Кесте. Автокөлік қозғалтқышының пайдаланылған газдарының құрамы
Компоненттер
Өлшем
бірлігі
Компоненттер концентрациясының
шектері
Бензиндік
Дизельдік
159
Азот, N
% көлемі
74…77
76…78
Оттегі , O
2
0,2…8,0
2…18
Су булары, Н
2
О
3,0…13,5
0,5…10,0
Көміртек екі оксиді, СО
2
5,0…12,0
1…12,0
Көмірсутектер,
СН (суммарлық)
0,2…3,0
0,01…0,50
Көміртек оксиді, СО
0,1…10,0
0,01…0,30
Азот оксиді, NO
x
0,0…0,6
0,005…0,200
Альдегидтер
0,0…0,2
0,0…0,06
Күкірт оксидтері (сумм.)
мг/м
3
0,0…0,003
0,0…0,015
Күйе
0,0…100
0,0…20000
Көлік түтіні құрамында бензинге қосылатын тетраэтил-қорғасынның жануынан
бейорганикалық қорғасын да бөлінеді. 1 литр бензин құрамында 1 гр тетраэтилқорғасын
болады. Бензиннің құрамына тетраэтилқорғасынды антидетонатор ретінде қосады.
Тетраэтилқорғасынның жануы кезінде бөлінген қорғасын қосылыстары бүкіл планета
атмосферасына таралады. Соңғы 100 жыл ішінде Гренландия мұздықтарында
қорғасынның мөлшері 5 есе, ал судағы еріген қосылыстарының мөлшері соңғы 20 жылда
мұхитта 10 есеге көбейген. Атмосфераға бөлінетін қорғасыннын 86% автокөліктерден
бөлінеді.
Уытты заттардың рұқсат етілген концентрациялары
Зат
Құрамы, мг/м
3
Азот оксидтері
NO
0,06
NO
x
0,1
Қорғасын қосылыстары
Pb
0,0003
Pb(NO
3
)
2
0,0003
Күкірт оксиді,
SO
2
0,2
Көміртек оксиді
СО
3
Көміртек, (күйе)
0,05
Бенз (а) пирен,
С
20
Н
12
0,000001
Автотранспорттың адам денсаулығына әсері
Атмосфера ластануына халықтың сезімталдығы көптеген факторларға байланысты,
соның ішінде жасы, жынысы, денсаулықтың жалпы жағдайына, тамақтануы, т.б.
атмосфералық ауа құрамы мен оның автокөліктен шығатын зиянды заттардан ластануы
өзекті болып отыр.
Адамның тыныс жолдары ауаны ластағыштардың әсерінен ағзаны қорғауға
көмектесетін механизмдер қатарына ие. Мұрындағы тіндер ірі бөлшектерді сүзіп алады.
Тыныс алу жолының жоғарғы бөлігіндегі жабысқақ сілекейлі қабығы ұсақ бөлшектерді
ұстап қалады және кейбір газды ластағыштарды ерітеді. Еріксіз түшкіру мен жөтелу
тыныс алу жүйесінің тітіркенуі кезінде ластанған ауа мен шырышты жояды.
Адам денсаулығы үшін ұсақ бөлшектер анағұрлым қауіп тудырады, себебі олар
өкпеге табиғи қорғаныс қабаты арқылы өтіп кетуге қабілетті. Озонды ішке жұтып алу
жөтел, демікпе тудыртады, өкпе ұлпаларын зақымдайды және иммундық жүйесін
әлсіретеді.
Халық денсаулығына әсер ететін ауа ластаушылары мыналар:
160
Күкіртті ангидрид. Жоғарғы тыныс жолдарының сілекейлі қабығына апатты ықпал
көрсетеді, бронхиалды тығындалып қалуды тудырады. 500 мкт/м
3
бастап бронхитпен
ауыратындарда асқынулар байқалады, 200 мкт/м
3
демікпесі бар адамдарда аурулары ұстап
қалады.
Азот оксидтері. Азот диоксиді мен фотохимиялық туындылары дизельді
қозғалтқыштарды жұмыс процестері мен мұнайхимиялық өндірістің жанама өнімдері
болып табылады. Өкпе мен көру органдарына ықпал тигізеді. 150 мкт/м
3
бастап, ұзақ әсер
еткенде, тыныс алу жолдарының бұзылуы болады. Азот оксидтері көз бен мұрынның
сілекейлі қабығын тітіркендіреді, өкпені бұзады. Тыныс жолдарында азот оксидтері сол
жердегі ылғалмен әрекеттеседі. Азот оксидтері озон қабатының бұзылуына септігін
тигізеді.
СО қарағанда, NO
x
уыттылығы 10 есеге көп, есірткі секілді әрекет етеді. Ауадағы
NO
x
нормасы - 0,1 мг/м
3
.
Озон.
Күн
радиациясы
әсерінен
көмірсутектер
мен
азот
оксидтері
концентрациясының артуы фотохимиялық смогты (озон, ПАН және т.б.) тудырады.
Табиғатта озонның фондық концентрациясы 20 — 40 мкт/м
3
. 200 мкт/м
3
кезінде адам
ағзасына айқын жағымсыз әсері байқалады.
Достарыңызбен бөлісу: |