Мұғалім: тәрбие сағатымыздың барысында бұл сұрақтарыңа жауап аласыңдар деп ойлаймын
III."Абай дара, Абай дана қазақта"
1-жүргізуші: Құрметті оқушылар,қазақта неге Абай дара, Абай дана деп аталады?
(Әр топтан 1 оқушы өз пікірін айтады)
IV. "Сәулең болса кеудеңде, мына сөзге көңіл бөл"
2-жүргізуші: Абай әуелден-ақ әкенің баласы болмай, адамның баласы болуды армандағанын біз
білеміз.
1-жүргізуші:-Абайды оқып, оны ойға түю, жүрекпен сезіну баршамыздың мақсатымыз. Сондықтан, "Сәулең болса кеудеңде, мына сөзге көңіл бөл"-деп қара сөздерге кезек берейік
1-жүргізуші: Абайдың нақыл сөздерін мынадай тақырыптарға бөлуге болады.
2-жүргізуші: Адам жанын зерттеу, бала тәрбиесі , Имандылық тақырыбы
1-жүргізуші: Жаман мінез, әдеттер және адамгершілік жайлы