183
Сейсмологияда келесідей бағыт бойынша жіктеуге болатын, жүзден аса алдын ала
білдірушілерді бөледі: сейсмикалық; деформациялық; электромагниттік; геохимиялық;
гидрометеорологиялық;
биологиялық; ғарыштық және т.б.
Жоғарыда аталған, жер сілкінісін алдын ала білдірушілердің санының көптігіне
қарамастан, өкінішке орай жер сілкінісін анық болжау әдісі әлі өңделмеді.
Сондай-ақ, Қытай, Ресей, АҚШ және Греция сейсмологтары жоғары анықтылықпен
жер сілкінісін болжаудың бірнеше жағдайларын атап өткен.
Жер сілкінісін анық болжау қытай сейсмологтарына тән. Сейсмикалық жағдайдың
мониторингі келесідей ақпарат түрлерін беретін сейсмологиялық станция желісінде
шығарылады: сейсмикалық, геофизикалық, гидрогеологиялық, сейсмобиологиялық, жер
бетінің қозғалысы туралы ақпарат.
Алматы қаласында қирауға алып келетін жер сілкінісінің пайда болуы кезінде,
зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсету пункті жасақталады, құтқару жұмыстары
қалалық құтқару күштерінің құрамасымен, азаматтық қорғаныс полкілерімен жүргізіледі.
Құтқару жұмыстарының негізгі көлемін, Алматы қаласына басқа республика
аудандарынан келетін құқару күштерінің құрамасымен өткізу жоспарлануда. Сол үшін
Алматы қаласына үш күн ішінде жүз мың адам және отыз мың бірлік техникасы бар
құтқару құрамасының тобы қосылады /4/.
Жер сілкінісі қаупі кезіндегі, жер сілкінісінен кейінгі және оның пайда болуы
кезіндегі азаматтардың іс-әрекеті, халық арасында БАҚ, бүктемелер мен парақшалар
арқылы жеткізіледі.
Жер сілкінісі - қауіпті табиғи құбылыс болып табылады. Сондықтан жер сілкінісіне
әрбір адам баласының ұқыпты жеке дайындығы қажет.
Достарыңызбен бөлісу: