Жас ерекшелік психологиясы



бет2/27
Дата18.10.2023
өлшемі94,59 Kb.
#118475
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27
Байланысты:
ЖАС ЕРЕКШЕЛІК ПСИХОЛОГИЯСЫ

Феминизация – ер балаға арналған костюм, онда көбіне әйел адамының киімінің бөліктері қайталанады.

  • Архаизация – дәл осы уақыттағы бала киімі үлкендердің киімінен сән үлгісі қалуда, және көбіне өткен ғасырдағы

  • Жоғарғы тап өкілдерінің балаларына, төменгі тап шаруалардың ересектерге арналған костюмді киюі.

    Ф. Ариес атап өткендей, балаларға арнайы киімдердің қалыптасуы ол қоғамдағы балаға деген қарым- қатынастың өзгеруі байқалады. Енді балалар ересектердің өмірінде маңызды орын алады.


    2 Дәріс (2 сағат). Тұлғаның даму теориялары. Психикалық дамудың заңдылықтары.
    Жоспары:

    1. Психикалық дамудың жылжымалы күштері және қайнар көздері. Дамудың табиғи алғышарттары.

    2. Психикалық дамуда тәрбиелеу мен оқытудың басты рөлі.

    3. Сензитивтік кезеңнің және жетекші іс-әрекеттің әлеуметтік жағдайының даму түсінігі.

    Отандық психологтардың айтуынша, жеке тұлға «иелену» арқылы өзінің «жан-жақтылығы» негізінде дамиды: «адамның жеке тұлға ретінде қалыптасуы қоғамдық қатынастардың маңызы зор». Психологияда жеке тұлғаның дамуы мен қалыптасуына әсер ететін сыртқы детерминация мәселесі пайда болды.
    Л.С.Выготскийдің теориясына сүйенсек, «біз өзгелер арқылы өзімізді қалыптастырамыз», «неліктен барлық ішкі қажеттіліктен жоғары формадағы сыртқы бола алады» деген сұраққа «барлық жоғарғы психиканың функциялық дамуының сыртқы кезеңі арқылы өту керек, өйткені функция ең алдымен әлеуметтік болып есептеледі. Бұл – ішкі және сыртқы мінез-құлықтың барлық мәселелерінің орталығы болып табылады». Осыған байланысты адамның қалыптасу механизмі туралы сұрақ пайда болады. Толыққанды адамның қалыптасуының психикалық механизмі әлеуметтік детерминанттарға ие болумен қатар, жеке тұлғаның құрылымы мен жағдайы, іс-әрекеттерін жасайтын үрдістер мен жүйелерден тұрады.
    Идентификация – жеке индивидтің адамзаттық жан-жақты негіздерін иелену механизмі (лат – ұқсату, теңестіру). Идентификациялық механизмдер индивидке даму, сыртқы ортамен қарым-қатынасқа түсуге және әлеуметтік жағдайға қарсы тұруға көмектеседі. Психологияда идентификацияны «бір адамды басқа адаммен, топпен, үлгімен эмоционалдық және өзгеше өзіндік ұқсату процесі» деп қарастырады.Идентификацияның екі түрі бар:

    1. интериоризациялық идентифифкация;

    2. экстрариоризациялық идентифифкация.

    1. интериоризациялық идентифифкация өзін басқадан «иелену» және «сезіндірумен» қамтамасыз етеді;

    2. экстрариоризациялық идентифифкация өзінің сезімін және мотивін басқаға тасымалдаумен (берумен) қамтамасыз етеді.

    Осы идентифифкациялық механизмдердің өзара әрекеттесуінен ғана индивидке даму, рефлексия және теңбе-тең (адекватты) әлеуметтік күту мүмкіндігін береді.
    «Иелену» идеясы, егер, адамның ішкі мәні, оның «индивидтің өзіндік іске асырылуы» жағдайына тәуелді және белсенділігі туралы диалектикалық бірліктегі идеясымен түсіндірілмесе, өзіне-өзі механикалық болуы мүмкін еді. Бұдан басқа, адам қоғамда қоғамдық жануар ретінде жекеленуі мүмкін.
    Адамдар жалпы және бір-біріне жағдай туғызады. Марксистік ой желісінде индивидтер бір-біріне физикалық және рухани тұрғыдан жағдай туғызады деп баяндалған.


    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27




    ©emirsaba.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет