«жасыл көпір ұрпақтан-ұрпақҚА» ІV халықаралық студенттік форум алматы, Қазақстан, 2014 жыл, 10-11 сәуір


ПЛАСТИКАЛЫҚ ЫДЫСТАРДЫҢ ҚОРШАҒАН ОРТАҒА ЗИЯНЫМЕН



Pdf көрінісі
бет31/160
Дата07.01.2022
өлшемі5,94 Mb.
#19056
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   160
Байланысты:
ӘЛ-ФАРАБИ атындағы ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ УНИВЕРСИТЕТ имени АЛЬ-ФАРАБИ AL-FARABI KAZAKH NATIONAL UNIVERSITY (1)

ПЛАСТИКАЛЫҚ ЫДЫСТАРДЫҢ ҚОРШАҒАН ОРТАҒА ЗИЯНЫМЕН 
ЭКОНОМИКАҒА ПАЙДАСЫ 
Сапарбаев Ж.С., Тургумбаев А.А 
М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті, Орал, Қазақстан 
 
Қоқыстар  -  қатты  тұрмыстық  қалдықтар  және  біздің  үйлерімізде  күн  сайын  пайда 
болатын,  керексіздігіне  бола  біз  лақтырып  тастайтын  сыпырындылар.  Жиналған 
қоқыстардың мөлшері ұдайы өсіп келеді. Қазіргі уақытта әрбір азаматқа жылына 150 - 600 


47 
 
кг қоқыстан келеді. Қоқысты ең көп шығаратын елдер: АҚШ  (бір тұрғынға жылына 520 
кг),  Норвегия,  Испания,  Швеция,  Нидерландықтар  –  200,  280  кг,  сонымен  бірге  Мәскеу 
қаласының  өзінде  300-350  кг.  Егер  қажетті  шаралар  қолданылмаса,  онда  10-15  жылдан 
кейін  қалдықтар  жер  бетін  қалыңдығы  5  метр  қабатпен  жауып  қалатыны  немесе 
Европаның ең биік тау шыңы Эльбрустың биіктігіндей тау өсіп шығатындығы есептелген. 
Тұрмыстық қатты қалдықтарды (ТҚҚ) жою және қалалық аймақтардың ластануы әсіресе 
саны  1  млн-нан  астам    тұрғыны  бар    ірі  қалаларда  (мегаполистерде)  бірден-бір  мәселе 
болып отыр. ТҚҚ «өндірісінің» бір адамға орта шамасы 1м3/жыл (көлем бойынша) немесе 
200 кг/жыл масса бойынша. Көптеген тұрмыстық,  өнеркәсіптік, радиоактивті  қалдықтар, 
сонымен қатар құрылыс материалдарымен және пайдалы қазбалар өндірумен байланысты 
қалдықтар  оларды  пайдаланудың  ерекше  схемасын  жасап  шығаруға  әсер  етті  –  ол  ТҚҚ 
сақтау полигондарын жасау. Фазалық жағдайы бойынша қалдықтар қатты, сұйық  немесе  
газ  тәрізді  фазалардың  қоспасы  болып  бөлінеді.  Тұрмыстық  қатты  қалдықтар  құрамы 
бойынша әртүрлі: тағам қалдықтары, қағаз, металл сынықтары, резина, шыны, ағаш, мата, 
синтетикалық  заттар.  ТҚҚ  талдауының  көрсетуінше  олардың  негізгі  массасы  
органикалық  компоненттерден  тұрады  (80%-ға  дейін).  Тағам  қалдықтары  құстарды, 
кеміргіштерді,  жануарларды  жинайды.  Ал  олардың  өліктері  ауру  микроағзалардың  көзі 
болып табылады. Атмосфералық тұнбалар, күн жылуы, қоқсықтардың жылынуы және өрт 
салдарынан пайда болатын  жылу (сонымен қатар жерасты) ТҚҚ полигондарында физико-
химиялық және биохимиялық үрдістердің жүруіне әсерін тигізеді. Олардың өнімі - сұйық, 
қатты және газ тәрізді көптеген улы химиялық қосылыстары. Сақтау үрдісінде қалдықтар 
басқа физико-химиялық және улы қасиеттері бар заттарға айналуға икемді. Бұл қалдықтар 
сақтау  полигондарында  жаңа  экологоиялық  қауіпті  заттардың  пайда  болуына  әсерін 
тигізеді. Бұл биосфераға және адамзат өміріне үлкен  қауіп төндіреді. ТҚҚ-дың қоршаған 
ортаға  биогендік  әсерінің  нәтижесінде  жәндіктердің,  құстардың,  кеміргіштердің, 
сүтқоректенушілердің,  микроағзалардың  көбеюіне  қажетті  жағдай  туғызады.  Бұл 
бактериялар  мен  вирустардың  үлкен  қашықтықтарға  таралуына  әсер  етеді.  Сұйық 
өнеркәсіптік  және  тұрмыстық  қалдықтар  аса  үлкен  қауіп  төндіреді.  Олар  топырақ  және 
өсімдік  қабатына  зиян  тигізе  отырып  жерасты  суларына  және  гидрографиялық  желіге 
енетін түрлі улы заттар және қосылыстардың жоғары концентрацияларымен сипатталады. 
Жүргізілген  зерттеулердің  нәтижесі  бойынша  ТҚҚ  полигондарының  айналасында 
жерасты  және  жерүсті  суларының  поликомпонентті  ластануының,  қоқыс    астынан 
шығатын  жоғары  температуралы  (шамамен  40-50
0
С)  улы  фильтраты  бар  басқа  табиғи 
орталардың  динамикалық  ареалдар  аймақтары  қалыптасуда.  Фильтраттың  жоғары 
температурасы  қалдықтарда  жүріп  жататын  экзотермиялық  химиялық  реакциялармен 
анықталады.  Сондықтан  бұл  лас  ағымдарды  түрлі  геохимиялық  тосқауылдармен 
(қышқылдандырып  қалпына  келтіретін,  сорбциялық,),  гидродинамикалық  қақпанмен 
(ағынсыз  су  қоймалары,  көлдер,  жайылмалар,  батпақтар).  Бірақ  бұл  қондырғылар  бұл 
аудандағы жерасты суларын іріктеумен байланысты депрессиялық воронканың болмауын 
ескеріп,    жер  суларының  ластанбауын  қамтамасыз  ету  керек.  Жерасты  гидросферасы 
ластануының  аса  жайылған  «тілдері»  терең  эррозиялық  ойлымы  бар  жоғарғы  суағарлар 
бойында  байқалады.    Мысалы,    Донбасс  опырылымдарынан  жаңбыр  суларымен  селен, 
кобальт, мыс алынатыны анықталған.  
Осыдан  50  жыл  бұрын  ғана  түтіндеген  мұржалар  мемлекеттің  экономикалық  өсуі 
мен  адамның  әл-ауқатын  бейнелейтін.  Қазір  енді  олар  ауа  құрамы  өзгеруіне  әсер  ететін 
атмосфера  ластануы  адам  денсаулығына  аса  үлкен  қауіп  төндіретінін  ескертеді.  Бізге 
химия комбинаты қажетті өнімді шығарып ғана қоймай, өзі орналасқан жердегі өзен суын 
уламайтынын  білу  маңызды  болып  отыр.  10-15  жыл  бұрын  әлемдік  баспасөз  Сингапур, 
Оңтүстік  Корея,  Тайвань  және  Оңтүстік-Шығыс  Азияның  басқа  елдері  сияқты  «жас 
азиялық  айдаһарлар»  экономикасының  қарқынды  дамуы  туралы  сүйеніш  және 
қызғанышпен жазды. Ал қазір  осы туралы кейістікпен айтылатын болды. Өйткені,  әр 12 
жыл  сайын  «айдаһарлар»  -  елдерінде  қуатты  тұтыну  көлемі  өсіп  отыр.  Ол  тропикалық 


48 
 
ормандардың  құруына  әкеліп,  халық  денсаулығын  бүлдіріп  отыр.    Бүкіл  әлемдік  банк 
есептеуі  бойынша  2014  жылға  қарай  Азия  елдері  Жер  атмосферасына  күкірт  ангидридін 
Еуропа  мен  Американы  қосқандағыдан  да  көп  лақтыратын  болады.  Әр  жеті  жыл  сайын 
Азия елдеріндегі автокөліктер саны өсуде, ал бұл жерлерде қолданылатын бензин-дизель 
отыны дүние жүзіндегі ең «лас» болып табылады. Азия елдерінің өздері сыртқы тиімділік 
құрбаны  болып  отыр.  Бір  Гангкоктың  өзінде  қоршаған  ортаның  ластануы  тудырған 
аурулардан  болған  зиян  миллиардтаған  доллармен  есептеліп  отыр.  Адам  қызметінің 
сыртқы  тиімділігі  шаң,  көмір  қышқыл  газы,  метан  мен  басқа  заттардың  атмосферада 
жинақталуына  әкеледі. Шаң мен газ қосындысы көшетхана үстіндегі полиэтилен қабығы 
сияқты топырақ үстіне келе жатқан күн сәулесін жақсы өткізеді, бірақ топырақтан шыққан 
жылуды  ұстап  қалады.  Сөйтіп  қабық  астында  жылы  микроклимат  құралады.  Әрі  Жер 
климатының жылынуына әкеледі. Соңғы 100 жылда Жердегі жылдық орташа температура 
шамамен  1
0
С  артты.  Жер  тұрғындары  үшін  соңғы  10  жыл  әсіресе  ыстық  болды,  яғни 
температура  орта  есеппен  3\4  градусқа  көтерілді.  Бұл  табиғаттағы  тепе  -  теңдікті  бұзуға 
жеткілікті  деп  санауға  болады.  Климат  жылынуы  мұздықтардың  еруіне  және  әлемдік 
мұхиттағы су деңгейінің көтерілуіне әкелді. Жерде боран, найзағай, сел мен құйындар жиі 
бола бастады. Мысалы, Канадада соңғы 20 жылда дауыл 5 рет, ал  Италияда су тасқыны 
екі  рет  жиі  болған.  Тіпті,  біздің  Қазақстанның  өзінде  де  климаттық  ауытқулар  жиі 
кездесетін  болып  отыр.  Мысалы,  биылғы  Ақтау  қаласына  жауған  қар,  сонау  Шығыс 
Қазақстан  өңіріндегі  күні  бүгінге  дейін  толастамай  тұрған  қарлы  боран  мен  Оңтүстік 
аймақтардағы су тасқыны т.б. Ғалымдардың жорамалы бойынша жауын-шашын өсуі және 
мұздардың  еруіне  байланысты  ХХІ  ғасырдың  аяғында  теңіз  деңгейі  1  метрге,  ал 
температура  8  градусқа  өседі.  Ауыл  шаруашылығына  жарамды  көп  жерлер  су  астында 
қалады.  Көптеген  аймақтарда  тұщы  су  проблемалары  туады.  Осының  бәрі  азық-түліктің 
қымбаттауына  әкеледі.  Жер  климатының  жақын  арадағы  өзгеруі  жабайы  жануарлардың 
барлық  түрлерінің  45  пайызының  жойылуына  әкеледі.    Әсіресе,  Скандинавия  елдері, 
Ресей, Канада, Қырғызстан зардап шегуі мүмкін. Бұл жерлердегі хайуанаттар дүниесі мен 
өсімдіктер әлемінің әр 10 түрінің 7-і жоқ болады. Ал бұнымен күресу үшін мол қаражат 
керек. Әр нәрсенің екі жағы бар сияқты, климат жылуы адамзатқа көп зіл-залалар әкелсе 
де  бұл  жерден  де  экономика  үшін  пайдалы  нәрсе  табуға  болады.  Өйткені,  жылы  күндер 
көбейіп,  жылу  мен  қуатты  тұтынуға  жұмсалатын  шығындар  азаяды.  Климаттық 
шекаралар солтүстікке қарай 200-300 километрге жылжиды. Бұл ауыл шаруашылығында 
жаңа жерлерді пайдалануға мүмкіндік береді. Осындай климаттың жылынуының екі жағы 
болғанына қарамастан, жер бетіндегі әр түрлі елдер планетамыздың жылыну проблемасын 
шешудің  түрлі  жолдарын  ұсынуда.  Батыс  Еуропа  мен  Америка  көмір  қышқыл  газын 
лақтыруды  төмендетуге  шақырады.  Индия  атмосфераны    ластауға  өз  қатысы  шағын  деп 
есептеп,  басқа  лақтыру  нормасынан  асқандардан  ақша  алуды  және  оларды  экологиялық 
таза    зауыттар  құрылысына  жұмсауды  ұсынады.  Осыларға  қарамастан,  әлемнің  түкпір-
түкпірінде  көптеген экологиялық проблемаларды шешуге бағытталған жұмыстарда жүріп 
жатыр. 
Дамыған елдерде «ластаушы төлейді» принципі әрекет етеді. Мемлекет өнеркәсіптік  
қалдықтардың  рұқсат  етілген  нормасын  орнатады,  ал  бұл  нормадан  артып  кетуге  жол 
берген  өндірушілер  ірі  ақшалай  айыптар  төлеуге  міндетті.  Бұл  ақшалар  табиғатты 
қорғауға  жұмсалады.  Бірақ  бәрі  заңда  жазылғандай  болса  ғой!  Онда  табиғатқа  барлық 
шығындары  қайтарылып  беріліп,  табиғи  ресурстарды  қалпына  келтіру  жөнінде  шаралар 
жүргізілер  еді.  Өкінішке  орай,  іс  жүзінде  табиғатты  қорғайтын  заңдардың  талаптары  өз 
елінің табиғатына қатысты орындалмайды.  
Қазақстан  жылына  орта  есеппен  1  шаршы  километр  аумаққа  бар-жоғы  30  мың 
кубометр  шамасындағы  сумен  қамтамасыз  етіледі.  Бұл  Украинамен  салыстырғанда  4, 
Ресеймен  салыстырғанда  3  есеге  аз.  Сонымен  бірге  ласталған  ағынды  суды  лақтыру 
көлемі  жылына  орта  есеппен  160  млн.  текше  метр  болады.  Қазақстан  аумағында  85  022 
өзен  ағады,  34,5  мың  көл  бар,  ал  олардың  алаңы  100  шаршы  километрден  асатыны  -  23 


49 
 
қана. Сондықтан, су – республикадағы ең тапшы ресурстардың бірі. Оның жетіспеушілігі 
ірі  қалалар,  өнеркәсіптік  аудандар,  ауыл  шаруашылығында  жақсы  сезіледі.  Су  аздығын, 
басқа  өңірлерді  былай  қойғанда,  Қазақстанның  оңтүстігіндегі  күріш,  мақтамен  қатар 
Байқоңырда  сезініп  отыр.  Қала  мен  ғарышжайды  қамтамасыз  ететін  Сырдариядағы  су 
деңгейі  қиын  жағдайда.  Біріншіден,  қосымша  насос  станцияларын  қою  үшін  қыруар 
қаражат  керек  болса,  екіші  жағынан,  басы  бір,  ортасы  екінші,  құйылысы  үшінші  елде 
жатқан  өзен  болғандықтан  бір-біріне  зиян  келтірмей  суды  пайдалану  жөнінде 
мемлекеттердің  келісімге  келуі,  өте  маңызды.  Бір  жағынан  су  жетпей  жатса,  екінші 
жағынан  Семей  өңіріндегі  таспалы  қарағай  орманы  жойылып  шөлге  айналуда.  Жер 
бетінде  мұндай  таспалы  орман  екі  жерде  бар.  Ол  бізде  –  Қазақстанда  және  Канадада. 
Канада  оны  көзінің  қарашығындай  қорғайды,  ал  бізде  ерекше  орман  жауыздықпен 
жойылуда.  Бүгінгі  таңда  655  мың  гектар  орманның  жалпы  алаңының  10  гектары 
жойылған. Мысалы, 2010 жылдың жеті айында 3259 вагон ағаш әкетілген, яғни ай сайын 
23 текше метр орман тиеліп отырған. Ал орманды қалпына келтіру жұмыстары іс жүзінде 
жүргізілмеген. Оның үстіне Семей ядролық полигондағы сынаққа байланысты радиацияға 
шалдыққан аймақ. Орманды құртып, адамдар табиғаттың табиғи санитарынан айырылды. 
Көптеген аңдар мен құстар мекенсіз қалды.  Жер ағаш астында құралатын және пайдалы 
шөптерге  өмір  беретін  құнарлы  қабатын  жоғалтады.  Соңғы  жылдары  қатты  таязданған 
Ертіс  өзені  табиғи  қорғанышсыз  қалып,  оны  құмды  борандар  басып,  айнала  тіршіліксіз 
шөлге айналуда. Әрине, соңғы уақыттарда ондайға жол бермеу шаралары қолға алынуда, 
бірақ проблема жойыла қойған жоқ. Қазақстанның барлық өңірінде де жергілікті шешімін 
таба  алмай  келе  жатқан  өзекті  экологиялық  мәселелер  бар  екені  белгілі  бола  тұрса  да, 
соның ішіндегі тек барлық өңірге емес, барлық өңірдің қаласы мен елді мекендеріне ортақ 
нағыз шешімін табу керек экологиялық мәселе бар. Ол қайда барсаңда алдыңнан шығатын 
көшелер мен қалалардың, тіпті ауылдардың да сәнін кетіретін -  қоқыстар мен көк майса 
талдары  жоқ  көшелері.  Осындай  экологиялық  Маңғыстау  өңіріндегі  жаңадан  ашылған 
Мұнайлы ауданында бар. Мұнайлы ауданы бірнеше ауылдық округтерді біріктіреді. 
Мұқият  қарап  көрсек,  көптеген  елді  мекендері  экологиясы  өте  төмен  жерлерге 
жақын орналасқан. Мысалы, Басқұдық ауылы «Ақшұқыр» өлі көліне, Қызыл-төбе ауылы 
бұрынғы  уран  карьеріне,  Маңғыстау  -  3  және  Маңғыстау  -  5  елді  мекендері  күкірт 
зауытына жақын орналасқан. Бұл аймақтарда ол жерлерді залалсыздандыру бағытындағы 
жұмыстар өкімет тарапынан жүріп жатырғанын кейбір ақпараттардан  көріп, оқып жүрміз. 
Маңғыстау ауылындағы адам денсаулығына кері әсер ететін экологиялық құбылыстарды 
зерттеп,  оларды  түпкілікті  жойып  жібермегенмен,  адамдардың  өмірін  жақсартуға  үлкен 
себебі  болады  деген  оймен,  олардың  санын  азайту  арқылы  адамдардың  денсаулығының 
жақсы  болуына  көмектесуді  мақсат  етуіміз  қажет.    Ауылдағы  адам  денсаулығына  кері 
әсер ететін экологиялық құбылыстардан екі жағдайды бар. Олар:  
1. Жұқпалы ішек ауруларының ошағы және тыныс алу жолдарының ауруына бірден-
бір себеп болатын ауылдар арасындағы қоқыстар. 
2.  Шаң-тозаң  мен  ыстықтан  қорғайтын  және  ауаны  тазартатын  ауылды 
көгалдандыру мәселесі. 
Бірінші  мәселе  бойынша  зерттегенде  қоқыстардың  негізгі  бөлігін  әр  түрлі 
сусындардың  пластикалық  ыдыстары  мен  қағаз  қораптар  құрайтынын  байқадық.  Қазіргі 
таңда  оларды  көбінесе  қоқыс  жәшіктерінде  өртеу  арқылы  жояды.  Ал  оларды  өртеген 
кездегі жағымсыз иістері мен түтіннің адам денсаулығына, әсіресе тыныс алу жолдарына 
кері әсері бар екенін көпшілік халық біліп жатқан жоқ. Осыларды ескере отырып, ондай 
қоқыстардың санын көбейтетін бос қораптар мен пластикалық ыдыстарды пайдаға жарату 
жолдарын  ойлап,  тіпті  кейбіреулерін  қазірден  бастап  жүзеге  асыра  да  бастадық.  Менің 
ұсынысым қағаз қораптардан үйірмелерде әр түрлі заманға сай үйлердің макеттерін жасау, 
үлкен,  әрі  жалпақтау  қораптарға  аулаларға  отырғызуға  болатын  көк  майса  шөптерді 
(газон) өсіріп, кейін оларды қажетті жерлерге отырғызу. Ал пластикалық ыдыстардан да 
әр түрлі нәрселер, көрнекіліктер, үй тұрмысына қолданатын бұйымдар, қоршаған ортаны 


50 
 
қорғауға  қажетті  нәрселер  жасауға,  мысалы:  пластикалық  ыдыстардан  құстарға  қысты 
күні өте қажет жем салғыштар жасасақ, ыстық жазды күндері су ішетін құралдар жасаса 
жасөспірімдер арасында бұндай шара таптырмас пайда болар еді.   
Екінші  мәселе  бойынша,  ауданның  елді  мекендерінде,  әр  жылы  көшелер  мен 
аулаларға отырғызылатын жас тал ағаштарының оларға жұмсалып жатқан шығындардың 
көптігіне қарамастан, жартысына жуығы тамыр тартып өсіп кете алмай жатқаны белгілі. 
Атап айтатын болсақ, 2008 жылдың көктем айында аудан бойынша егілген 1941 жас тас 
көшеттерінің тамыр тартып өскені 587 болса, өспей қурап қалғаны 872 түп ағаш. Соның 
ішінде, Маңғыстау ауылы бойынша 886 түп ағаш отырызылған екен, бірақ өскені 220, ал 
өспей қалғаны 666 түп ағаш. Бұған оларға кеткен ауыз судың көлемін қосса, яғни күніне 
3,6  метр  кубтық  су  таситын  автокөліктермен  20  рейс  қатынағанда,  орта  есеппен  айына 
аудан  бойынша  шамамен  1800000  литр  су  кетсе,  соның  ішінде  Маңғыстау  ауылы 
бойынша айына 720 000 литр ауыз су кетеді екен. («Мұнайлы» газеті, 2009 ж.) 
Міне,    осыларды    ескере  отырып,    қоқыстардың  көп  бөлігін  құрайтын  әр  түрлі 
сусындардың  босаған  ыдыстарын  пайдаға  жарату  арқылы  екі  бірдей  мәселенің  шешімін 
табуға  болатынын  білдік.  Толырақ  айтқанда,  мысалы:  5  литрлік  босаған  пластикалық 
ыдыстарды  пайдаланып  және  тамшылап  суару  әдісі  бойынша  жас  отырғызылған 
талдардың  тамырларына  қажетті  ылғалды  жеткізу  жолын  таптық.  Оның  артықшылығы 
соншалық,  қандай  ыстық  аптапты  ауа  немесе  аптапты  жел  болмасын  жас  талдардың 
тамырларына  қажетті  ылғалды  бере  алатындығында  екені.  Екіншіден,  әр  талға  кем 
дегенде 20 литр су кетіп жүрсе,  біздің жоба бойынша әр талға 5 немесе 10 литр судың өзі 
жеткілікті  болады.  Бұл  жерде  тек  су  үнемделіп,  талдардың  тамыр  тартып  өсіп  кетуімен 
шектеліп  қалмайды.  Сонымен  бірге,  су  таситын  автокөліктерге  де  кететін  шығындар  да 
азаяды,  яғни  «бір  оқпен  екі  қоян  атуға  болады».  Осы  ұсыныстың  арқасында  қоршаған 
ортаның адам өміріне кері әсері азайып, аудан мен ауылдардың экологиялық жағдайы да 
жақсарар еді. Өйткені, осы ұсыныстың нәтижесінде, қоқыстар саны азайып, жұқпалы ішек 
аурулары  мен  тыныс  алу  жолдарының  ауыруларының  да  санының  азаюына  мүмкіндік 
болар еді.   
Ал  жасыл  талдардың  көбеюі  тек  ауадағы  оттектің  көлемін  арттырып,  көмір 
қышқылы газын азайтып қоймай, шаң-тозаңға тосқауыл болып және аптапты ыстық кезде 
көлеңке  болып,  көше  мен  ауланың  сәніне  де  айналар  еді.  Сол  сияқты  аулаларға  егілген 
жеміс ағаштары да адам денсаулығына өте қажет әр түрлі дәрумендердің көзіне айналары 
сөзсіз болар еді.   
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   160




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет