«жасыл көпір ұрпақтан-ұрпақҚА» ІV халықаралық студенттік форум алматы, Қазақстан, 2014 жыл, 10-11 сәуір



Pdf көрінісі
бет9/160
Дата07.01.2022
өлшемі5,94 Mb.
#19056
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   160
Байланысты:
ӘЛ-ФАРАБИ атындағы ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ УНИВЕРСИТЕТ имени АЛЬ-ФАРАБИ AL-FARABI KAZAKH NATIONAL UNIVERSITY (1)

Литература
1. А.В. Лосев, Г.Г. Провадкин «Социальная экология» 
2. Н.А. Воронков Экология. М.: «Агар» 2000г. 


16 
 
3. М В. Рыбаков, Концептуальные подходы к экологическому образованию // 
Социально-гуманитарные знания.-2003 
4. А.Н. Кочергин «Экологическое знание и сознание: особенности формирования.- 
Новосибирск: Наука, 1987. 
 
 «ЖАСЫЛ УНИВЕРСИТЕТ»  - БҮГІНГІ ӘЛЕМ КЕҢІСТІГІНДЕ 
Жунусова А.Е., Тажибаева Т.Л. 
әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Алматы қ. 
  
Елбасы  Н.Ә.Назарбаев  халыққа  арналған  кезекті  жолдауында    табиғи  ресурстарды 
басқарудың  түбегейлі  жаңа  жүйесін  енгізу  қажеттігін  атап  көрсеткен  болатын.  «Біз 
ресурстарды  экономикалық  өсуді,  ауқымды  сыртқы  саяси  және  сыртқы  экономикалық 
уағдаластықтарды  қамтамасыз  ету  үшін  Қазақстанның  маңызды  стратегиялық 
артықшылығы  ретінде  пайдалануға  тиіспіз.  Бұл  үшін  бізде  барлық  мүмкіндіктер 
бар. 2050 жылға  қарай  елде  энергияның  баламалы  және  жаңғыртылатын түрлерін  қоса 
алғандағы   барлық  энергия  тұтынудың  кем  дегенде  тең  жартысы  келуге  тиіс»  [1]. 
Мемлекеттің  алдағы  уақытқа  арналған  стратегиялық  жоспарларын  жүзеге  асыру  – 
жастардың қолында екенін ескерсек, ЖОО жастардың ордасы. Ендеше, нысанаға дәл тию 
үшін, алдымен оқу орындарының көмегімен жастардың санасын ояту қажет.  
Еліміздің  беделді  оқу  орындарының  бірі  ретінде,  бұл  ретте  әл-Фараби  атындағы 
ҚазҰУ-дың алатын орны қандай? Сұраққа жауап іздеп көрелік. 
Біріншіден,  ҚазҰУ  халықаралық  «Рио+20»  Саммитінде  «Жасыл  көпір  –  ұрпақтан- 
ұрпаққа» атты арнайы секциясын ашып, халықаралық университеттер бірлестігін құрушы 
оқу орны болып танылды. 
«Университет дәл осы Саммитте еліміздегі ЖОО арасында бірінші болып Рио+20 тұ-
рақты  даму  бағытындағы  конференциясының  ұсыныстарын  тәжірибеге  енгізу  жөніндегі 
ұстанымдар  мен  міндеттердің  Декларациясына  қол  қойды.  Жастарды  тұрақты  дамудың 
мәселелеріне анағұрлым белсенді тартуда Колумбия университетімен бірлесіп 2011 жылы 
MDP Global Classroom орталығы ашылды» [2].  
Қазіргі  таңда,  ҚазҰУ-да  алғаш  болып,  Ресейлік  қоғам,  адам  және  табиғат  «Дубна» 
университеті ғалымдарымен бірлесіп  халықаралық, пәнаралық «Энергоэкология» кафед-
расы  ашылды.  Университет  қабырғасында  «экономика  –  энергетика  –  экология»  циклы 
бойынша  зерттеулер  жүргізе  отырып,  альтернативті  энергия  көздерін  пайдалана  алатын, 
бакалавр,  магистр,  PhD  доктор  дәрежесіндегі  мамандар  даярлануда.  Аталмыш 
мақсаттарды  жүзеге  асыру  жолында  студенттердің  экологиялық  жобаларына  баса  назар 
аударылған.  Жоғары  оқу  орындарындағы  тұрақты  даму  концепциясы  сол  ЖОО-ның 
экономикалық,  экологиялық,  қоғамдық,  мәдени  және  білім  беру  аспектілерінің 
байланысқан жүйесін құруы тиіс [3]. 
«Жасыл  университет»  –  «Green  campus»  концепциясы  әлемдік  тәжірибеде  кең 
қолданыс  табуда.  Шетелдік  университеттер:  Гарвард,  Лондон  экономика  мектебі, 
Малайзия,  Копенгаген  университеттері,  Еуропаның  танымал  оқу  орындары  жасыл 
экономика  мен  тұрақты  даму  принциптерін  күн  тәртібінің  ең  басты  мәселесі  ретінде 
қарастырады  [4].  «Жасыл  университет»  -  қоршаған  ортаны  қорғауға  бағытталған 
бағдарламаларды:  көмірқышқыл  газы  көлемін  азайту,  қалдықтарды  бөліп  жинау,  су  мен 
электр  энергиясын  үнемдеп,  экологиялық  инфрақұрылымды,  экологиялық  сананы 
қалыптастырушы ЖОО болып табылады. Бұл университеттің студенттері табиғат аясына 
аяушылықпен қарап, оның құндылықтарын сақтау мақсатында түрлі акциялар мен жоба, 
ғылыми-зерттеу жұмыстарына белсене араласады.  
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ – «жасыл университет» жаршысы. Мемлекеттің «жасыл 
экономикаға»  бағытталған  мақсат-міндеттерін  жүзеге  асыруға  ат  салысушы  қара 
шаңырақ.  Бұған  дәлел  ретінде,  университетте  жүргізіліп  жатқан  іс-шараларды  айтуға 
болады.  Жыл  сайын  өткізілетін  «Жасыл  көпір  –  ұрпақтан-ұрпаққа»  халықаралық 


17 
 
конференциясы  кезінде,  «жасыл  университет»  құруға  бағытталған  бағдарламалар  алыс-
жақын  шетел  студенттерінің  жаңа  идеяларымен  толысып  жатады.  Сонымен  қатар, 
университетте  «Green  campus»  халықаралық  жобасы  жүзеге  асырылуда.  Жоба  бойынша, 
университет қабырғасында жүргізіліп жатқан жұмыстарға сараптама жүргізсек (1-сурет).  
Инфрақұрылым,  энергия  тұтыну,  қоғамдық  көлік  пен  велосипедті  пайдалану,  суды 
үнемдеу,  қалдықты  бөліп  жинау,  оны  дұрыс  өңдеу  және  т.б.  сипаттамалары  бойынша 
әлемнің  40-тан  астам  мемлекетінде  орналасқан  беделді  ЖОО  арасында  ең  «жасыл» 
университтер рейтингісін жыл сайын өткізіледі [5]. Бұл халықаралық дәрежедегі іс-шара 
Индонезия мемлекетінің бастамасымен жүргізіледі. Көршілес жатқан Ресей мемлекетінің 
бірталай ЖОО бұл рейтингте әлдеқашан орын алып үлгерген [6]. Біздің қара шаңырақ әл-
Фараби  атындағы  Қазақ  ұлттық  университеті  осы  тізімнен  орын  алып  жатса,  аталмыш 
сипаттамаларға  сай  келіп  жатса,  әрине  нұр  үстіне  нұр  болмақ.  Сонымен  қатар,  мұндай 
халықаралық дәрежедегі іс-шаралар еліміздің әр облысында орналасқан оқу орындарының 
студенттерін де толғандыруы тиіс деп ойлаймыз.  
 
 
 
 
1-сурет. «Green campus» жобасы аясында атқарылатын іс-шаралар 
 
Бұл  экологиялық  жобалардың  көздеген  мақсаты  –  келер  ұрпақтың  бойына 
экологиялық  сананы  сіңіру,  олардың  әр  жасаған  қызметі  барысында  экологиялық 
факторларды ескере білуге үйрету. Осылайша, «жасыл университеттерді» дамыту арқылы 
«жасыл»  экономикаға  қосар  үлес  туралы  да  ойлануға  әбден  болады.  «Елімізде  табиғи 
байлықтың  қоры  өте  мол,  табиғи  ресурстар  әлі  талай  уақытқа  жетеді  және  айтарлықтай 
экологиялық  қауіп  төніп  тұрған  жоқ»  -  деген  алдамшы  пікірді  қойып,  экологиялық 
проблемалардың елімізде шешімін дер кезінде табу қажеттілігін сезінгеніміз дұрыс болар. 
Міне сол үшін де «жасыл университеттер» дамуына назар аудару қажет.  
Түрлі жобалардың, экологиялық бағдарламалардың оқу орны үшін көптеген пайдалы 
жақтары бар (2-сурет). 
 


18 
 
 
    2-сурет.  «Жасыл университеттің» артықшылықтары.  
Біздің  университетте  баса  назар  аударылып  келе  жатқан  мәселе  –  энергоүнемдеу 
бағдарламалары.  Ғимараттың  бірнеше  оқу  залдарында,  мұражайда  дәстүрлі  шамдар 
энергоүнемдегіш  шамдармен  алмастырылуда.  Қарапайым  есептеулер  жүргізу  арқылы 
аталмыш  шамдардың  айырмашылығын  көрсетуге  болады.  Егер  жұмыс  күнін  26 
күнтізбелік  күн  деп  алсақ,  екі  түрлі  шамның  электр  энергиясын  пайдалану  мөлшері 
төмендегідей (3-сурет):   
 
   
 
3-сурет.  Дәстүрлі  шам  мен  энергоүнемдегіш  шамдардың  энергия  пайдалану  қуатын 
салыстыру.  
 
Энергияның  қоғамдық  қажеттіліктерді  өтеуі  –  әр  мемлекеттің  экономикалық  өсуін 
қамтамасыз  етеді.  Әлемдік  шаруашылықтың  дамуы  сәйкесінше  мол  энергияны  қажет 
етеді.  Олай  болса,  болашақта  сарқылатын  энергия  көздерін  алмастыра  алатын 
альтернативті энергия көздерін қолдану қажет [6].  
Осы жағдайларды ескере отырып, біз аталмыш жұмыстың келешектегі мақсаттарын 
айқындап  алдық.  Мақсат  –  жаңа  ғимараттар  салу  барысында  «жасыл»  технологияны 
пайдалану  жобаларын  жасау,  альтернативті  энергия  көздерін:  күн,  жел  энергияларын, 
жылу рекуперациясы технологияларын пайдалануды жүзеге асыру.  
Аталмыш  мақсат-міндеттер  әл-Фараби  атындағы  ҚазҰУ-ды  энергоэкологиялық 
тұрақты  дамытудың  моделін  жасауға,  «Жасыл  көпір  –  ұрпақтан-ұрпаққа»  бірлестігінің 
басқа да жоғарғы оқу орындарында бастау алуына негіз болады деген сенімдеміз.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   160




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет