188
уақыт
(автокөлік жүргізушілері және
қоғамдық көлік жолаушылары)
сағат
сағат
сағат
Жалпы жасалған жүрістер
санынан
велосипедпен жүрушілердің пайызы
0.5%-
дан аз
1.5%
6%
1-кесте. Алматы қаласының көлік қозғалысын талдау негізіндегі бағалау [3]
Қазіргі таңда Алматы қаласында велосипедпен жүрушілердің нақты саны белгісіз,
бірақ «Вело-Алматы» бірлестігінің ақпараты бойынша қалалық дүкендерде жылына орта
есеппен 30 мыңға жуық темір тұлпарлар сатылады. Бұдан қала тұрғындарының
қызығушылық деңгейін байқауға болады. Веложүргіншілердің қолдануына қалада 3 вело
жол берілген. Бірінші және ең көп қолданылатыны Абай даңғылы арқылы өтіп жатыр
(ұзындығы 2,5 км). Келесі екі жол Талғар трассасы және Райымбек пен Момышұлы
көшелері арқылы салынған.
1-сурет. Абай даңғылы мен Момышұлы көшесіндегі вело жолдар [6]
Қалалық велоқауымдастық мүшелері әкімшілікке жалпы ұзындығы 110 км болатын
жаңа веложолдарды салу жобасын ұсынды. Қандай болмасын жолдың құрылысынан
бұрын оны салудың жобасы жасалатыны белгілі. Жолдарды жобалауда, сонымен қатар
жолды зерттеуде «адам-транспорт-транспорттық инфрақұрылым» жүйесі және зерттеу
құралы ретінде интеллектуалдық транспорттық жүйелер (ИТЖ) және геоақпараттық
картографиялау мен геоақпараттық жүйелер (ГАЖ) қолданылады.
Вело жолдар салыстырмалы тұрғыдан қарастырғанда географиялық табиғаты
жағынан инженерлік сызықтық-созылған құрылыс нысандарымен ерекшеленеді.
Сондықтан негізгі техникалық құжаттама картографиялық негізде графикалық бейнелену
керек. Вело жолдарды картада бейнелеу масштабының қатары өте кең: 1:1000000-нан
(шолу) 1:1000-ға дейін (жобалық). Бұл карталар жол тармақтарын жоспарлаудан
локальдық аймақтардағы жобалық мәселелерді детальды шешу сияқты мәселелер
барысында таптырмайтын құрал болар еді. Ал мұндай карталарды құрастыру үшін
кеңістіктік нысандар мен құбылыстар туралы ақпарат қажет екені белгілі. Қазірде вело
жолдардың карталарын
(2-сурет) құрастыру үшін ең заманауи технологиялар
қолданылады, олар: әуеғарыштық фототүсірістер, маршруттық видео және панорамды
фототүсіріс, Жер серіктік навигациялық жүйелер (ГЛОНАСС/GPS) және мобильді
лазерлік сканерлеу.
189
2-сурет. Шетел мемлекеттерінің вело жолдарының карталары [6]
Жол саласындағы графикалық ақпаратпен жұмыс барысында ГАЖ және автоматты
жобалау жүйелерімен (АЖЖ) қатар мәліметтер базасы (МБ) технологиясы да
қолданылады. Мәліметтер базасы атрибутивті мәліметтер легін басқаруда ең тиімді
қолданылатын технология болып табылады. ГАЖ картадан керекті нысанды тез табуға
және ол туралы толық ақпарат алуға мүмкіндік береді. Мәліметтер базасына сұраныс
жасау арқылы нәтижені көрнекті етіп картада көрсетуге болады.
Алматы қаласында жалпы біздің мемлекетіміздегідей вело немесе қандай болсын
жол картасын құрастыруда ғана емес, оларды кешенді басқаруда қолданатын мәліметтер
базасының жоқтың қасы. Себебі – елімізде бірыңғай ақпараттық жүйе жоқ. Яғни әртекті
мәлімет көздерін біртекті жүйеге келтіру мәселесінің өзектілігі енді білініп келе жатыр.
Қаланың тегін мәліметтер базасы OpenStreetMap веб-картографиялық жобасында
бар. Ескере кететін жайт – мәліметтер ұсақ масштабты карталар қабаты күйінде берілген.
OpenStreetMap – әлемнің ашық және тегін географиялық картасын құрастыру мақсатымен
интернет қолданушылардың қатысуымен жасалатын бейкоммерциялық жоба.
Карталарды
құрастыру үшін жеке GPS-трекерлер, әуеғарыштық түсіріс, видеожазбалар және көше
панорамалары мәліметтері пайдаланылады. OpenStreetMap-та (3-сурет) вики қағидасы
бойынша әрбір тіркелген қолданушы картаға өзінің толықтыруларын жасай аламыз
[8].
3-сурет. Алматы қаласы көшелерінің OpenStreetMap –тағы көрінісі [8]
190
OpenStreetMap-та тәжірибесі аз қолданушының өзі қалаған бағытындағы
велосипедпен қозғалуының өзіне ыңғайлы маршрутын тез озып ала алады. Болашақта
OpenStreetMap бағдарламалық жасақтамасының Алматы қаласына арналған базасын
толық жаңарту және толықтыру жұмыстары жоспарлануда.
Қаладағы қазіргі бар нақты вело жолдарды және вело жол ретінде пайдалануға
болатын жол бөліктері нақты карта бетіне түсірілмеді. Бұл вело жолдардың жалпы
ұзындығының аздығымен негізделгенімен, болашақта вело жүргіншілердің саны көбеюіне
байланысты бірнеше вело жол тармақтары салыну жоспарлануда, мысалы Абай даңғылы
және Байтұрсынов көшелерінің қиылысынан және Тимирязев және Розыбакиев
көшелерінің қиылысына дейінгі бағытта вело жол салу жоспарланып отыр (4-сурет). Вело
жолдарды картографиялауда сызықтық, нүктелік және аудандық бейнелеу әдістері қатар
қолданылады.
4-сурет. Абай даңғылы және Байтұрсыновкөшелерінің қиылысынан Тимирязев және
Розыбакиев көшелерінің қиылысына дейінгі бағыттағы жоспарланып отырған вело жол
жобасы
Қорыта айтқанда, Алматы қаласының қазіргі экологиялық жағдайын ескере отырып,
экологиялық тұрақты транспорт ретінде велосипедтерді насихаттау жұмыстары енді қолға
алынып жатыр. Ол үшін велоинфрақұрылымды дамыту керек, яғни жолдар желісін
жиілету, жаңа жолдар салу, жаңа маршруттар ұйымдастыру, велотұрақтарды реттеу және
т.б. Осындай қалалық құрылысты ұйымдастыруда геоақпараттық жүйелерсіз және
олардың соңғы нәтижесі болып табылатын картографиялық өнімдерсіз ешқандай да
жобалау немесе бағдарлау жұмыстары өз шешімін таппайтыны белгілі. Сонымен қатар
тұрғындар және қонақтар үшін қалада бағдарлану ыңғайлы болу үшін заманауи вело
жолдар картасын құрастыру мәселесі қазіргі таңда өзекті болып отыр.
Достарыңызбен бөлісу: