Баланың денсаулығын сақтаймын десе ата-ана төмендегідей жағдайларды бұлжытпай орындағаны дұрыс.1 ) 1-4 сынып оқушылары тәулігіне 30-40 минут , 5-8 сынып оқушылары тәулігіне 40-50 минут, 9-11 сынып оқушылары 60 минуттан артық отырмау 2) бала монитордан 70 см қашықтықта жұмыс істегені жөн компьютер тұрған бөлме жарық болғаны дұрыс. 3)компьютермен жұмыс істегенде ыңғайлы орындықты қолданыңыз. 4) егер компьютерде 2 сағаттан артық отыратын жағдай туындай қалса, арнайы көзәйнекті пайдаланыңыз. 5) өз көздерiңізге демалыс беру үшін көз жаттығуларын жасаңыз. 6) баланың үй тапсырмаларын орындамай тұрып компьютер пайдалануына шек қойыңыз . Демек, кез-келген ата-ана балаларына компьютердің зияны туралы уақыт сайын ескертіп отырғаны дұрыс. Жалпы шамадан тыс компьютер алдында отыру баланың ғана емес, үлкеннің де жүйкесін жұқартып, жоғарыдағы аталған дерттерге әкеліп соғатынын есте ұстаған дұрыс .
Осы мәселе бойынша әдебиеттерді талдай отырып және осы мәселеге сәйкес эксперименттік зерттеуді жүргізе отырып, біз ата-аналар мен педагогтарға келесідей ұсыныстар жасаймыз: Жасөспірімнің қанша уақыт бойы және қандай компьютерлік ойындармен ойнайтындығын шектеу және бақылау; Жастық мүмкіндіктерге сәйкес және құрамында шектен тыс зорлық-зомбылық пен агрессия жоқ, ойындардың жанрын дұрыс таңдап алу да үлкен мәнге ие; Жасөспірімнің мінез-құлқын мұқият бақылау. Агрессивтіліктің шектен тыс деңгейінің, эмоциялық қозғыштықтың көрінуі, қарым-қатынас уақытының азаюы және басқа да іс-әрекеттің түрлері мазасыздық туғызатын сигнал болуы және психикалық бұзылыстардың көбею ықтималдығын жоғарылатуы мүмкін. Бұл достармен қарым-қатынасқа түсуден, оқудан, спортпен шұғылданудан, қоғамдық өмірге араласудан бас тартуда, компьютердің виртуалды әлеміне «кетуде» көрінуі мүмкін. Компьютерлік ойындар өзара әрекеттестіктің әдеттегі формаларын алмастырмауы тиіс, олардың құрамына еніп, оларды өзара толықтырып отыруы қажет; Мазасыздық туғызатын симптомдар пайда болған жағдайда мамандардың көмегіне жүгіну керек, себебі қазіргі таңда «гемблинг» (ойынға тәуелділік) емдеу мен психотерапияны қажет ететін психикалық бұзылыс болып табылатындығы анықталды. « ЖАСӨСПІРІМДЕРДІҢ АГРЕССИЯ ДЕҢГЕЙІНЕ КОМПЬЮТЕРЛІК ОЙЫНДАРДЫҢ ӘСЕРІ » атты жұмысымды қорытындылай келе, айтқым келгені, жақсы жетістіктерге жету үшін, адам салауатты өмірді ұстанып, денсаулығын күту керек. Сонымен қатар, әркез есте ұстайтын жайт, компьютер тек көзге зиянын тигізіп қана қоймай, адам ағзасына толықтай әсері зор. Барлық қауіпсіздік ережесін ұстанатын болсақ, компьютердің пайдасы көп, қауіпсіз және қызықты іс екені баршамызға мәлім.