Ғылыми жұмыстың жанашылдығы Құқықтық сауаттылық жарқын болашақ кепілі Қазақстан Республикасының Конституциясында — Қазақстан Республикасы өзінің демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтыратыны аталған. Бұл еліміз үшін мәртебелі мақсат. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Конституциясының 1 – бабында: «Қазақстан Республикасының ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары», — деп баян етілген.
Жастарды құқықтық сауаттылыққа тәрбиелеу – олардың қылмысқа ұрынбауына, өздігінен өмірдегі мәселелерді шешуде дұрыс шешім қабылдауына, келеңсіз, жағымсыз жағдайлардан тартынуына, қоғамға пайдалы іспен шұғылдануларына жәрдемдеседі.
Зерттеу бөлімі
Ғылыми жоба жазу барысында ең бірінші мектеп жасындағы оқушылардан және қала тұрғындарынан сауалнама алынды. Сауалнама алудағы мақсатымыз шағын қаламыздың тұрғындары мен мектеп оқушылары өздерінің қарапайым құқықтарын қаншалықты біледі және тәжірбие жүзінде қаншалықты пайдалана алатының анықтау болатын сауанамаға жалпы 25 респондент қатысты. оларға құқықтық сауаттылық бойынша қарапайым өмірде қаншалықты олардың құқығы бұзылған кезі болды деген сияқты қарапайым сұрақтар топтамасы қойылды.
Сауалнама қортындысы бойынша қатысқан респонденттердің көп бөлігі өздерінің қарапайым құқықтарының білмейтіндігі белгілі болды. Бізде сұрақ туындады егер адам өз құқығын білмеуі қоғамның негізгі мәселесі екені айтпаса да анық. Біз Қазақстанның жарқын болашақ кепілі жастар екенің Президентімізде айтып өткен болатын.Еліміздің дамуы жаңа замаңға сай дамуының негізгі драйверін жастар құрайтының негізге алсақ біз Қазақстанымызды толыққанды құқықтық сауаттылық орта қалыптасқан орта жасауымыз керек. Егер құқықтық сауатты қоғам құратын болсақ біріншіден, қоғамда қылмыс көлемі әлде қайда азаятыны анық сондықтан біз жалпы құқықтық сауаттылық арттыруда мектеп оқушыларымен жоспарланған бірнеше іс- шара өткізілді.негізгі масқаты: Құқықтық сауаттылықты арттыру
Тәжірбиелік бөлім
Ең алдымен мектеп оқушылары мен бірге біз «Мен өз құқығымды қаншалықты білемін» тақырыбында викториналық ойын өткіздік. Викториналық ойынды өткізу мақсатымыз оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталады. Викториналық ойынға құқық негіздері сабағын өтетін 9-11 cынып оқушылары қатысқан болатын ойын барысында оқушылар өз ойларын дійекті дәлелдемелер арқылы жүргізуге тырысты.
Тақырыпты зерттеу барысында біз ауданымыздың көлемінде жастар арасындағы құқықбұзушылықтар қаншалықты дәрежеде екенің анықтау үшін Шал ақын аудадық полиция бөлімінің ювеналды полиция бөлімінің аға инспекторы мен сұхбат жүргізілді.