Жастар газеті жастар – болашақтың кепілі №5 (42) 29 мамыр, 2013 ж



Pdf көрінісі
бет2/4
Дата19.02.2017
өлшемі4,6 Mb.
#4500
1   2   3   4

P.S  Тəуел сіз дік-

тің  ақ  таңын  кө-

ру  азат  елдің  ұл 

қыздары  болу 

на ғыз бақыт. Ал елі үшін жанын са-

даға  еткен  Бауыржан  Момышұлын 

ұмытпауымыз  керек.  Бір  кездері 

Зейнолла Қабдолов Мұхтар Əуезовті 

меншіктеп, «Менің Əуезовім» дейтін 

еді.  Осы  күнде  бізде  көрнекті 

тұлғаны  «Менің  Бауыржаным»  деп 

айтсақ  артық  кетпейтініміз  рас. 

Себебі  халыққа  жүрегінен  шыққан 

естеліктер 

қалдырып, 

нағыз 

патриоттық  рухты  сездіре  білді. 

Осы  күнгі  жас  ұрпақтың  үлгісі  де 

мақтанышы – Бауыржан ата.

Назгүл РАБИЛОВА

ЖЕҢІСТІ ЖАҚЫНДАТҚАН 

ҚАЗАҚ БАТЫРЛАРЫ

 



ӨШПЕС ДАҢҚ



ҰЛ ЕР БОП ТУСА ЕЛ ТІРЕГІ

4

С.Торайғыров  атындағы  Павлодар  мемлекеттік  уни-

верситеті  –  Болондық  процестің  толыққанды  мү-

шесі,  «Қазақстан-2050»  Стратегиясында  берілген 

мақ саттар  мен  міндеттерді  орындаушы  жəне  2011-

2020  жылдарға  арналған  білім  беруді  дамытудың 

Мемлекеттік бағдарламасын іске асыруды мақсат ет-

кен өңіріміздің алдыңғы қатарлы жоғары оқу орыны.

С.Торайғыров  атындағы  ПМУ  рес-

пуб ликаның 

инновациялық-бағ дар-

лы  оқу  орындары  қатарында.  Жо-

ға ры  оқу  орын  өзінің  білім  жəне 

ғы лыми-инновациялық потенциалын 

республикалық 

ғылыми-зерттеу 

институттары  мен  эко но микалық 

сек тор дағы  ірі  кəсі по рындармен 

ты ғыз  байланыс  орнатқан  инно ва-

циялық-бағдарлы  уни вер си тет тің 

қа ғидаттарымен дамытып келеді.

С.Торайғыров атын-

да ғы Павлодар 

мем ле кет тік уни-

вер си те ті нің инно-

ва ция лық ин фра құ-

ры лы мы «Ер тіс» 

ғы лы ми-тех но ло гия-

лық парк, инновация 

мен транс ферт ті 

тех но ло гия лар дың 

өңір лік ор та лы-

ғы, инновация мен 

ғылыми жобалардың 

өңірлік сайты жəне 

14 ғы лы ми-прак ти-

ка лық ор та лық тар-

дан тұ ра ды.

С.Торайғыров  атындағы  Павлодар 

мемлекеттік  университетінде  48 

ғылым  докторлары,  220  ғылым  кан-

дидаттары  мен  доценттер  қызмет 

етуде.  Металлургия,  үнем ділік  ре-

сурстары  мен  энер го үнем ділік  тех-

нологиялар,  металлургия  мен 

машинажасауды  дамыту,  құ ры-

лыс  индустриясы  мен  құ ры-

лыс  материалдарын  өн ді ру, 

биотехнология  жə не  фарма-

цевтика  өн ді рі сін  дамыту, 

ақ па  рат тық технологиялар, 

əлеуметтік-гу ма ни тар лық 

бағыттары бойынша ма-

мандар дайындауда.

С.Торайғыров атындағы 

Павлодар мемлекеттік 

университетінің білім көкжиегі 

Университет күні



С.Торайғыров 

атындағы  ПМУ  білікті  инженерлік 

мамандықтарды  даярлауға  көп  көңіл  аудара-

ды.  Бүгінде  университет  студенттерінің 

60  пайызы  техникалық  бағытындағы  білім 

бағдарламаларымен  білім  алуда.  Қазақстанның 

экономикасына  зор  ықпал  етуші  металлургия, 

машинажасау,  құрылыс,  жылуэнергетика,  элек-

троэнергетика салаларында қызмет етіп жүрген 

мамандарды айтуға болады.

Павлодар  мемлекеттік  уни вер си тетінің 

студенттері  «Қа зақ стан  алюминий»  АҚ, 

«Еуразиялық  энер гетикалық  корпорация-

сы» АҚ, «Қазхром» ТНК АҚ АФЗ, «Қазақстан 

электролизді  зауыт»  АҚ,  «KSP 

Steel» ЖШС ПФ, «Кастинг» ЖШС ПФ, «Не-

фтехим  компаниясы  LTD»,  «Павлодар  машина-

жасау  зауыты»  АҚ,  «Павлодар  Электржелілік 

Үлестіру компаниясы» АҚ жəне т.б. орындар-

да еңбектенуде.

С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік 

университетінің  түлектерін  еңбек  нарығында 

жұмыспен қамтудың тиімді жолы ретінде ЖОО 

мамандар  дайындаудың  дуальді  жүйесін  енгізуі 

шарт.  Биылғы  оқу  жылында  оқытудың  дуальді 

жүйесін енгізу Жоспары бекітілді.

С.Торайғыров 

атындағы 

ПМУ  Болондық  процесс  ая-

сында  студенттер  мен 

оқы ту шы лар дың ака де мия-

лық  ұт қыр лы ғын  дамыту-

да. 2012 жылы іш кі ака де мия-

лық  ұт қыр лық  шең бе рін де 

68 студент шетелде оқуын 

же тіл дір ді. Оның 49-ы 2012-

2013  оқу  жылының  күзгі 

се местрінде 

білімдерін 

ұштап  келді.  Студенттер 

Наварра 

Университеті 

(Испания),  Синьзянь  уни-

вер си те ті  (Қы тай),  Чехия 

техникалық  уни вер си те-

ті  (Чехия),  Бранденбург 

тех ни ка лық  уни вер си те-

ті  (Германия),  Вена  тех-

но ло гия лық  уни вер си те ті 

(Австрия),  Москва  энер-

ге тикалық 

институты 

(Ресей  Федерациясы),  Бал-

тика  халықаралық  акаде-

миясы  (Латвия)  жəне  т.б. 

жаһанның  алдыңғы  қа тар-

лы  жоғары  мек теп те рі нен 

білім алып келді.

С.Торайғыров  атындағы  ПМУ 

2011  жылы  –  56,  2012  жылы  – 

46  əлемдегі  алдыңғы  қатарлы 

жоғары  мектептердің  шетелдік 

ғалымдарын  шақырып,  ал,  2013 

жылы 48 шақыру көзделіп отыр.

С.Торайғыров атындағы ПМУ дамуының стратегиялық прио ри тет-

терінің  бірі  –  электронды  университеттің  дамуы  жəне  белсенді 

ақпараттандырылуы.

5

Жастар тынысы

Жалпы,  тест  арқылы  білімді  сынау  адамзат  тари-

хында  байырдан  бері  белгілі.  Тарихшылардың  айту-

ынша  көне  қытайлықтар  осы  тəсіл  арқылы  лауазымды 

қызметке тағайындалатын үміткердің білім деңгейін тек-

серген. Ал, оқушылардың білім сапасын сынау үшін бұл 

амалды  алғаш  Ұлыбританияда  1864  жылы  Дж.  Фишер 

қолданысқа  енгізген.  1883  жылы  британдық  психолог 

Ф.Гальтон тесті қабылдау теориясын жасап шығарады. 

«Тест»  сөзін  алғаш  1890  жылы  американдық  психолог 

Дж. Кеттелл алғаш қолданып, 1911 жылы неміс психоло-

гы В.Штерн бұл атауға «интеллектің коэффиценті» деген 

мағына берген. Бүгінде жаһанда білімді сынайтын тестті 

«IQ» деп атайды.

Білімі мен талабы зор оқушылардың жоғары оқу орын-

дарына  əділ  түрде  қабылдануы  үшін  енгізілген  Ұлттық 

бірыңғай  тестілеу  үрдісі  биыл  9-шы  рет  бүгінгі  ұрпаққа 

қызмет  еткелі  жатыр.  8  жылдың  ішінде  бұл  сынаққа  1 

миллион 200 мың адам қатысқан екен. Бүгінгі қоғамның 

мазасын қашыратын мəселелердің бірі осы – ҰБТ. Оқушы 

он бір жылдық білімді бірер сағатта түйіндеп шығады. Ол 

күнгі  көңіл-күй,  ол  күнгі  қобалжу  басқа  күндерден  ерек. 

Кеше ғана санаңда ойнақтап жүрген жауаптар дəл бүгін 

тас мидан шығып кетеді. Биылғы мектеп бітірушілер мен 

ата-аналар  алдағы  мемлекеттік  тестілеу  жақындаған 

сайын  қобалжи  түсуде.  Былтырғы  келеңсіздіктерден 

кейін Ұлттық тестлеу орталығының биылғы шаруасы да 

арта түсіпті. Мекеменің ақпаратын ескерсек, ҰБТ-ны да-

мыту мақсатында 2013-2014 жылдары екі кезең бойынша 

тестілеу тапсыру бойынша тəжірибе өтетін болады. 2015 

жылдан  бастап  ҰБТ  екі  кезеңге  бөлінеді. 

Біріншісі – ұлттық тестілеу қалпындағы бітіру 

емтиханы,  екіншісі  –  талапкерлерді  кешенді 

тестілеу қалпындағы ЖОО-ға түсу емтиханы. 

Бүгінде орталық осы шаруаға білегін сыбана 

кіріскен-ді.

ҚР  Білім  жəне  ғылым  министрі  Б.  Жұмағұлов:  «Біз 

барлық  сұрақтардың  стандартқа  сəйкестігін  анықтауға 

байланысты  толық  анализ  жасап  шықтық.  Сонымен 

қатар, қиындық тудырмайтын көптеген сұрақтар базадан 

алынып тасталынды. ҰБТ сұрақтарының шамамен 30-36 

пайызы толық жаңартылды», – деп мəлімдеді. Министр 

биылғы  жылғы  ҰБТ–ның  форматы  өзгермей,  тестілеу 

өткен  жылдардағыдай  154  орында  қазақ  тілінде  68315 

бала, орыс тілінде 31245 бала тапсыратынын жеткізді.

  Министрдің  айтуынша  Білім  жəне  ғылым  министр-

лігі  осы  жылғы  тестілеуде  логикалық  сұрақтарға  көңіл 

бөліпті. «Оқушылардың ойланып, ізденулері үшін биыл 

логикалық сұрақтар саны артады. Тіпті оқушы сұрақтың 

дұрыс  жауабын  білмесе  де,  бала  ойланып,  сұраққа 

дұрыс жауап беруі мүмкін», – деп мəлім етті Бақытжан 

Жұмағұлов.

Қазақстанда  Ұлттық  бірыңғай  тестілеуді  өткізуге  ба-

қылауды жүзеге асыру үшін Білім жəне ғылым ми нистр-

лігінің  1,5  мың  өкілі  оқытудан  өтеді,  деп  хабарлады 

Рrimeminister.kz сайтына берген сұхбатында ҚР БҒМ Білім 

жəне ғылым саласындағы бақылау жөніндегі комитеттің 

төрағасы  Серік  Ерсалиев.  Білім  беру  саласындағы 

бақылау жөніндегі комитеттің басшысы ҰБТ тапсыратын 

пункттердің  көбінде  аркалы  металл  іздегіштер  орнаты-

латынын хабарлады. Олар болмаған жағдайда қол ме-

талл  детекторлары  қолданылады.  Осы  жолғы  бақылау 

жұмыстары балаларға қатысты өте сыпайы болады деп 

жұртшылықты сендіріп отыр мамандар.

