Жас ғалымдар жаршысы Вестник молодых ученых



Pdf көрінісі
бет41/154
Дата06.10.2023
өлшемі1,79 Mb.
#113072
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   154
 
Орамжапырақ шыбыны 
– гүл шыбындары тұқымдасына жататын жəндік. 
Орамжапырақ пен орамжапырақ тұқымдасы өсімдіктерінің қауіпті зиянкесі. 
Көктемгі орамжапырақ шыбыны (Delіa brassіcae) жəне жазғы орамжапырақ 
шыбыны (Delіa scaralіs) деп аталатын түрлері белгілі. 
Қазақстанда шыбынның екі түрі де кең таралған. Көктемгі орамжапырақ 
шыбыны ашық сұр түсті, ұзындығы 6-6,5 мм, жылына 1-4 ұрпақ беріп өсіп-өнеді, 
сəуір-мамыр айларында ұшып шығады. 
Жұмыртқаларын өсімдіктің тамыр мойнына немесе сабақтың түбіне таяу, 
топырақ бетіне əр жерге 13-15-тен топтап салады. 
Жұмыртқадан шыққан дернəсілдер капуста тамырының бетіне немесе 
тамырына, сабағының тамырға жақын бөлігіне еніп қоректеніп, өсімдікті 
зақымдайды. 
Жазғы орамжапырақ шыбыны көктемгі шыбыннан ірілеу, ұзындығы 7,5-8 мм, 
жылына бір ұрпақ беріп өсіп-өнеді. Шыбынның ұшып шығуы маусым-шілде 
айларында басталады. Жұмыртқаларын орамжапырақ сабағына жақын топырақ 
арасына топтап салады. 
Дернəсілдері өсімдіктің тамыры мен көсеусабағын (тамыр қалдықтарын) 
зақымдайды. Зиянкестің екі түрінің де қуыршақтары топырақ ішінде қыстайды. 
Орамжапырақ шыбыныдары зақымдаған өсімдіктердің өсуі нашарлайды немесе 
тамырлары шіріп кетеді. 
Орамжапырақ шыбыны, əсіресе, көшеттерге өте қауіпті. Күресу шаралары: 
ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіргенде агротехника/агротехникалық шараларды 
дұрыс қолдану, егістікті инсектицидтермен өңдеу. 


№№4-6(71-73), сəуір-маусым, апрель-июнь, April-June, 2013
ISSN 2307-0250
 
Žas āalymdar žaršysy – Vestnik molodyh učenyh – Messenger of young scientist 
______________________________________________________________
 
 
39
 
Орамжапырақ қоңыр көбелегі 
(
Barathra brassіcae
) – түн көбелектер 
тұқымдасына жататын орамжапырақ (сондай-ақ темекі, күнбағыс, қызылша, т.б.) 
зиянкесі. Қанатын жайғандағы ұзындығы 50 мм, алдыңғы екі қанаты қоңырқай сұр 
түсті, бүршік тəрізді екі ақ дағы бар, артқылары – ашық түсті. Жұлдызқұртының 
ұзындығы 50 мм, түсі сұр жасыл, жасыл не қоңырқай. Жұлдызқұрты көпқоректі, 
көбінесе орамжапырақты зақымдайды. 
Қазақстанның батысы мен солтүстігінде, орталық жəне оңтүстік-шығысында 
көп таралған. Орамжапырақ қоңыр көбелегі қуыршақ түрінде топырақ арасында 
қыстайды. Республиканың оңтүстік жəне оңүстік-шығысында, жылына екі рет ұрпақ 
бере алатын жерлерде, көбелектері мамыр айында ұша бастайды. 
Қазақстанның солтүстігінде ол жылына бір рет қана ұрпақ береді, көбелектері 
шілде айының басында шығады. 
Көбелектер ымырт кезінде жəне түнде ұшады. Жұмыртқаларын 40-60-тан 
топтап орамжапырақ жапырақтарының астыңғы жағына салады. Жұлдызқұрттары 6-
15 күннен кейін пайда болып, жапырақтардың төменгі жұмсақ жақтарын жеп, 
өсімдік бойына тарап кетеді. 
Ересек жұлдызқұрттары қауданның ішкі қабаттарына еніп, жол салады жəне 
оларды өздерінің нəжісімен ластайды. Мұндай қаудан шіріп, жағымсыз иіс 
шығарады жəне жеуге жарамсыз болады. Күресу шаралары: агротехникалық 
шаралар, биологиялық жəне химиялық препараттарды қолдану.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   154




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет