Зейнел Ғабиден Бейсенғалиев
Бақытсыз Жамал тағдыры
Жұлдыз журналы 1994 9саны
Ұлпан
- Ұлпанжан, мен арзанға түспейтін қызбын дегенде не айтқың келді! Сол қымбатқа түсерің дүние малы болса да атын аташы! - деді. Мені ешкім сатпайды да, мал да алмайды. Әке- шешемнің өз малын бағып алуға да шамасы жоғын білесіз емес пе! - Сонда не болғаны? "Не болғаны?" Нағып түсінбейді екен! Мен тоқал қатын болып босағада отырар дей ме екен? Әлде мені бәйбішесінің сарқытын күтіп, көзін сүзіп отыратын күңдікке көнер дей ме екен? Есеней таба алмай жүрген жұмбағын Ұлпан өзі айтуға бел байлады. Қалтарыс қалдырмай түгел айтпақшы болып: - Сіз мені қай үйіңізге кіргізбексіз? - деді. - Отау үйге кірем десең отау бар. Үлкен үйге кірем десең үлкен үй бар. Қалағаның болсын. Жоқ, маған оңаша отау - ойнақ үй керек емес. Мен үлкен үйге кіремін де, төрінде отырамын. Соған туысқандарыңыздын көзі үйренер ме екен? - Бір-ақ күнде үйренеді. Есеней ордасының бәйбішесі сен боласың.
Қырыққа келгенде біздің елдің Есенейі сен болып қаларсың. Оған дейін сен менің Есенейім бола тұр… Мен саған сұлу деп, жас деп қызықтым ба, болмаса Есенейдің орнына Есеней болатын адам деп қызықтым ба, оны өзім де біле бермеймін. Әйтеуір осы түннен бастап менің Есенейім сенсің!
Осы аз күндердің ішінде Ұлпанның атағы бүкіл кең жайлауға түгел тарап кетті. Жайлауда қоныстары жақындасып, ойын-той, дау-шарлары араласып жататын екі дуанның елдері бірі керіп, бірі созып, Ұлпанның азғана істеген істерін аңызға айналдырып әкетті. - Ұлпан үйі жоққа үй беріп, аты жоққа ат беріп, Есенейдің жарты малын Сибанның жоқ-жітігіне үлестіріп жіберіпті… Сибанда емге бір үй кедей қалмапты. Бәрі байып алып, енді "орыс үй" салдырып жатыр дейді… - Ұлпанның шын аты Ақнар екен. Ақ десе - ақ, нар десе - нар, ақылды да мырза адам көрінеді. Өзі де бір текті жерден шығыпты ғой! - Артықбай деген бидің қызы болса керек. - Би емес, Артықбай деген ханның немересі дейді. - Бәсе, ханның тұқымы болмаса, Есенейге ұрса алар ма еді! Елің ел емес, өңкей бір қазан басын қарауылдаған аш-арық екен деп қатты ұрсыпты дейді. Сибанның ендігі Есенейі Ақнар болса керек…
Ұлпан-Адам-Атаның ар жағында болмаса, оның бер жағында хан тұқымына да, би тұқымына да сорпасы араласпаған батыр Артықбайдың қызы. Ұлпанда мырзалық жоқ, сараңдық та жоқ, атақ құмарлық та жоқ, ерекше бір жинақтылық бар. Кедей қызы кедейге жаны ашымаса, кедейлікті жек көрмесе, елінің кедейлігіне намыстанбаса, оның сонысына ғана таңдануға болар еді.
Жеті жылдан бері малымен болып кеткен адамның әділ би деген атағы көмескі тарта бастап еді. Ұлпанның атағымен бірге қайта көтерілді. Ұлпан олай ойлай қоймаса да, Есеней солай сезінді. - Ақнарым, сен мені адам қыла бастадың, - деді атта- нарда. - Жоқ, Есеней, сен көлеңкең күндік жерге түсетін бәйтерексің. Мен сенің саяңда шырылдаған бозторғаймын. Менің құдайдан бірінші тілегім сенің амандығың! - деді Ұлпан.- Сенсіз мен кім болар едім?…
Есенейдің бірінші тапсырғаны - балалар ер жетіп, бірін-бірі көріп, ұнатса ғана құдалық басталатын болсын. Қазақ қызы бетін жасырмайды. Көшпелі елдер жылда араласып отырады… көрісіп, білісу қиын емес. Қазақта "қыз көру" деген жөн-жосық бар еді ғой. Соны әдет- ғүрпымызға айналдырайық. Екінші, әмеңгерліктің қай түрі болса да жойылғаны дұрыс болар еді. Сіздер әмеңгерлікке ұшыраған әйелдің бақытты болған біреуін атай аласыздар ма? Жоқ, атай алмайсыз! Мен ондайдың отпен кіріп, күл- мен шығатын күң болған жүзін атай аламын. Есенейдің өз елінде де толып жатыр. Ерінен қалған мал-мүлікке әйелі еншілес емес дегендеріңіз үлкен жәбір. Оның ар жағында қазақтың рулары еркек нәсілін қуалай құрылады деген ой жатыр. Солай емес пе?
Мен Ұлпанға шылбыр-тізгінімді біржола беріп қойған адаммын. Мен түгіл бүкіл Сибанның сөзін ұстайтын сол кісі. Осыған көздерің үйрене берсін,- деді де басқа сөз айтпады. Мәжіліс аяқтап келгенде Тұрлыбек пен Леознердің сүйемелдеуі арқылы Ұлпанның екі ұсынысы амалсыз қабылданды. 1. Жесір қалған әйел кімге тиемін десе де өз еркінде болсын. 2. Жесір әйел ерінен қалған мал-мүліктің үштен екісіне өзі ие, үштен бірі ерінің ағайын-туғандарына берілсін. Бұдан көп жыл кейін өткен болыс-билердің облыстық төтенше съезінде де бұл екі ұсыныс өзгертілмей алынды.
Жүсіпбек Аймауытов Ақбілек романы арқылы
Ақбілек баяғы емес. Өзгерген, өнер тапқан, жетілген, ысылған. Әйелдерге көсем болған. Бұрынғы бұйығы, ұялшақ, сызылған, мұңайған Ақбілектің ізі де жоқ. Ақбілектің қылығын, ісін көргенде ақсақал таңданады: «Бұл қалай боп кеткен? Қаланың не қасиеті бар? Жұп-жуас, ұялшақ бала емес пе еді?» деп ойлайды. Қалайда Ақбілек жат, Ақбілек өнерлі! Ол енді ақсақалдың ғана баласы емес, көптің баласы. Енді ақсақал одан именеді. «Мынауың теріс» деуге бата алмайды. Баяғы өзінің қаталдығын ойлағанда, өзінен-өзі ұялады. «Кешірім сұрасам, қайтер еді» деп бір ауық ойланады. Бірақ әке басымен балаға кішіреюді лайық көрмейді. Сондықтан Ақбілекпен кездескенде: — Қарағым, немене? Шөлдеген жоқсың ба? Қымыз іштің бе?— деген сияқты қалбалақтап қалады. Әкесінің онысын Ақбілек те сезеді, әкесін аяйды. — Жоқ, әке! Шөлдегем жоқ,— деп, еркелеген секілді, қасына келіп отырып, бала оқытқанын, жеңгесінің тілі келмегенін, әйелдердің күлгенін әңгіме қылады. — Қарағым-ау! Елге келіп тынығады десе, жүдеп қаласың ғой… Ол қатындардан не шығады деп жүрсіңдер?— деп маңдайынан иіскейді. — Әке-ау, заман оқығандікі ғой,— дейді Ақбілек. — Оқығанмен келін екеуіңдей болар деймісің!— деп, баласын көтеріп қояды.
Жаны нəзік қыз болғанымен, Ақбілек керемет қайсар. Бұл оның өзі сезінбегенмен, туа біткен табиғатында бар қасиет. Автор Ақбілек бойындағы мұндай ерекше қасиетті əрбір қажетті сəтінде, керек кезінде ашып отырады. Мəселен Орынбордағы оқу кезіндегі қиындықтарды жеңе білу де оның осы төзімділігінің арқасы. «Бес жүзге тарта бала бар. Үй тар. Отын кем. Жұмасына бір жаға ма, жақпай ма. Үйдің іші былғаныш, сасық. Көп бала сасытпай тұра ма? Тесікті ашсаң, азынап суық кіреді – ауырып қаласың. Ашпасаң тұншығып кете жаздайсың. Оның үстіне тамақ та жайсыз. Ашаршылық жылы ғой. Таласып тармасып, күніне жарты қадақ нан, бұлдыры жоқ картоп салған сорпа ішесің. Кешке бір қайнаған су. Оқу оқып жетілгеннен бұрын, аштан өле жаздадық. Талай бала ауырып шығып кетті. Өлгендері де болды. Қыстың аяғына жете алмай, мен де жүдеу басқа айналдым».
Достарыңызбен бөлісу: |