  Бұл  күні  мектеп  оқушыларының  тағдыры  тест  жа-

уаптарына  байланған  күн.  Соңғы  жылдары  ата-ана, 

баламен  қоса  мұғалімдер  мен  мектеп  директорла-

ры,  тіпті  облыс,  қала,  аудан  білім  департаменттерінің 

басшылығының жанын шүберекке түйіп жүрер күніне са-

налатын  болды.  Мемлекеттік  бақылау  нəтижесі  бойын-

ша қай мұғалімнің, қай мектептің, тіпті кейін қай өңірдің 

оқушылары жоғары немесе төмен деңгейді көрсетті деп 

салыстыра бастайтыны тағы мəлім. Бір жағынан жақсы, 

бəсекелестік  туады.  Екіншіден  қалайда  оқуға  түсем, 

қалайда  жоғары  көрсеткішке  жетемін  деп  қай-қайсысы 

болса да құйтырқы əрекетке барып жататынын ел хабар-

шыларынан құлағымыз шалып жатады. Бəріне топырақ 

шашуға  ниетіміз  жоқ.  Заманауи  заман  шындығы  осы. 

Шын мəнінде адамдарды «психоз» дəрежесіне жеткізетін 

не? Бірде бір тəжірибелі ұстаз: «қазіргі балаларды тестке 

бейімдеп алғанымыз соншалық, қойған сауалдың жауа-

бына  терең  ойланғысы  келмей  «қандай  нұсқаңыз  бар» 

деп  өзіме  сауал  жолдайды  бүгінгі  оқушылар»,  –  деп 

ашына  айтқан  еді.  Расында  ойлануды  қажет  етпейтін, 

ойындағысын жіті түсіндіре алмайтын ұрпақты тəрбиелеп 

жатқанымыз кез келгенімізді мазалайтыны хақ.

PS. Былтырғы жылы ҰБТ-ға 110974 мектеп бітіруші 

қатысқан.  Қазақстан  бойынша  орташа  балл  2012 

жылға қарағанда 2013 жылы едəуір төмендеді. Ол 70 

балды құрады. Ал 2011 жылы – 86 балл болған. Өткен 

жылы  43  163  мектеп  бітіруші  орташа  балды  жинай 

алмады. Биылғы емтихан тапсыру 1 жəне 15 маусым 

аралығында  өтеді  деп  хабарлап  отыр  Ұлттық  тест 

орталығы.  Мектеп  бітірушілерге  аладағы  емтихан-

дардан  сүрінбей,  қалаған  балдарын  жинауға  біз  де 

шын  жүректен  тілектеспіз.  Көрсеткіштеріңіз  жоғары 

болсын!

 



ӘҢГІМЕНІҢ ӨЗЕГІ



Қаланың  көркі  мəдениет  ескерткіштері  мен  əсем 

ғимараттар.  Сол  ескерткіштер  мен  ғимараттар 

елдің, халықтың игілігі мен мəдени мұрасы. Тарихи 

құндылығы  бар  естеліктер,  мүсіндер,  сəулет  өнері 

тіпті қала көшелеріндегі гүл шоқтары, шам жарығы 

мен  орындықтар  барлығы  да  халыққа  қызмет 

етуі  тиіс.  Көрген  көзге  қуаныш  сыйлап,  көңілге  ме-

деу,  санаңа  таным,  шаршағанға  сая  болуы  хақ  еді. 

Алайда,  қала  көркін  бұзып,  мəдени  нысандарды 

қирататындар неге көбейіп кетті?

Қала көркін бұзудың түрлері көп. Бүгінде қала мүлкіне 

жазу, сызу, қоғамдық мүліктерді қирату əдеттегі құбылыс. 

Ал  қабырғаға,  басқа  да  дүние  мүлікке  жазу  немесе  су-

рет  салу  түрін  граффити  деп  атайды.  Жалпы,  бұл 

сөздің төркіні италиян тілінің «тырналау» сөзінен туған. 

