(Д). Мультимедиялық қосымшаларды құрудың технологиясы. Мультимедиялық құрылғылар және олардың қызметі. Қазіргі заманғы мултимедиалық программалардың түрлері. |
1
|
(ЗС). Қазіргі заманғы мултимедиалық технология түрлері арқылы құжаттарды құру.
|
1
|
(ТС). Желідегі вирустардың түрлері. Вирусқа қарсы программалар.
|
1
|
15
|
(Д). Ақпараттық технологияларды мамандықтарға сәйкес үйрету. Мемлекетті басқарудағы ақпараттық технология. Электрондық үкіметтің даму кезеңдері. Электрондық үкiмет инфрақұрылымының базалық құрамдас бөлiктерiн қалыптастыру
|
1
|
(ЗС). Қазақстан Республикасының электрондық үкіметі.
|
1
|
(ТС). Ведомствоаралық және үлгiлiк ведомстволық ақпарат жүйелерiн құру және дамыту.
|
1
|
Студенттерді оқыту барысында, қолданбалы программалар пакеті және электрондық оқулықтар пайдаланылады. Пәннің күнтізбелік тақырыптық жоспары беріледі (дәріс), оқу-әдістемелік комплексі(ОӘК), СИЛЛАБУС, өзіндік жұмыстар тақырыптары, тест және емтихан сұрақтары ИНТЕРНЕТтегі бетке жазылып қойылады. Студенттер өзінше даярлану үшін компьютерге оқытушы программалар және білімін тексеруге арналған тест сұрақтарынан тұратын программа орнатылған.
Пәнді оқытуда жұмыс бағдарламасында көрсетілген «Жасанды интеллект» тақырыбын қарастыру үшін келесі ұғымдар қарастырылған.
Жасанды интеллект (искуственный интеллект) – бұл адам ойын компьютерде бейнелейтін (имитирующий) программалық жүйе.Бұндай жүйені жасау үшін белгілі бір облыста шешім қабылдайтын немесе нақтылы есептерді шешетін адамның ойлау процесін зерттеу қажет және осы процестің негізгі қадамдарын бөліп көрсетіп , оларды компьютерде іске асыратын программалық жабдықтарды жасау қажет.
Адам іс-әрекетінің негізінде ойлау қабілеті жатады.Адам ойлау процесінің соңғы нәтижесі мақсат деп аталады.Әдетте барлық белгілі фактілерді қолдану ережесі негізінде мақсатқа жетеміз.
1-Мысал:
1-ші факт.Жанып тұрған плита-ыстық.
1-ші ереже.Егер қолыңды жанып тұрған плитаға қойсаң,онда күйіп қалуға болады.
2-Мысал:
2-ші факт.Час пик кезінде көшеде машина көп.
2-ші ереже.Егер час пик кезінде жолдан өтсең , онда машина астына түсіп қалуға болады.
3-Мысал:
3а-шы факт.Тыныш , қараңғы көше қорқынышты.
3б-шы факт.Кәрі адамдар әдетте қылмыс жасамайды.
3в-шы факт.Полиция адамдарды қылмыскерлерден қорғайды.
3а-шы ереже.Егер тыныш , қараңғы көшеде кәрі адам кездессе , онда онша қорықпауға болады.
3б-шы ереже.Егер тыныш,қараңғы көшеде полицияны көрсеңіз ,онда өзінізді қорғанған адам ретінде сезінуіңізге болады.
Жасанды интеллект жұмысы екі бағытқа бөлінеді.
Сонымен бірінші бағыт адамның интеллектуальды әрекетінің өнімін қарастырады , оның құрылысын меңгереді(есептерді шешу, теоремаларды дәлелдеу ,ойындар) және бұл өнімдерді қазіргі техника көмегімен жасайды.
Жасанды интеллектінің екінші бағыты интеллектуальды іс- әрекетінің нейрофизиологиялық және психологиялық механизмі туралы мәліметтерді , дәлірек айтқанда адамның саналы іс-әрекетін қарастырады.
Жасанды интеллект
Интеллектуальды іс- әрекет нәтижелерін модельдеу . Машиналық интеллект
Биологиялық жүйелерді модельдеу. Жасанды ой жүйесі(разум)
Механизмдерді модельдеу.Нейрон тәрізді желілер
Комплекстік көз-қарас (подход) эвристикалық моделдеу
Ақпараттық процес -терді модельдеу эвристикалық прог-раммалау
Жасанды интеллектті зерттеудің бағыттары
Нейрон тәрізді желілер – робототехникалық қоңдырғыларды басқару жүйесін тұрғызудың тиімді құралы.
Шығару ережелері және ме-ханизмі көмегімен мақсатқа жету
Жасанды интеллект–бұл адам ойын компьютерде бейнелейтін программалық жүйе.Сондықтан осы жүйе ретінде Пролог программалау тілін студеттерге таныстырып және мысалдар арқылы дебес компьютерде үйрету қарастырылған.
Пролог тілінде программалағанда шешімді сипаттау біраз жеңілдетіледі, және студент есеп шешімдерін алгоритмдік тілдерде программалағандағыдай шағын қадамдарға бөліп программалау әдістерін іздестірмейді,керісінше тікелей есеппен айналысу мүмкіндігіне ие болады.
Прологтың теоретикалық негізін предикаттарды есептеу деп аталатын символдық логика бөлімі құрайды.Пролог дәстүрлі программалау тілдерінде жоқ біраз қасиеттерге ие.Бұл қасиеттер оны логикалық программалау облысында қуатты етіп көрсетеді.Мұндай қасиеттерге іздестіретін және кері қайтаратын мүмкіндігі бар шығару механизмі, үлгімен сәйкестендіретін механизмі , және мәліметтердің қарапайым бірақ оны өзгерте алатындай мүмкіндігі бар құрылымы жатады.Мәліметтер мен программалар – Пролог объектілеріне тек екі түрлі көзқараста болады.Мәліметтердің біріккен (единая) қоймасында жеке элементтерді еркін түрде жасауға және жоюға болады.Програмалар мен мәліметтер арасында айырмашылық болмайтындықтан, программаны оның жұмысы барысында да өзгертуге болады.Прологта көрсеткіштер , GO_TO және меншіктеу операторлары жоқ.Программалаудың негізгі әдісі рекурсия болып табылады.
Прологта программа жұмысы аяқталғанда (мақсат дәлелденгенде) екі жағдай ғана туындауы мүмкін: «дәлелденді» және «дәлелденген жоқ».Кейде олар сәйкесінше «ақиқат» және «жалған» деп аталады.Бірақ «ақиқат» және «жалған» терминдерін қолданбаймыз,себебі олар нәтиже мағынасын анықтайды. Дәлелденген тұжырым әдетте ақиқат болып табылады, бірақ міндетті емес , себебі дәлелдеу белгілі деректер мен олардың негізінде жасалған қорытындыларға тәуелді болады.
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
Клоксик У., Меллши . “Программирование на языке Пролог”.
Хоггер К. “Введение в логическое программирование”.
Т.Хакимова. Компьютерлік өңдеуді автоматтандыруда инновациялық технологияларды пайдалану.:Оқу құралы.-Алматы:Заң әдебиеті,2007-100б.
Достарыңызбен бөлісу: |