«жасыл көпір ұрпақтан-ұрпақҚА» ІV халықаралық студенттік форум алматы, Қазақстан, 2014 жыл, 10-11 сәуір



Pdf көрінісі
бет112/160
Дата07.01.2022
өлшемі5,94 Mb.
#19056
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   160
Байланысты:
ӘЛ-ФАРАБИ атындағы ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ УНИВЕРСИТЕТ имени АЛЬ-ФАРАБИ AL-FARABI KAZAKH NATIONAL UNIVERSITY (1)

Көміртек  моноксиді.  Ауа  жетіспеуі  кезінде  жанармайды  жаққанда,  CO  автокөлік 
қозғалтқышының  жұмысы  процесінде  генерирленеді.  Гемоглабинмен  (НЬ)  қосылып, 
қанның  оттегімен  қанығуына  кедергі  келтіріп,  жұтылған  ауамен  бірге  қанға  өтеді, 
сәйкесінше,  ұлпалар,  бұлшық  еттер,  ми  да  зақымдалады.  20  —  40  мкт/м
3
 концентрация 
кезінде  1  сағат  көлемінде  НСО  2  —  3%  артады,  бұл  кеңістікте  бейімделудің, 
реакциялардың, көру қабілетінің төмендеуіне әкеледі. СО жүйке жүйесінің бұзылуын,  бас 
ауруы, арықтау, құсуға алып келеді. 
Автокөлік    қалдықтарымен  біре  атмосфералық  ауаға  келіп  түсетін  альдегидтердің 
негізгі  өкілдері  –  формальдегид  және  акролеин.  Формальдегид  әрекеті  жүйке  жүйесіне 
қатысы  бойынша  тітіркендіргіш  әсермен  сипатталады.  Ол  ішкі  ағзаларды  зақымдайды, 
цитоплазмалық  және  ядролық  синтезді  жаншу  жолымен  жасушадағы  зат  алмасу 
процестерін бұзады.  
Жасуша  деңгейінде  фотооксиданттардың  биологиялық  әрекеті  (формальдегид  және 
азот  диоксиді,  озон  қоспасы)  биологиялық  әсері  радиация  әрекетіне  ұқсас,  яғни 
жасушалық зақымданулардың тізбекті реакциясын тудыртады. 
Көмірсутектер  (С
x
Н
y
)  жағымсыз  иістерге  ие.  С
x
Н
y
 көздер,  мұрынды  тітіркендіреді  
және  флора мен фауна үшін өте зиянды. Бензин буынан келетін. С
x
Н
y
  уытты, күніне 1,5 
мг/м
3
  жол беріледі. 
Қорғасын  оксидтері  жануар  және  өсімдік  азығы  арқылы  түсіп,  адам  ағзасында 
жинала  береді.  Қорғасын  және  оның  қосылыстары  адам  денсаулығына  сезілетін  зиян  
келтіруге  қабілетті  уыттылығы  жоғары  заттардың  класына  жатады.  Қорғасын 
интеллекттің төмендеуіне әкелетін жүйке жүйесіне ықпал етеді, сонымен қатар физикалық 
белсенділіктің,  координацияның,  есту  қабілетінің  өзгерістері  туындайды,  жүрек 
ауруларына әкеле отырып, жүрек-тамыр жүйесіне әсер етеді.  
Автокөліктермен шығарылатын зиянды заттарды азайту жолдары 
Жүзеге асырылған газдармен бөлінетін құрамында көміртегі бар қосылыстар көлемі 
мен жанармай шығыны арасында белгілі бір байланыс бар. Жанармай шығыны неғұрлым 
аз болса, соғұрлым жүзеге асырылған газдармен бірге зиянды заттар аз тасталады.   
АҚШ-та  зиянды  заттардың  шекті  рұқсат  етілген  тасталымдарын  орнататын  заңмен 
бірге,  1978  ж.  жанармайды  шамалап  пайдалану  туралы  заң  қабылданды,  ол  бойынша 
жеңіл  автокөліктер  үшін  өндірушінің  фирмасы  мен  моделіне  байланысты  жанармайдың 
шекті  рұқсат  етілген  орташа  шығындары  орнатылған.  Еуропалық  елдер  қатарында 
фирмалар өздері шығаратын автокөліктер үшін жанармай шығыны бойынша мәліметтерді 
жариялауға міндетті.  


161 
 
Жанармайдың  үлкен  шығыны  бар  автокөліктерді  шығаруға  шектеуге  бағытталған 
заңнамалық  шешімдерді  қабылдау  жанармайдың  толығырақ  жануын  қамтамасыз  ететін, 
жетілдірілген жұмыс процестеріне ие қозғалтқыштарды ойлап табуға ынталандырады.  
Каталитикалық  бейтараптандырғыштарды  американдық  автокөліктерде  қолдану 
алғашқы  уақытта  жанармай  шығыны  үнемділігін  төмендетті.  Дегенмен  электрониканы 
барынша енгізу бұл мәселенің басын ашты. 1983 ж. автокөліктердің орташа жанармайлық 
үнемділігі 1967 ж. қарағанда, 83 % жақсы болды. Бір жағынан бұл автокөлік габариттерін 
кішірейтумен байланысты болды, бірақ автокөлік массасын кішірейтуді есепке алғанның 
өзінде жанармайлық үнемділік шамамен 50 %-ға жақсарды. 
Газбен жүретін автокөлік 
Газды  жанармайға  автокөліктерді  ауыстыру  атмосфераға  канцерогенді  заттарды 
тастауды  шамамен  100  есеге  төмендетеді.  Мұнай  өнімдерінің  шығыны  да  қысқарады: 
жылына  әр  мыңыншы  газ  баллонды  автокөлік  жүк  тасымалында  12  мың  т, 
таксомоторлыда  –  6  мың  т,  жолаушы  автобустарында  –  30  мың  т  үнемдеуші  еді.  Ауа 
бассейніне де, қоршаған ортаны қорғауға да шығындар айтарлықтай қысқарады. 
Бензин немесе  дизельдік  жанармайдың  ең  шынайы  баламасы  –  сұйытылған  немесе 
сығылған  газ.  Оның  қоры  мұнай  қорынан  бірнеше  есеге  асады,  мұнайдан  бензинді  алу 
технологиясына  қарағанда,  қайта  өңдеу  технологиясы  да  жеңіл.  Сонымен  қоса,  газтекті 
жанармайға  ауысу  үшін  ішкі  жану  қозғалтқыштарына  конструктивтік  өзгерістер  енгізу 
қажет емес. 
Ең  маңыздысы,  газды  жанармай  іс  жүзінде  қорғасын  мен  күкірт  қосылыстарын 
құрамайды. 
Газ  ауамен  өте  жақсы  араласады  және  қозғалтқыш  цилиндрі  бойынша  біркелкі 
тарайды,  ол  толық  жану  мен  жоғарғы  жанармайлық  үнемділікке  кепілдік  береді.  Осы 
артықшылықтар  әсіресе  қоршаған  ауа  температурасын  төмендету  шаралары  бойынша 
айқын көрінеді.  Сонымен қоса, газды жанармай автокөлік қозғалтқышы өмірін шамамен 
1,5 есеге ұзартады: егер бензин цилиндр қабырғаларынан майды құртып, сұйылтып, жуып 
тастас, онда газ майлы қабығын бұзбайды. 
Қазір  әлемде  тасымалданатын  500  млн  автокөліктің  1,2  млн  табиғи  газдарда,  түрлі 
қоспалар мен қорғасыннан, күкірттен айырылған, метанмен жұмыс істейді. Олардың үлесі 
үнемі  артып  отыруы  анық,  себебі  төмен  бағасы  мен  экологиялық  тазалығы  оларды 
танымал қылуда.  
Жанармайдың еуро-стандарттары 
 Еуропалық 
экологиялық  стандарттар  («Евро»  нормалары)  автокөліктердің 
пайдаланылған  газдарында  көмірсутектер,  азот  тотықтары,  уытты  газ  және  қатты 
бөлшектерді реттейді.  
"Евро–1"  стандарты  бензиндік  қозғалтқыш  шығаратын  көміртек  тотығы  (СО)  2,72 
г/км  көп  емес,  көмірсутектер  (СН)  -  0,72  г/км  көп  емес,  азот  тотықтары  (NO)  –0,27  г/км 
көп емес болуын қарастырады. "Евро–1" Еуропада 1992 ж. бастап әрекет етті, ал 1995 ж. 
оны "Евро–2" ауыстырды. 
"Евро–2" стандартында көмірсутектердің пайдаланылған құрамы бойынша нормадан 
3  есеге  күшейген,  олар  0,29  г/км  тең  болды.  Қазақстанда  2009  ж.  15  шілдесінде 
қабылданды. 
"Евро–3" стандарты – бұл "Евро–2"-мен салыстырғанда қалдықтар деңгейінің  30–40 
пайызға төмендеуі. Бұл стандартта жеңіл автокөліктер үшін бір километр жүріске СО-ның 
ең көп шығарылу саны 0,64 г. 
 "Евро–4"  стандарты  "Евро–3"  деңгейіне  қарағанда  65  –  70  пайызға  күшті. 
Еуроодақта  2005  ж.  енгізілген.  Бұл  стандарт  "Евро–3"  стандартына  қарағанда, 
атмосфераға  зиянды  заттар  шығарылуын  40  пайызға  төмендетуге,  СО  шығарылуын  2,3 
есе,  көмірсутектерді  –  2  есеге  төмендетуге  мүмкіндік  береді.  "Евро–4"  пайдаланылған 
газда  азот  тотығы  құрамын  30%,  ал  қатты  бөлшекте  –  80%,  күкірт  құрамын  0,005%, 
ароматикалық көмірсутектері - 35%, бензол құрамын 1%-ға төмендеткен. 


162 
 
  
Стандарт  "Евро–5"  стандарты  бензиндік  қозғалтқыштар  үшін  азот  тотықтары  мен 
көмірсутектері 25 пайызға, ал дизельдік қозғалтқыштар үшін – күйе қалдықтарының 80% 
және азот оксидін 20% төмендетуін қарастырады. 
Қоршаған ортаны автокөліктерден шығатын зиянды ластаушылардан қорғау үшін 
берілетін ұсыныстар: 

 
автокөліктерден  шығатын  зиянды  түтіннің  мөлшерін  азайту  үшін  жанармай  
евро-стандарттарын енгізу; 
 - автокөліктерде жанармайдың меншікті шығысын төмендету
- қозғалтқыштардың жаңа құрылымдарын принципті түрде қолдану; 
- жанармай сапасын жоғарылату; 
- жанармайдың баламалы түрлерін қолдану; 
 -  автокөлік  транспорты  үшін  қазіргі  кезде  баламалы  жанармайдың  бірнеше    кең 
таралған түрі: сұйытылған мұнай газы, табиғи газ, биодизельдік жанармай, сутек және т.б. 
- жанармайдың экологиялық қауіпсіз түрлерін пайдалану; 
- зиянды шығыстарды (выбросы) жою немесе бейтараптау
- автокөлік массасын кішірейту және аэродинамикалық формаларын жақсарту
- қозғалтқыштың барлық жүйелерін жөндеу және диагностика сапасын арттыру; 
 -  автотранспорт    жиналған  орындарда  атмосфералық  ауа  мониторингін  үнемі 
бақылауда ұстау; 
- іштен жану қозғалтқышын жетілдіру; 
 - бейтараптандырғыштарды қолдану; 
- газбен жүретін автокөліктерді  пайдалану. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   160




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет