Сізге мектептің даму жоспарын іске асыруда тренердің ұсыныстары көмектесті ме ?
Мектепті дамыту жоспарын құруда мектеп мәдениетін өзгерту, оқытуды жақсарту және мұғалімнің жауапкершілігін арттыруға басымдық ретінде құрылған І жоспарын жасауда тренердің жоспардың алғашқы нұсқасына берген кері байланысынан кейін түзетулер енгізілді. Кері байланыстан кейін қайта өзгертіліп толықтырылған І жоспарының нақты, ашық, айқын жасалуы мектептегі практикалық кезеңде жоспарланған жұмыстың тиімді ұйымдастырылуына, мектеп мәдениетінің жаңаша бағыт алуына өз септігін тигізді. Курс тыңдаушысы және жоба қатысушысы ретінде кезең-кезеңімен жасалған есептерді дұрыс қолдану арқылы кәсіби ортада басқару менеджменті туралы жұмысты қорғау, БАҚ мақала ретінде жариялауға кеңестер берілді. Кеңесті жүзеге асыруда қалалық білім бөлімі тарапынан тамыз кеңесіне арнайы шығарылған //«Білім шыңы» газетінде «Кәсіптік бағдар беру – адами капиталды дамыту» тақырыбында мақала жарияланды. Мақалада мектептің ЖОО, ОАОО меморандум (әлеуметтік серіктестік) негізінде ұйымдастырылған жұмыстар, мектептегі жобалар негізінде атқарылып жатқан жұмыстар тәжірибесі таратылды.
Достарыңызбен бөлісу: |