Қабырғаға сызғылау үрдісі Көне Шығыс елдерінде, Гре-

ция,  Рим  дəуірлерінен  бастау  алған  екен.  Қазақтың 

кең  даласында  да  үңгір  қабырғалары  мен  тастарға  су-

рет  салу  сонау  ықылым  заманнан  бергі  ишарат.  Ал 

қазір қоғам қабырғаға, қоғам мүлкіне сурет салу өнерін 

вандализмнің  əрекеті  ретінде  қабылдайды.  Көп  мем-

лекеттерде  билікке  қарсы  топтар  қала  қабырғаларына 

сурет салу, жазу арқылы наразылықтарын жеткізіп оты-

ратын  болған.  Мəселен,  1968  жылы  Париж  қаласында 

граффити  сызбаларымен  бүкіл  қала  революциялық 

анархиялық  ұрандарға  толы  болды.  Əлемнің  көп 

елдерінде қабырғаларға сурет салғаны үшін заң алдын-

да жауапқа тартылады. Енді бірі үшін бұл өнер түрі бол-

са, енді бірі үшін бұл тағылық немесе вандалдық əрекет 

саналады.

Вандалдар деген кімдер?

Вандалдар  –  көне  шығыс  германдық  тайпа.  Бұл  тер-

мин 455 жылдың 4 маусымында Римді талқандап кеткен 

шығыс-германдық  вандал  тайпасымен  тікелей  байла-

нысты.  Вандалдар  Римнің  дүние-мүлкін  тонап,  иеленіп 

кеткен. Алайда, тарихи деректерде вандалдардың мəңгі 

қаланың  мəдени  құнды  дүниелерін  қиратып,  жайратты 

деген мəлімет жоқ. Олар римдіктер үшін кейін пұл алар-

мыз  деген  ниетте  ғана  оларды  тұтқынға  алып  кеткен 

екен.  Десек  те,  вандалдардың  есімі  халықтың  мəдени 

ошақтарын  қиратып-жоятын  жабайылармен  қатар 

жүреді. Көне вандалдықтар осы бір əрекетімен-ақ мəңгі 

бұзақылардың  даңқына  ие  болатынын  өздері  де  сол 

сəтте білмесе керек. Дегенмен, бұл терминді Ұлы Фран-

цуз революциясы кезінде Генералды Штаттық конвенция 

мүшесі Анри Грегуар 1794 жылы «Вандализм əрекетінің 

қиратулары мен оның алдын алу баяндамасында» алғаш 

аузына  алады.  Ал,  ХІХ  ғасырда  вандализм  сөзі  өнер 

туындыларының,  сəулет  жəне  мəдени  ескерткіштердің 

мағынасыз  қиратуына  байланысты  айтылатын  термин 

ретінде кең етек алады. Вандалдарды бүгінде «жабайы», 

«аяусыз  ұрлық»,  «варварлық  тұрпайылық»  сияқты 

сөздермен төркіндес етеді.

Тағылық әрекеттер – қылмыс

Мəдени  ескерткіштер  мен  қала  мүліктерін  қиратып, 

көркін бұзған, халық ескерткіштерін қор еткен азамат заң 

алдында  жауапқа  тартылады.  Қазіргі  кезде  вандализм 

сипатындағы  қылмыстар  көбейіп  отырғаны  байқалады. 

Осыған  орай  ҚР  Қылмыстық  кодексіне  арнайы  бап 

енгізіліп,  қаскөйлік  əрекет  жасаушыларды  жазалау  ша-

ралары көзделген. Қылмыстық кодекстiң 258 бабы бой-

ынша:  «Тағылық,  яғни  үйлердi,  өзге  де  ғимараттарды 

жазулармен,  суреттермен,  қоғамдық  адамгершiлiктi 

қорлайтын  өзге  де  iс-əрекеттермен  қорлау,  сол  сияқты 

көлiкте,  өзге  де  қоғамдық  орындарда  мүлiктi  қасақана 

бүлдiру жүзден бес жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi 

мөлшерде немесе сотталған адамның бiр айдан бес айға 

дейiнгi кезеңдегi жалақысының жəне өзге де табысының 

мөлшерiнде  айыппұл  салуға,  не  жүз  жиырма  сағаттан 

жүз сексен сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға 

тартуға, не алты айдан бiр жылға дейiнгi мерзiмге түзеу 

жұмыстарына, не төрт айға дейiнгi мерзiмге қамауға алы-

нып, жазаланады.



Әл-Фараби армандаған қала

Əрбiр  отбасын  қоғамның  кiшкене  бөлшегi  ретiнде 

қарастырған əл-Фараби адамның өзiнiң жеке мақсаты бо-

лады, бiрақ бұл мақсат қала белгiлейтiн ортақ мақсатқа 

қызмет  етуi  тиiс,  яғни  адамдар  өзiнiң  жеке  мүдделерiн 

қоғам  мүдделерiне  бағындыруы  керек  дегендi  айтады. 

«Мемлекеттiк  билеушiнiң  нақыл  сөзiнде»  ол  отбасы 

мүшелерiн (Аристотель сияқты) бiрнеше бөлiкке бөледi. 

Олар ерi мен əйелi, қожайыны мен қызметшiсi, ата-ана 

мен  балалары,  мүлкi  жəне  оның  иелерi.  Осының  бəрі 

көпшілікке  қызмет  етуі  тиіс.  Үйдiң  өзiне  тəн  мақсатын 

қала  белгiлейтiн  ортақ  мақсатқа  жұмылдыруын  əл-

Фараби адамдардың адамгершiлiк қасиеттерiнiң көрiнiсi 

деп  есептейдi.  Ал  адамдардың  көздеген  мақсаттарына 

жетуi оның өзiне ғана байланысты, шын ақыл-парасатқа, 

iзгiлiкке,  игiлiкке  тек  адам  ғана  қабiлеттi,  бұл  адамның 

қолы жете алатын ең биiк бағыты деп ой қозғайды ұлы 

ойшыл.


Ашу-ыза кернегенде…

Вандализмді психолог мамандар адамның агрессиялық 

əрекетімен  байланыстырып  жатады.  Көп  жағдайда 

вандалдық  іс-қимылдар  шерулер  мен  көтерілістер 

кезіне  тəн  құбылыстар.  Психологиялық  жаншылған 

адамдар,  яғни,  ашудың  күшімен  қарсы  əрекеттер  жа-

сайды.  Мəселен,  Жаңаөзен  қаласындағы  тұрғындар 

мен  жұмысшылардың  көтерілісі  тағылық  əрекеттерге 

ұласқан. Кейде мұндай тобырды арам пиғылды көздейтін 

көшбасшылар қолдануы əбден мүмкін. Ашуға булыққан 

жастар олардың кезекті қаруы болып қала береді. Алайда, 

бейбіт 


күнде  тарихи  маңызы  бар 

ескерткіш нысандарын қиратып, жалпыға ортақ 

қоғамдық  игіліктерді  талқандау,  аялдамалар  мен  көше 

шамдарын  сындыру,  қала  тазалығын  ластау,  халық 

үшін  киелі  естелікті  қорлау,  зираттарды  құрту  сияқты 

вандалдық  əрекеттер  неге  жиілеп  барады?  Қаладағы 

əрбір осындай əрекеттерді көргенде жастарымызға кінə 

арта  салатын  əдетіміз  бар.  Дегенмен,  əр  іс-əрекеттің 

себебі немесе тамыры болатынын ескере бермейміз. Ол 

неге осы іске барды? Баласына уақыт бөле алмаған ата-

ана, əрдайым ұрыстың астына алатын ұстаз, жақсылығы 

мен мейірімділігін байқамай қалған əрбір үлкендердің де 

осы іске қатысы бар екенін естен шығармаңыздар.

Сөз  соңы.  Шаһардағы  əрбір  ескерткіш  тұрғындардың 

мəдениетінен  хабар  беретіні  белгілі.  Аялдамалар  мен 

ескерткіш  нысандарында,  қала  орындықтары  мен  пар-

таларда, қаланың көрнекі жерлерінен «Мен сені сүйем», 

«бұл жердің қожасы менмін» тағы сол сияқты сөздерден 

көзді алу мүмкін емес. Тіпті сызбаланған сөздер арқылы 

кімнің кім екенін, кімнің нендей психологиялық дерттері 

мазалап жүргенін анықтауға болады екен. Бірақ, əңгіме 

ол турасында емес. Осы жұқпалы дерттен айығу үшін не 

істемек керек?

Үміт пен үрей

Елімізде  ұлттық  біріңғай  тестілеуге  қатысу  үшін  өтініш  қабылдау  науқаны 

аяқталып,  емтиханды  өткізуге  қызу  дайындық  жұмыстары  жүргізілуде.  Биылғы 

жылғы  ҰБТ-ға  қатысуға  99560  мектеп  бітірушілер  тілек  білдіріпті.  Яғни  мектеп 

бітірушілердің жалпы санының 72 пайызын құрап отыр.

О.А. КОЛЛЮХ, 

психология ғылымдарының кандидаты

Вандализм  –  адам  жүріс-тұры сын дағы  бүлдіру, 

қирату  сияқты  қа лып тарының  бірі.  Соңғы  жылдары 

бұл мəселе төңірегінде қазақстандық басылымдарда 

көп  айтылып  жүр.  Сонымен  бірге,  жеке  вандализмді 

танытуға арналған бірнеше ғылыми жұмыстар жари-

яланды.

Вандализм – өнер, мəдени туындылары қиратылып, 



бұзылып  кетуіне  əкеліп  соқтыратын  адамның  дес-

трук тивті  (тал қандау)  жəне  девиантты  жүріс-тұрыс 

қалпы.

Қоғамдық  мүлікке  нұқсан  ке ле тін  иррациональ дік 



əрекеттер  ван да лизм нің  (қылмыс  ретінде)  белгілері 

болып табылады. Тұрмыста вандализм түсінігі біреудің 

немесе қоғамдық мүлікті қиратып, тал қандаумен бай-

ланысты бұзақылық əрекеттерді білдіреді.

Бұзақылық  –  күш  көрсету  мен  қиқар  мінез  арқылы 

қоғамды  құрметтемегенін  білдірсе,  вандализм  – 

айналадағылар байқамайды немесе бұл əрекеттерге 

мəн  бермейді,  əсіресе  мүлікке  залал  келтіріп, 

қиратуды  көздейтін  ниеті  жасырын  түрде  жасалатын 

əрекет түрі.

ӨРКЕНИЕТТІ ҚАЛАДАҒЫ ТАҒЫЛЫҚ ӘРЕКЕТ

Бетті дайындаған Жанар ƏБДІҚАЛИҚЫЗЫ


6

Көкейкесті

Уставтық  емес  қатынастар  əскер 

қатарындағы 

жауынгердің 

əскери 


қызметінің 

мерзімінен 

туындайтын 

дискриминациялардан 

бастау 

ала-


тын  құбылыс  екені  бүгінде  барша 

жұртшылыққа  аян.  Бұл  психологиялық 

жəне  физикалық  түрде  күш  көрсету 

арқылы жартылай криминалды мазмұнға 

ие қатынастар. Əлімжеттік əрекет барлық 

əскери ұжымдарға, тіпті, элиталық əскери 

күштерге  де  тəн  жағдай.  Көбіне  бұл 

құбылыстың пайда болуына ықпал ететін 

маңызды  себеп  бола  бермейді.  Мыса-

лы,  əскер  қатарындағы  жауынгерлердің 

ұлтына,  нəсіліне,  этникалық  мəдениеті 

мен  діни  белгілері  бойынша  бөлінуі 

«əлімжеттік»  емес,  жерлестік  дегенге 

көбірек  келеді  екен.  Əскери  əлімжеттікті 

анықтайтын  негізгі  фактор  –  əскери 

қызметіндегі  мерзімдік  айырмашылық 

қана.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет