Жақсарту (шынықтыру + жоғары босаңдату) термиялық өңдеуі қолданылған орташа көміртекті (0,3-0,5%) қосындылы болаттарды жақсартылатын деп атайды. Шынықтыру мен жоғары босаңдатудан (500-650˚С) кейін сорбит құрылымы түзіліп, болаттар жоғары механикалық қасиеттерге ие болады. Жақсартылатын қосындылы болаттар статикалық, циклдік және соққылық жүктеме түсетін, кернеу шоғырлағышы орын алатын, ал кейбір жағдайда төменгі температурада жұмыс атқаратын машиналардың жауапты бөлшектерін және т.б. жасауға арналған.