Тектоникалық жер сілкінісі - литосфералық тақталардың, жер қабаттарының
қозғалысынан пайда болады.
Жанартаулы жер сілкіністер – жанартау каналы бойынша магмалардың
қозғалысынан пайда болады.
Карсттық жер сілкінісі - жердің қирауы мен үйінділернен пайда болады.
Техногенді жер сілкінісі –– суқоймаларының құрылысы, мұнайды, газды және жер
асты суларын тартып шығарудағы - адам іс-әрекетінен пайда болады.
Аумақ ықпалды салдары мен көлемі бойынша аса қауіпті болып тектоникалық жер
сілкіністер табылады.
Жер сілкінісінің күші магнитуда және белсенділікпен өлшенеді.