -бақылаушы өзі күткен көрінісін тосуға тиіс. Сонымен қатар, бақылау даму үстіндегі адамның психологиясын жүйелі талдауға мүмкіндік туғызады, сондықтан бұл бақылау әдісінің құндылығы болып табылады. Бақылау әдісі арқылы алынған фактілер өте бағалы.
Эксперименттік əдіс. Қарапайым тесттер эксперименттің алғашқылары болып табылады. Бір зерттеушіге жүргізілетін эксперимент Б.Ф. Скиннердің эксперименті. Зерттелуші белгілі бір уақыт аралығында оның мінез-құлқы, жүріс тұрысына ықпалын тигізетін ойламаған жағдайларға кірістіріледі. Əуелі жағдайға бейімделі жүреді, кейін ол жағдайларды манипуляциялауға айналады. Мінез-құлықты модификациялау проблемалы мінез-құлықтан айырып, қажеттісін қалыптастырудың ең тиімді əдістерінің бірі болып табылады. Бұл жағдайды мыналар сақталады: біріншіден, мінез-құлықтың үлгісі жазылады, оның көрсетілген базалық жағдайы анықталады; содан кейін, мадақтау немесе жазалау арқылы мінез-құлық өзгерді ме, жоқ па сол бақыланады. Экспериментатор психологтар топтық эксперимент жүргізу арқылы адамдарға тəн ортақ принципті анықтауға тырысты. Бұндай зерттеу барысында жеке тұлғалық ерекшеліктер қате түсініледі. Мысалы, ес барлық адамдарда бірдей қызмет атқарады деп болжайды. Яғни, адамдар тобына еске байланысты зерттеу жүргізеді де, алынған нəтиженің ортасын тауып, оны тест жауаптарынан алынатын ортақ балмен сəйкестендіреді. Топтық экперимент жүргізу даму жəне мінез- құлық мəселесі бойынша ақпарат алуға мүмкіндік береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет