Жасерекшеліктер физиологиясы



бет1/3
Дата14.10.2022
өлшемі25,67 Kb.
#43194
  1   2   3
Байланысты:
1 лекция

ЖАСЕРЕКШЕЛІКТЕР ФИЗИОЛОГИЯСЫ




1 дәріс. Тақырыбы: Жасерекшеліктер физиологиясы пәніне кіріспе. Балалар мен жасөспірімдердің өсу және даму заңдылықтары.
Адам ағзасы біртұтас күрделі жүйе. Жүйе элементі болып жасуша табылады. Шығу тегі, құрылысы мен атқаратын қызметі ұқсас жасушалар жиынтығы ұлпа деп аталады. Ұлпалар мүшелерді, мүшелер мүшелер жүйесін құрайды.
Жасушадан басталып, мүшелер жүйесінен аяқталатын ағзаның барлық құрылымдарының қызметі келісіп жұмыс істеп бір тұтастық принципіне бағынады. Біртұтас ағзаның қызметі қоршаған ортамен тығыз байланыста болған кезде ғана жүзеге асады. Ағза қызметінің барлық процестері ағзаның ішкі ортасының салыстырмалы тұрақтылығы сақталған жағдайда ғана жүзеге асады. Ағзаның ішкі ортасына: қан, лимфа, жасуша аралық сұйықтық жатады. Ішкі ортаның физика-химиялық қасиеттері мен химиялық құрамының тұрақтылығын сақтау қабілеттілігі гомеостаз деп аталады. Осы тұрақтылықты сақтау үшін ағзада өзін-өзі реттеу процесі үздіксіз жүріп жатады. Өзін-өзі реттеудің 2 түрі бар:1) гуморальдық реттелу; 2) жүйке арқылы реттелу.
Физиология –функциялар туралы, яғни мүшелердің, системалардың және тұтас организмнің тіршілік әрекеттері туралы ғылым. Жас ерекшелік физиологиясы организмнің әр түрлі кезеңдеріндегі тіршілік әрекеттердің өзгерістерін зерттейді. Сонымен қатар оның негізгі бағыты – баланың өсу және даму жағдайына қарай мүшелердің, мүшелер жүйесінің және біртұтас организмнің қызметін зерттеп білу.
Балалар мен жасөспірімдердің өсу мен даму жалпы заңдылықтары. Балалар мен жастардың организмі үнемі өсіп дамуда болады. Өсу – бұл анатомиялық және морфологиялық көрсеткіштердің, яғни дененің ұзындығы мен салмағының өзгеруі. Ол негізгі жасерекшелік-жыныстық белгілердің бірі болып табылады және бала организміндегі сандық өзгерістерді сиппатайды.
Организмнің негізгі үш дене көрсеткіші бар: бойы - (адамның денесінің ұзындығы), салмағы, ке у д е ш е ң б е р і н і ң өсумен қатар организмде даму жүріп жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет