33
Ересектер
1013
1017
2987
2763
Қысқы кезеңдегі балықшылар
635
459
481
630
Барлығы:
2080
1892
3840
3806
Қорытындылай келгенiмiзде Ақсу-Жабағалы қорығын экологиялық, экономикалық
тұрғыдан бағалау, рекреациялық аймақтарды қорғау, қалпына келтіру мәселелері
мемлекетіміздің, жергілікті аймақ болашағы үшін өте маңызды деп санаймыз.
Ақсу-Жабағалы қорығының экологиялық жағдайына талдау жасай отырып
келесідей қорытындыға келдім. Ақсу-Жабағалы қорығының буферлік зоналарында
экотуризмді дамытуға барлық мүмкіндіктер бар және олар осы аймақта экотуризмді
дамытуда біршама жақсы қолдануда. Ақсу-Жабағалы қорығында экотуризмді дамыту
арқылы жергілікті халықтың әлеуметтік – экономикалық жағдайының жақсаруына әсер
етеді. Ақсу-Жабағалы қорығы шетел азаматтарының арасында, әсіресе американдықтар
арасында үлкен қызығушылық тудырады. Экотуризм Ақпараттық Ресурстық Орталықтан
алынған мәліметтер бойынша 2004 жылы қорықта 85 американдық туристер болған. Ақсу-
Жабағалы қорығында экотуризмды одан әрі дамыту мен жетілдіру үшін келесідей
шараларды қолдану керек:
- ең бастысы қорықта экотурзмді дамыту мемлекет тарапынан қолдау табу керек,
заңдар мен нормативті-құқықтық актілер қабылдану керек;
- қорық маңайындағы елді-мекендерде инфроқұрылымды дамыту керек;
- жергілікті халық арасында патриоттық сезімді оятып, табиғатты аялауға шақыру
керек;
- қорықтағы қызмет көрсетуші кадрлардың санын көбейтіп, қызмет сапасын көтеру
керек. Көптеген тренингтер мен семинарлар өткізу қажет;
- кафе және мейрамханаларды дамыту.
Осы айтылған шараларды жүзеге асыру арқылы үлкен жетістіктерге жетуге болады.
Нәтижесінде Ақсу-Жабағалы қорығы экотуризмі жақсы дамыған әлемдік сұранысқа ие
болатын қорық болады. Ұсынылған ғылыми жобалар мен мәліметтердің ерекшеліктері
еліміздегі жаңадан қалыптасу бағытындағы экологиялық туризмнің негізгі мәселелері
айқындалып, шешу жолдары жан-жақты қарастырылды. Сонымен бірге еліміздің табиғи
табиғат қоры саналатын Ақсу-Жабағалы қорығының табиғат ресурстары мен көрікті
рекреациялық аймақтарын қорғау, экономикалық, экологиялық тұрғыдан бағалау арқылы
мемлекетіміздің экономикасының дамуына, экологиялық жағдайының жақсаруына,
әлемдік деңгейде мәртебесін айқындауда тиімді пайдалану қажеттілігін айқындайды.
Достарыңызбен бөлісу: