ҚАЗАҚСТАННЫҢ «ЖАСЫЛ ЭКОНОМИКАДАҒЫ БАҒЫТЫ: ҚАНДАЙ ОЛ?
Ужанов Д.Н.
әл-Фараби атындағы ҚазҰУ
Менің алған тақырыбым - еліміздегі жасыл экономиканың дамуы мен әр түрлі
аспектілері.
Жасыл экономика деген не? Неге жасыл экономикаға соңғы кездері әлем елдері
үлкен мән беріп, оны барынша дамытуға тырысуда? Сонымен қатар, ол Қазақстанда қалай
дамиды, әрі қандай пайда береді. Осы және т.с.с сұрақтарды қарастырып зерделеуіміз.
Ең бірінші, жасыл экономика деген не, соған тоқталайық. Бұл дегеніміз, жалпы айтқанда,
қазіргі әлемдегі дәстүрлі экономикадан бөлек, зияны пайдасынан анағұрлым көп,
экологиялық жағынан таза, табиғатқа барынша аз зиянын тигізетін салалар. Осыған қарап
отырып мынадай дефиниция шығаруға болады: Жасыл экономика - Жердің, қоршаған
ортаның табиғи капиталын жасап және ұлғайтатын немесе экологиялық зардаптар мен
қатерлерді азайтатын салалар.
Қазіргі таңда жасыл экономиканы өндіріс пен өнеркәсіпке енгізу өте өзекті мәселе
болып табылады. Егер дәстүрлі экономикада түпкі өнімге жету үшін еңбекті,
технологияны және ресурстарды қолданып, соңында қалдықтар қалатын болса, жасыл
экономикада сол қалдықтарды өңдеп, қайта өндіріске енгізіп, қоршаған ортаға барынша аз
зиян келтіруі тиіс. Себебі, бәріміз білетіндей, табиғат қазіргі таңда ластанудан көп жапа
шегуде.
2009 ж. Болып өткен Бүкіләлемдік экологиялық форумда «Жасыл экономика»
тұрақты даму жолы ретінде қабылданып, оны іске асыру үшін әлемдік ЖІӨ-нің 1 %-ы
($750 млрд) бөлінетін болып шешілді. Сол бойынша жаңа технологиялар, яғни «таза
технологиялар» соңғы инновацияларды пайдаланып, жаңа және сапалы өнімдер
шығарады.
Енді, осы жасыл экономиканың пайда болуына, оны енгізу қажеттіліктеріне түрткі
болған себептерге тоқтала кетсек. Бұлар – адамзат алдында тұрған ғаламдық проблемалар.
Проблемалар бұған дейін де болған, алайда дәл қазіргідей үлкен масштабтарда болмаған.
Негізінен олар өткен ХХ ғ. Екінші жартысында, өнеркәсіп постиндустриалды кезекке
өткеннен бастап айқын көріне бастады.
55
Бұл проблемалар ондап саналады, оның ішінде: экологиялық, энергетикалық,
шикізаттық, азық-түлік, демографиялық және т.б маңыздылығы мен өзектілігі бойынша
бір-бірінен кем емес мәселелер бар. Глобалистика ғылымының зерттеуінше, оларды үлкен
үш топқа бөлуге болады:
1)
Әлеуметтік-экономикалық;
2)
Қоғамдық;
3)
Қоршаған орта.
Осы жоғарыда айтылып өткен ғаламдық проблемаларды шешу үшін тиімді амалдар
қолдану керек. Себебі, бұл проблемалар адамзаттың әрі қарай дамуына кедергі келтіріп,
болашағына үлкен қауіп төндіруде. Сәйкесінше тығырықтан шығатын ең ұтымды
жолдардың бірі – қазірдің өзінде қазірдің өзінде жоғары дамыған елдерде белсенді
қолданылатын «жасыл» экономика игіліктері.
«Жасыл» экономика – қазірден бастап Әлемнің дамыған елдері әлдеқашан жасыл
экономиканы практикаға енгізіп, көп тәжірибе жинаған. Қазақстан да солардың қатарында
болуы тиіс. Шетелдік инновациялық технологияны, модернизацияны, тәжірибе алмасуды
кеңінен қолданатын болсақ, біздің ел сөзсіз үлкен жетістіктерге қол жеткізеді. Бұл
жұмыстар бірнеше бағытта жүргізілуі тиіс: қалдықсыз технология, табиғи ресурстарды
тиімді пайдалану, өнеркәсіпті жаңарту, инфрақұрылымды жақсарту, балама энергия
көздерін зерттеп, оларды қолданысқа енгізу және т.б
Көптеген экономикалық, экологиялық мәселелерді шешуге және Қазақстанда
«жасыл» экономиканың дамуына 2017 ж. болатын Астана ЭКСПО-2017 көрмесі үлкен
септігін тигізбек. Әр бес жыл сайын өткізілетін бұл әлемдік көрме тақырыбына
байланысты саланың сол өткізілген мемлекетте немесе сол регионда дамуына ықпал етіп
отырған. Қазақстанда өткізілмек көрменің тақырыбы – «болашақ энергиясы». Бұл
«жасыл» экономикаға тікелей қатысты. Көрмеде көрсетілетін жаңа жобалар, идеялар
өңірде немесе бүкіл әлемде жасыл экономиканың дамуына, оның қолданылу аясының
кеңеюіне үлкен серпіліс бермек. Президентіміз Н.Ә.Назарбаев айтқандай, ЭКСПО-2017
арқылы Астанада болашақ энергиясы және «жасыл» экономиканың үздік әлемдік
тәжірибесін зерттеу және қолданысқа енгізу мәселесі бойынша ғылыми орталық
құрылады.
Қазақстан үшін пайдасы тиетін жобаларға келетін болсақ, оны балама энергетика
потенциалы бар аймақтарды дамытудан бастауға болады
Жел энергетикасы – сарқылмайтын энергия көзі. Байтақ жерімізде қолданысқа
келетін, маусымдап немесе жыл бойы соғатын жоғары жылдамдықты желді аймақтар бар.
Мысалы, Азияның «жел полюсі» - Жоңғар қақпасы, ондағы Ебі және Сайқан желдері;
Жамбыл облысындағы Арыстанды-Қарабас; Мұғалжар және Каспийден соғатын бриз
желдері. Біз осы аймақтың жел энергетикасына инвестициялар салсақ, келешекте көп
пайда әкелуі мүмкін. Оларды сол жердегі халық шаруашылығы үшін пайдалану өте
ыңғайлы.
Күн энергетикасы – бұл энергия көзін өндіруді еліміздің күн радиациясы көп түсетін
жерлерде оңтүстік аймақтарда әсіресе, Қызылорда облысында іске асырған ыңғайлы. Осы
арқылы біз көптеген мәселелерді шешіп, экологиялық таза энергия көзіне қол жеткізе
аламыз. Бұны дамыту үшін де Қазақстанда іске қосылған күн батареяларын шығаратын
отандық зауыт көп көмегін тигізбек.
Сонымен қатар, еліміздегі өнеркәсіп орталықтарындағы экологиялық жағдайды
қалыпқа келтіріп, өндіріс циклін «жасыл» экономика талаптарына сәйкес
модернизациялау қажет.
Қазақстанда жасыл экономиканы туризм саласында да дамытуға болады. Туризм –
Қазақстанның «болашақ мұнайы» және өте перспективті сала. Ең бастысы табиғи, тарихи-
мәдени байлықтарымызды сақтап, одан мемлекет және халық үшін барынша көп табыс
әкелу. Осыған байланысты нарықта «жасыл» қонақ үй концепциясы бар. Бұл үлкен
жаңашылдық. Қонақ үйлерсіз туризмнің маңызы шамалы. Аталмыш қонақ үйлер «жасыл»
56
экономиканың барлық шарттарына жауап береді және экологиялық таза аймақтарда
орналасады. Сонымен қоса, қоршаған ортаға еш зиянын тигізбейді. Осы арқылы еліміздегі
туризм саласын біраз деңгейге дейін көтере аламыз.
«Жасыл» экономика саясаты тек энергия емес, шикізатты, табиғат ресурстарын
пайдалану бағыттарында жүргізілуі тиіс. Мысалы, газ, таза көмір, қауіпсіз ядролық
технологиялар, металл кендерін жоғары деңгейде өңдеу және т.б.
Жоғарыда айтылған жобалар жан-жақты зерттеліп, одан әрі қолданысқа енгізіліп,
«жасыл» экономика оңтайлы жолға қойылса, Қазақстан жоғары дамыған мемлекеттер
қатарына еніп, тұрақты даму жолына түсетіні сөзсіз.
Достарыңызбен бөлісу: |