«жасыл көпір ұрпақтан-ұрпақҚА» ІV халықаралық студенттік форум алматы, Қазақстан, 2014 жыл, 10-11 сәуір


ҚАЗАҚСТАН АУМАҒЫНДА ЖАСЫЛ ЭНЕРГЕТИКА МЕН ЖАСЫЛ



Pdf көрінісі
бет26/160
Дата07.01.2022
өлшемі5,94 Mb.
#19056
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   160
ҚАЗАҚСТАН АУМАҒЫНДА ЖАСЫЛ ЭНЕРГЕТИКА МЕН ЖАСЫЛ 
ЭКОНОМИКАНЫ ОРНАЛАСТЫРУДЫҢ ЖОЛДАРЫ, ТӘСІЛДЕРІ 
Серғалиқызы А., Мылқайдаров Ә.Т. 
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті 
 
Адамзаттың  ертеңі  –  «Жасыл  энергия».    Астанада  өтетін  ЕХРО-2017-нің  басты 
ұраны  –  «Болашақтың  энергиясы».  Бүгінде  бұл  барлық  саналы  адамзатты  толғандырып 
отырған  көкейкесті  мәселе.    Жұмыр  жерді  мекендейтін  жеті  миллиард  адамның  күннен-
күнге  өсіп  бара  жатқан  энергетикалық  сұранысын  қанағаттандыру  планетамыздың 
болашақтағы  ең  бір  өзекті  мәселесіне  айналып  бара  жатыр.  Электр  қуатын  өндіру  үшін 
көмірсутегі  шикізатын  көптеп  пайдалану  –  ауаны  ластап,  атмосферадағы  тепе-теңдікті 
бұзды.  Сондықтан  бүгінгі  таңдағы  түйінді  мәселе  –  дәстүрлі  энергетикалық  қуат 
шикізаттарына  тиімді  балама  табу.  Қазірдің  өзінде  Қазақстанда  балама  энергия  көздерін 
дамыту  мақсатында  оннан  астам  жобалар  жүзеге  асырылуда.  Олар  негізінен  шағын 
қуаттағы қанатқақты жобалар болғанымен, «жасыл экономика» бағдарламасын дамытуда 
ерекше  серпін  беретіні  сөзсіз.  Тұңғыш  Президентіміз  Нұрсұлтан  Назарбаевтың 
бастамасымен  өмірге  келген  Астана  ЕХРО-2017-нің  басты  ұраны  –  «Болашақтың 
энергиясы»  болып  отырғандығы  да  тегін  емес.  Қазірдің  өзінде  Қазақстан  бұл  көкейкесті 
мәселе  бойынша  бірқатар  ғылыми  жаңалықтар  мен  озық  ойларды  алға  тартуда.  Әрине, 
«Болашақтың  энергиясы»  тақырыбының  ауқымы  өте  кең.  Бұл  –  негізінен  болашақта 


40 
 
адамзат игілігіне айналатын балама қуат көздерін ашу үшін жаңа технологияларды өмірге 
әкелу.  Бұл  –  жаңа  балама  қуат  көздерін  игеруге  халықаралық  қоғамдастықтың  назарын 
аудару. 
Экология  мен  энергетиканың  тығыз  байланысты  екені  даусыз.  Жылыжай  газдары 
мен  қоршаған  ортаға  теріс  әсерлі  басқа  да  жаhандық  қалдықтардың  басым  бөлігіне 
себепші – энергетикалық жүйелер.  
РИО+20  қорытынды  құжатында    «Энергетика»  тармағы  бойынша  Қазақстанның 
ұстанымы  тұрақты  дамудың  экология,  әлеуметтік  өлшем  және  экономика  сияқты  жалпы 
жұрт  таныған  негіздеріне  төртінші  негізді  энергетиканы  қосуға  дүниежүзілік 
қауымдастықтың назарын тоғыстырды. 
Жаhандық  және  ұлттық  тұрақты  даму  үшін  әсіресе,  «жасыл  экономика» 
қалыптасуының елеулі мәні бар.    
Жасыл  экономиканың  негізінде  –  таза  немесе  «жасыл»  технологиялар  жатыр. 
Мамандардың 
айтуы 
бойынша 
«жасыл» 
экономиканы 
дамыту, 
көптеген 
постиндустриалды  елдерде  өзінің  ауқымымен  қозғаған  экологиялық  дағдарысты  біздің 
елде болдырмауға мүмкіндік береді. Жаңартылған ресурстардың әлеуеті, соның ішінде тек 
желден алынатын қуаттың өзі ғана жылына шамамен 1 трлн. кВт/сағат. Бұл елдегі бүкіл 
отын  энергетиканы  тұтыну  көлемінен  25  есеге  артық.  Ал  күн  энергиясының  әлеуеті  1 
трлн.  кВт/сағат.  Шағын  СЭС-тердің  жалпы  әлеуеті  (жекелеген  қуаты  10  МВт)  8  млрд. 
кВт/сағат /1/. 
Қазақстан  қоршаған  орта  және  су  ресурстары  министрлігінің  деректеріне  сәйкес, 
2013 жылдың тоғыз айында елдің ТҚК саласының қуаты 116,8 мегаваттқа жетіп, сағатына 
435 миллион киловаттан асатын энергия өндірілген. Оның 0,65 пайызы ғана кәсіби электр 
қуатын  өндіруші  мекемелердің  үлесінде.  Қазақстанның  «жасыл»  энергетикасы  «жылына 
бір  триллион  киловатт-сағаттан  көп  энергия  өндіре  алады»  деген  сарапшылар  пікірін 
ескерсек, мұның мүлде аз екенін байқауға болады. Қазақстанның желден энергия өндіру 
әлеуеті жылына 920 миллиард киловатт-сағат деп бағаланады /2/. 
Ел алдында тұрған «жасыл экономикаға» көшу жөніндегі негізгі басым міндеттер: 
1)  ресурстарды  (су,  жер,  биологиялық  және  басқа)  пайдалану  мен  оларды  басқару 
тиімділігін көтеру; 
2) қолда бар инфрақұрылымды жаңғыртып, жаңаларын салу; 
3) қоршаған ортаға қысымды жұмсартудың рентабельдік жолы арқылы халықтың әл-
ауқаты мен қоршаған ортаның сапасын көтеру; 
4) ұлттық қауіпсіздікті, соның ішінде су қауіпсіздігін көтеру болып табылады /3/. 
«Жасыл» экономиканы дамытудың 7 негізгі бағыттары: 
• Бірінші бағыт - жаңартылатын энергия көздерін енгізу. 
Пайдалы  қазбаларды  ары  қарай  сақтау  туралы  мәселе  орасан  ауқымға  ие  болады. 
Біздің  мемлекет  табиғи  қорлары  өте  бай  ел  ретінде  танылған.  Мұнай,  газ  –  бүкіл  дүние 
жүзінде ең ірі энергетикалық қорлардың бірі ретінде сыныпталады, бірақ тіпті олардың өзі 
уақыты  келгенде  сарқылады,  демек  өмір  үшін  жаңа  ресурстар  табу  қажет.  Бұл  ретте 
Қазақстаннның  жақсы  экожүйеге,  жер  қыртысына  және  орманға  ие  болуы  айғағы  басқа 
елдер алдындағы өзінің ұстанымын айтарлықтай арттырады. 
• Екінші бағыт – тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығындағы энергия тиімділігі. 
Қалалық  тұрғын  үй  қорының  маңызды  бөлігі  кеңестік  дәуірден  кейінгі  уақытта 
салынғандықтан,  тұрғын  үй  кешендерінің  көпшілігі  тиімсіз  жылу  изоляциялық 
құрылымдармен және жылумен қамтамасыз ету жүйелерімен жабдықталған, ол маңызды 
жылу  шығындарына  алып  келеді.  Қазіргі  уақытта  Қазақстанда  жылумен  қамтамасыз  ету 
аспаптарының  жұмысының  істен  шығуы  саласындағы  іс-шараларды  жүзеге  асыратын 
энергия сервистік компаниялары әрекет етеді. 
• Үшінші бағыт – ауыл шаруашылығындағы органикалық егін шаруашылығы. 
Бірінші кезекте бағыттың аталмыш түрі әр түрлі азық қоспаларынан, синтетикалық 
тыңайту  өнімдерінен  (пестицидтерден)  бас  тартуды  қарастырады.  Дақылдық 


41 
 
өсімдіктердің шығымдылығын, өсуін қамтамасыз ету үшін органикалық тыңайтқыштарды 
пайдалану  туралы  сөз  болып  отыр.  Ауыл  шаруашылығын  «көгалдандыру»  табиғи 
қорларға  зиян  келтірместен,  халыққа  азық-түлікті  қамтамасыз  етуге  мүмкіндік  береді. 
Қазақстан мынадай бағыттар бойынша әрекет етуді жоспарлайды: 
• жердің құнарлылығын арттыру; 
• суды тиімді пайдалану; 
• өсімдіктер және жануарлар тіршілігін қадағалау; 
• фермаларды механикаландыру. 
• Төртінші бағыт – қалдықтарды басқару жүйесін жетілдіру. 
Қалдықтарды  басқару  мәселесі  ерекше  танымалдылыққа  ие  болуда.  Лас  көшелер, 
үйінділер  және  қандай  да  бір  болып  жатқанға  бақылаудың  жоқтығын  жиі  кездестіресіз. 
Қалыптасқан  жағдайларға  байланысты  қалдықтарды  өндірістік  өнімнің  қайталама  өнімі 
ретінде  пайдалану  ұсынылған.  Осылайша,  мысалы  қатты  тұрмыстық  қалдықтарды 
кешенді қайта өңдеу және балама отынды алу технологиясы Алматыда іске асырылуда. 
• Бесінші бағыт – су қорларын басқару жүйелерін жетілдіру. 
Су  адамзаттың  өмір  сүруін  және  экожүйелердің  тұтастығын  қамтамасыз  етудің 
шешуші  табиғи  құрылымы  болып  қала  береді.  Осыған  байланысты  су  қорларын  тиімді 
пайдалану орасан ауқымға ие болатын мәселе болып отыр. 
• Алтыншы бағыт – «таза» көлікті дамыту. 
Қазақстандағы  тасымалдардың  көпшілігі  дизелде,  бензинде  жүргізіледі.  Бірінші 
кезекте бұл парник газдарының жоғары шығарындыларына жағдай жасайды. Сол себепті 
газға, электрге т.б. экологиялық таза отынға көшу маңызды. 
• Жетінші бағыт – экожүйелерді сақтау және тиімді басқару. 
Осы бағыттағы қызмет басты түрде біздің елдің бірегей табиғат байлығын сақтауға 
бағытталған. «Жасыл» экономика ел үшін басымдылықтар әкеледі.   
Еліміздің  «жасыл  экономикаға»  көшу  жөніндегі  тұжырымдамасы  3  кезең  бойынша 
іске асады: 
•  Бірінші  кезең  –  2013-2020  жылдар  аралығын  қамтиды.  Бұл  кезеңде  мемлекеттің 
негізгі  басымдығы  ресурстарды  пайдалануды  оңтайландыру  және  табиғат  қорғау 
қызметінің  тиімділігін  арттыру,  сондай-ақ  «жасыл»  инфрақұрылымды  құру  жұмыстары 
қолға алынбақ. 
• Екінші, 2020-2030 жылдары қалыптасқан «жасыл» инфрақұрылым базасында суды 
тиімді  пайдалануға,  жаңартылатын  энергетика  технологияларын  дамытуды  көтермелеп, 
ынталандыруға  және  оны  кеңінен  пайдалануға,  сондай-ақ  құрылыстарды  энергия 
тиімділігінің  жоғары  стандарттарының  базасында  салуға  бағдарланған  ұлттық 
экономиканы жаңарту жұмыстары кең көлемде іске асырылмақшы. 
•  Ал  соңғы  2030-2050  жылдар  аралығын  қамтитын  үшінші  кезеңде  ұлттық 
экономиканың  табиғи  ресурстардың  жаңартылуы  мен  орнықтылығы  қағидаттарында 
пайдалануды  талап  ететін  «үшінші  өнеркәсіптік  төңкеріс»  деп  аталатын  қағидаттарға 
көше бастайды. 
«Жасыл» экономикаға ауысу бірінші кезекте тиісті ұйымдарды құрумен белгіленеді. 
Олар төмендегілер: 
• «Жасыл» бизнес академиясы. Академия жұмысының мақсаты табиғи және өзге де 
ресурстарды жинау саласындағы саясатты тұрақты дамыту үшін бағдарламалар, жобалар 
және оқыту курстарын әзірлеу болады. 
•  «Жасыл  көпір»  серіктестік  бағдарламасы.  Бағдарлама  инвестициялық  жобаларды 
іске асыру, саясаттарды реформалау жолымен жасыл бизнестің жаңа салаларын құру және 
дамыту  бойынша  мемлекеттердің,  халықаралық,  ғылыми  ұйымдардың  және  бизнестің 
бірлескен әрекеттерін болжайды. 
«Жасыл»  экономикаға  ауысу  барынша  үлкен  танымалдыққа  ие  болып  келеді  және 
ауқымды  қызығушылық  тудыруда.  «Жасыл»  экономика  бірінші  кезекте  экономикалық 
үдеріске жағдай жасайды және мыналарды қамтамасыз етеді: 


42 
 
•   ішкі жалпы өнімнің өсімі; 
•   елдің табыстарын ұлғайту; 
•  елдегі  жұмыссыздық  көрсеткіштерін  азайта  отырып,  халық  үшін  жұмыс      
орындарын құру /4/. 
Бүгінгі  күні,  ЖІӨ  бірлігіне  (долларға  3,38  килограмм)  бу  газдарының 
шығарылымының  салыстырмалы  көрсеткіші  бойынша    Қазақстан  әлемде  бірінші  орын 
алып  отыр.  Мемлекет  2020  жылға  дейін  атмосфераға  бу  газдарының  шығарылу  көлемін 
15%  қысқартуды  жоспарлап  отыр.  Сол  уақытта,  қазір  Қазақстанда  қалпына  келетін 
энергия  көздерінің  өндіріс  көлемі  0,5%  құрайды.  Қазақстандағы  қалпына  келетін  және 
альтернативті  энергия  көздерінің  қуаты  2020  жылға  ең  азы  1040  мегаватты  құрайды. 
Жоспарға  сәйкес,  ҚКЭК  электр  энергиясын  өңдеп  шығару  2014  жылға  1%  құрайды,  ал 
2020  жылға    -  3%.  Қазақстан  даму  Банкі  ақпараты  бойынша,  электр  энергетикасына 
жоспарланған инвестициялар 2011-2014 жылдарына шамамен 7 млрд. долларды құрайды, 
бұл    ЖИИД  бағдарламасы  бойынша  барлық  инвестициялардың  шамамен  11%  және 
жылына барлық ЖІӨ 1,1%-ды құрайды /5/. 
2014 жылдың басынан бастап алғаш рет 50-70 мегаваттық қуатқа ие ірі жобалар іске 
қосылуда.  Бұлар  еліміздегі  алғашқы  күн  қуатынан  энергия  өндіретін  қондырғылар  мен 
жел қондырғылары. 2011-2013 жылдары 2-3 мегаватт қуаттылыққа ие шағын қанатқақты 
жобалар іске асырылса, енді биыл 50-70 мегаваттық қуатқа ие ірі жобалар іске қосылмақ. 
Болжам  бойынша,  мұнай  құнының  жоғарылауының  кесірінен  ғаламдық  дағдарыс 
туындайды.  Ал  сол  ғаламдық  дағдарыстан  шығудың  бірден-бір  жолы  «жасыл 
экономикаға» көшу болып табылады. Күннің 45 минуттық сәулесі – 6 ватт. Электр қуатын 
береді. Сондықтан күннен энергия өндіру еліміз үшін өте тиімді. Әсіресе күннен энергия 
өндіретін қондырғыларды шөлді аймақтарда орнату керек.  
Сонымен қатар елімізде жел арзан электр энергиясын өндіру үшін пайдаланылады. 
Қазақстанның барлық өңірінде (әсіресе, жазық жерлерде) күшті желдер жиі болып тұрады, 
оның максимумы қыс айларына (40 – 45 м/с) және көктем мен күзге (20 – 35 м/с) келеді. 
Әсіресе  өте  күшті  желдер  Каспий  жағалауы  және  биік  тау  асулары  мен  аңғарларында 
байқалады.  Дүниежүзілік  желдер  жіктеліміне  Қазақстан  аумағында  тұрақты  соғатын  23 
жел  тіркелген.  Оларды  Қазақстан  бойынша  мынадай  аймақтарға  бөледі:  ашық  далада 
(Жосалы, Сілеті, т.б.); шөл және шөлейт, үлкен ашық су қоймалары төңірегінде (Каспий 
теңізі,  Балқаш,  Алакөл  көлдері,  т.б.);  тау  аңғарларында  және  тау  аралық  өңірлерде 
(«Жетісу  қақпасы»,  «Шілік  аңғары»,  «Жаңғызтөбе»,  «Қордай»,  т.б.);  орташа  биіктіктегі 
таулар  мен  қырқаларда  («Ерейментау»,  «Ұлытау»,  «Қарқаралы»,  «Мұғалжар»,  т.б.) 
соғатын желдер. Сол аймақтарға желден энергия өндіретін қондырғыларды орнату қажет.  
Қазақстанның  жел  энергиясын  дамытудағы  әлеуеті  жан-жақты  зерттеліп,  еліміздің 
кеңейтілген  жел  атласы  жасалды.  Бұл  атласқа  ұлан-ғайыр  Қазақ  даласының  жел  қуаты 
басым болатын өңірлерінің кестесі енгізілді.  
Біздің  мемлекетіміз  «жасыл»  экономикаға  ауысу  саласындағы  саясатты  белсенді 
жүргізіп  жатқанда,  біз  осы  үдерістің  бөлігі  ретінде  қазірден  бастап  «таза»  болашақты 
құруға қадамдар жасай аламыз. Сол себепті біз бүгіннен бастап  «таза» болашақты қалай 
құруға болатындығы туралы өз ойымызды жүзеге асыра аламыз. Оған кішкентай мысал, 
энергияны  үнемдеу.  «Жасыл»  экономикаға  ауысудың  маңызды  бағыттарының  бірі 
қалдықтарды  кәдеге  жарату,  сондай-ақ  оларды  қайталама  өнім  ретінде  пайдалану  болып 
табылады.  Бізде  экологиялық  жағынан  таза,  экономикалық  тұрғыда  тиімді  қуат  көзін 
дамытуға барлық мүмкіндіктер бар. Айталық, табиғи газдан энергия өндіру 2030 жылы 20 
пайызды құраса, 2050 жылдары бұл көрсеткішті 40 пайызға дейін жеткізуге болады.  
Алдағы  уақытта  ғалымдардың  пайымдауы  бойынша  біз  энергияның  мүлдем  жаңа 
түрлері –  «Enernet» немесе  «EnergyInternet»-ті пайдалануға бетбұрыс жасайтын боламыз. 
Нәтижесінде    «EnergyInternet»  немесе  «Сингулярлық  энергия»  тұжырымдамасын 
пайдалануға  көшеміз.  Осы  жаһандық  өміршең  жолда  Қазақстандық  «Болашақтың 
энергиясы»  бағдарламасы  тиімді  талқылау  алаңы  болмақ.  Халықаралық  көрмелер 


43 
 
бюросының  22  қарашадағы  шешімімен  Астана  қаласы    «ЕХРО-2017»  халықаралық 
көрмесін  өткізу  орталығы  құқығына  ие  болуына  байланысты  бұл  жаһандық  идеялар 
елордамызда  ерекше  екпінмен  жанданатын  болады.  Бұл  ретте  ұланғайыр  Қазақ 
даласындағы әлеуетті балама энергетика көзі болып саналатын күн энергетикасын дамыту 
мәселесі де маңызды орынға қойылмақ. 
Осының бәрінен туатын қорытынды – энергиялық-экологиялық саладағы, баламалы 
энергетика саласындағы практикалық қадамдар туралы қазірден бастап ойластыру керек. 
Тәжірибелік-конструкторлық,  инновациялық,  қолданбалы  тұжырымдамалар  қажет.  Бүкіл 
дүниежүзілік  арнаулы  көрмелер  нақ  осындай  мүмкіндіктер  береді.  Жоғарыда  аталған 
«жасыл  экономиканы»  орналастырудың  озық  тәсілдері  мен  жолдары  арқасында  еліміз 
баламалы энергия көздерін өндіруден көшбасшы елге айналатынына кәміл сенемін.  
 
  
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   160




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет