AKADEMİ K BAKIŞ DERGİSİ
Sayı: 32
Eylül – Ekim 2012
Uluslararası Hakemli Sosyal Bilimler E-Dergisi
ISSN:1694-528X İktisat ve Girişimcilik Üniversitesi, Türk Dünyası
Kırgız – Türk Sosyal Bilimler Enstitüsü, Celalabat – KIRGIZİSTAN
http://www.akademikbakis.org
1
ЖАСТАРДЫҢ САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ
МАҢЫЗЫ
Алпамыс Рахымжанов ОРЫНТАЙҰЛЫ
∗
ТҮЙІН
Адамның қоғамда жақсы қарым-қатынас құру, денінің саулығы, көңілінің сергек, жат
əдеттерден аулақ жəне жауапкершілік сезімі жоғары азамат болып өсуі үшін ‘дене
шынықтыру мен рухани саулық’ маңызды. Бұл мақалада ұлтымыздың бүгіні мен ертеңі
жастардың салауатты өмір салтын қалыптастырудың маңызы мен қазіргі таңдағы
жағдайы қарастырылады.
ЖИІ ҚОЛДАНЫЛҒАН СӨЗДЕР: Денсаулық, дене шынықтыру, cауықтыру
кешендері
GENÇLERİN SAĞLIKLI YAŞAMINI OLUŞTURMANIN ÖNEMİ
ÖZ
İnsanın toplumda iyi ilişkiler kurabilmesi, sağlıklı ve dürüst davranabilmesi, özgüveni ve
sorumluluk duygusunun yüksek olması için bedensel ve ruhsal gelişim çok önemlidir.
Dolaysıyla bu makalede bir milletin bugünü ile geleceği olan gençlerin sağlıklı yaşam şeklini
oluşturmanın önemi ve günümüzdeki durumu irdelenecektir.
ANAHTAR KELİMELER: Sağlık, spor, spor merkezleri
THE İMPORTANCE OF CREATİNG A HEALTHY LİFESTYLE FOR YOUTH
ABSTRACT
For physical and mental development is very important to establish good relations with
human society, be healthy and behave honestly, self-confidence and a high sense of
responsibility. The future of every nation is youth. Thus, the importance of creating healthy
lifestyle for young people and the current status will be discussed.
KEY WORDS: Health, sport,sports hall
∗
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университеті, Педагогика ғылымдарының магистрі,
alpamys83@gmail.com
AKADEMİ K BAKIŞ DERGİSİ
Sayı: 32
Eylül – Ekim 2012
Uluslararası Hakemli Sosyal Bilimler E-Dergisi
ISSN:1694-528X İktisat ve Girişimcilik Üniversitesi, Türk Dünyası
Kırgız – Türk Sosyal Bilimler Enstitüsü, Celalabat – KIRGIZİSTAN
http://www.akademikbakis.org
2
1.
ДЕНСАУЛЫҚ ҰҒЫМЫ
Денсаулық – мінез-құлықтың дұрыс қалыптасуының, бастаманың, ерік-
жігерінің, дарын мен табиғи қабілетті дамытудың ең маңызды алғышарты. Денсаулық
мəселесі жүзеге асатын сауықтыру кешендерінің толық мəнінде жүзеге асырылуы
адамның денесін өмір бойы жетілдіріп отыруына негіз жасайды. Онда жабдықталған
қондырғылар мен денесін шынықтырумен үнемі айналысу оқушы-жастардың бос
жүрмеу проблемасын шешудің, жат қылықтардың көрінісін болдырмаудың да тиімді
жолы.
Дана халқымыз: «Дені саудың – жаны сау», «Басты байлық – денсаулық»,
«Тазалық – саулық негізі, саулық – байлық негізі» - деп тегін айтпаса керек. Медицина
атасы Ибн Сина: «Күнделікті дене шынықтырумен шұғылданып жүрген адам ешбір
емді қажет етпейді», - деп өсиет қалдырған. Шығыстың ғұлама ғалымы Əл-Фараби:
«Жас жеткіншектеріңізді көрсетіңіз, мен сіздердің болашақтарыңызды айтып берейін
десе, болашақ ұрпақ қамы жайында Елбасымыздың Қазақстан халқына жолдауында:
«Қазіргі заманда кез-келген мемлекеттің жоғары тыныс-тіршілігін қалыпты ұстап
тұрудың аса маңызды шарты – адамдардың өздері, олардың ерік-жігері, қажыры, білімі
болып табылады», деген. Яғни, салауатты өмір салты мен дұрыс тамақтануды, тазалық
пен санитария ережелерін насихаттайтын пəрменді ақпараттық іс-шаралар жүргізілу
қажет. Өмір салтын теріс əдеттерден спортқа көшіру тиімді жолдардың бірі болып
табылады.
Дене шынықтыру – сауықтыру жұмыстарын жетілдіру мəселесін ғылыми
тұрғыда негіздеу, оның түп тамыры мен тарихи даму жағдайларынан бастап талдауды
қажет етеді. Сауықтыру кешендерін дене тəрбиесінің теориясы мен əдістемесінің
дамуы мен қалыптасуын тарихи тұрғыда талдап өтсек, оның бастау көздері антикалық
дəуірден-ақ бастау алғаны белгілі. Мысалы, Ертедегі Греция мен Римде дене тəрбиесіне
негізделген кешендер жүйесі болған. Спартада үстем тап балаларына əскери дене
тəрбиесі берілген. Құл иеленушілердің балалары 7-ден 18 жасқа дейін мемлекеттік
тəрбие мекемелерінде тəрбиеленген. Бұл мекемелерде дене тəрбиесіне ерекше мəн
берілген. Балалардың денесін шынықтыру, қолайсыз климат жағдайларына төтеп
беруге жаттықтыру, əскери жаттығуларға (жүгіру, секіру, күрес, жекпе-жек, найзаласу
т.б.) үйретілген. Ал ежелгі дүниенің жəне орта ғасырдың спорттық-сауықтыру
кешендеріне үңілсек дене шынықтыру мен спорт өзінің тарихи тамырымен өте тереңге
кетеді. Археологиялық қазба жұмыстары тас дəуірінде дене шынықтыру
жаттығуларына арналған кешендер болғанына мəліметтер беріледі. Мұндай кешендер
Үндістан, Мысыр, Орта Азия жəне Оңтүстік Америка жерлерінде табылған. Ежелгі
Грецияда дене шынықтру дамуын сипаттайтын айғақ бар, ол олимпиядалық ойындар.
Жалпы гректің жəне аймақтық ойындарды өткізу үшін көптеген стадиондар салынған.
Ал Х-ХІ ғасырларда дене шынықтыру жаттығуларының кейбір мақсаты өте баяу
AKADEMİ K BAKIŞ DERGİSİ
Sayı: 32
Eylül – Ekim 2012
Uluslararası Hakemli Sosyal Bilimler E-Dergisi
ISSN:1694-528X İktisat ve Girişimcilik Üniversitesi, Türk Dünyası
Kırgız – Türk Sosyal Bilimler Enstitüsü, Celalabat – KIRGIZİSTAN
http://www.akademikbakis.org
3
дамыған. Оған ХІ ғасыр шығыстағы сауда канализациясының крес жорығының жəне
соғыс серілерінің пайда болуынан басталуы себеп болған. Орта ғасырлардағы дене
шынықтыру жаттығуларының негізгі бағыты соғыс серілерін соғысқа дайындау болған.
Орта ғасыр кезеңінің аяғы феодалдық кешеннің құлдырауына буржуазиялық мəдениеті
жəне дене шынықтыру пайда болуына əкелген. Буржуазия европа мемлекеттерін өз
қолдарына батыл алып саяси билікті жаулап алып, капиталистік өнер кəсібін қызу
дамытып жатқан жерлерде ірі спорттық кешендерді салуға мүмкіндіктер пайда болды.
Европаның əр түрлі елдерінде спорттық кешендерді жаппай сала бастау тек 19-
ғасырдың аяғында басталған. Оған барлық жердегі жаппай спорттық қоғамдардың,
клубтардың құрылуы əр түрлі елдердегі спорттық байланыстардың дамуы
олимпиядалық ойындардың қайтадан өткізіле бастауы себепші болған. Ал
Қазақстандағы ең алғашқы спорт клубы Семейде пайда болған. 1912 жылы «Нептун»
спорт клубының құрылуы соның айғағы. Онда гимнастика, жүзу, семсерлесу т.б.
спорттың түрлері жүргізілген.
2.
ДЕНЕ ТƏРБИЕСІНІҢ МАҢЫЗЫ
Дене тəрбиесі адамның денсаулығын нығайтып, күш-жігерін, ықпал ойын
арттырады. Дене тəрбиесі ертеде Грецияда, Римде едəуір дамығанын атап өттік. Сол
кезде Францияда Ф.Рабле, М.Монтель дене тəрбиесін ақыл-ой, біліммен бірге қарау
керек екенін насихаттаған. Чехтың ұлы педагогы Я.А.Коменский «Ұлы дидактика»,
«Ана мектебі» деген еңбектерінде балалар гигиенасы, денсаулығы, тамақ режимі
мəселелеріне, ойындары мен дене шынықтыру жаттығуларына ерекше мəн беріп, дене
тəрбиесі балалардың жас кезінен-ақ басталуы кажет екенін дəлелдеп, оны
педагогикалық процестің аса маңызды бөлігі деп қараған [1]. Ұлы педагог
К.Д.Ушинский дене тəрбиесін еңбекпен байланыстыра караған. Ол адамның ақыл-ойы
мен көзқарасының, күш-жігерінің қалыптасып дамуына еңбектің маңызын атап
көрсеткен. Гигиеналық жаттығулармен ұдайы шұғылдану, жүгіру, шаңғы тебу, жүзу,
кайық есу сиякты спорт ойындары мен арнаулы жаттығулар адамның тыныс алу
процесін күшейтеді, қан айналысын, зат алмасуын жақсартады [2,3].
Ендеше олай болса, "Салауатты өмір" салты деп нені айтамыз? Ол үшін
"салауаттылық" пен "өмір салты" деген ұғымдардың мəнісін анықтап алған жөн.
"Салауаттылық", яғни "Деннің саулығы" - Бүкіл əлемдік денсаулықты сақтау
үйымының Жарғысында көрсетілгендей дененің, моральдық жəне əлеуметтік
саулықтың, есендіктің толыққанды түрдегі жағдайы, "Деннің саулығы" - адамның
қоршаған ортаға байсалды, теңгерушілік қатынасын білдіретін дене мүшелерінің
қалыпты жағдайы.
AKADEMİ K BAKIŞ DERGİSİ
Sayı: 32
Eylül – Ekim 2012
Uluslararası Hakemli Sosyal Bilimler E-Dergisi
ISSN:1694-528X İktisat ve Girişimcilik Üniversitesi, Türk Dünyası
Kırgız – Türk Sosyal Bilimler Enstitüsü, Celalabat – KIRGIZİSTAN
http://www.akademikbakis.org
4
"Өмір салты" - адамның денелік, интеллектуальдық жəне еңбек əрекетін;
тұрмыстық өзара қарым-қатынасын; дағдысын, орныкқан мінез-құлық тəртібін, өмір
сүру қарқынын; бірсарынды жұмысы, демалысы жəне қарым-қатынас ерекшелігін
жатқызуға болады. Олай болса, "өмір салты" - деннің саулылығына нəтижелі ықпал
ететін "салауатты өмір сүру" үғымын білдіреді.
Қазіргі ғылым "салауатты өмір салтын":
•
ең жақсы үйлесімді тəртіп;
•
иммунитетті жэне денені шынықтыру;
•
дұрыс тамақтану;
•
орныкты өмір сүру əдеті;
•
зиянды əдеттің болмауы ("ауру қалса да - əдет қалмайды");
•
жоғары дəрігерлік белсенділік;
•
спортпен шұғылдану - деп түсіндіреді.
Қазақта "Деннің саулығы - бастың амандығы" - деген ұғым қалыптасқан. Олай
болса, салауатты өмір салты жəне оны тəрбиелеу мəселесі, көптеген ғасырлар бойы күн
тəртібіне қойылып келе жатқан əлеуметтік маңызы бар күрделі мəселе. Себебі, жаңа
XXI ғасырдың адамы - дені сау, рухы күшті, жан дүниесі таза адам болуы шарт.
Сондықтан, жастардың салауатты өмір сүруін қалыптастыру - мемлекеттің
қамқорлығы. Дені сау адам - қоғамның маңызды құндылығы.
Деннің сау болуы - ол, яғни өмірді шексіз сүю, қуаныш сезіміне бөлену, өмірден
лəззат алу, əрбір таңды, күнді асыға ризашылдық көңіл-күймен тосу жəне кешкілік қам-
көңілсіз, кіршіксіз тəтті ұйқыға кету, ең қажеттісі, өзіңді өзің сүю жəне күрмепеуден
басталады. Ол үшін, жастарды алдына өмірлік маңызды мақсат қоя білуге тəрбиелеу
қажет.
Философтардың айтуынша, бақытты адамдардың көңіл-күйі тек оларды
қоршаған қандай да болмасын өмірге ғана байланысты болып келмейтіндігі, сонымен
бірге сол өмір туралы адамның өз ойы қандай болатындығына да байланыстылығы.
Осындай көзқарас баланың өзін-өзі дұрыс бағыттап, күш-жігерін реттеп отыруына
көмектесуі мүмкін. Табиғат адам баласын жэне қуанышты өмір сүруге жаратса, ол оны
тайсалмай жəне төзімділікпен қарсы ала білуге дағдылануы қажет. Спортқа дағдылану
үшін сауықтыру кешендерінің маңызы зор.
Сауықтыру кешендеріндегі дене тəрбиесінің мақсаты – адам тұлғасының, оның
дене қасиеттері мен қабілеттерінің жан - жақты жетілуі, қозғалысты дағдылары мен
ептіліктерінің қалыптасуы, нəтижесінде тəн саулығын көтеру.
AKADEMİ K BAKIŞ DERGİSİ
Sayı: 32
Eylül – Ekim 2012
Uluslararası Hakemli Sosyal Bilimler E-Dergisi
ISSN:1694-528X İktisat ve Girişimcilik Üniversitesi, Türk Dünyası
Kırgız – Türk Sosyal Bilimler Enstitüsü, Celalabat – KIRGIZİSTAN
http://www.akademikbakis.org
5
Сауықтыру кешендерінде дене тəрбиесі арқылы салауатты өмір салтын
қалыптастыру да ғылыми еңбектер мен оқулықтар жазған П.Ф.Лесгафт, И.М.Сеченов,
А.Д.Новиков, Н.Н.Ефремов, С.М.Бажуков, И.М.Саркизов-Серазини, В.М.Бехтерова,
А.Г.Гусалов, И.Т.Назарова, Г.А.Ильин, И.Д.Зверова, Б.А.Воскресенский, О.П.Петров,
А.В.Косолапов, И.И.Брехман, А.М.Аршовский, М.М.Воронцов, В.П.Петленко,
Р.Артоманов, В.В.Колбанов, Е.О.Школа, В.Д.Санькин, В.В.Зайцев, К.А.Кулановты
ерекше атауға болады. Ал Қазақстандағы дене тəрбиесі ілімін жəне дене мүмкіндіктерін
дамыту ісін ұйымдастырып дамытушылар арасында Г.Белоглазов, М.Гуннер,
Д.Мудашко, В.Баканов, В.Зимин, М.Жайшыбаев, Г.Абдурахманов, Б.А.Тойлыбаев,
Алтын Жамбылқызы, Х.К.Сəтбаева, Ж.К.Нəлдібаева, Л.Г.Татарникова, Б.Төтенай,
С.Қосымбекова, Б.Басыбеков, М.Т.Тұрыскелдина, С.Тайжанов, А.Құлназаров,
Қ.И.Адамбеков, Б.У.Алимханов, Т.А.Акпаев, А.О.Аяшов, М.Б.Сапарбаев, Е.Уаңбаев,
Ж.Оңалбек, Т.Ж.Бекбатчаев, Ə.Ж.Тастанов, Қ.А.Атаев, Ж.М.Төлегеновтың еңбектерін
зор байлық деп айтуға болады. Бұл ғалымдардың зерттеу жұмыстары қазіргі таңда
Қазақстандағы сауықтыру жəне дене тəрбиесі саласында пайдаланылуда.
3.
ҚАЗІРГІ ТАҢДА САУЫҚТЫРУ КЕШЕНДЕРІНІҢ МАҢЫЗЫ
Қазіргі таңда сауықтыру кешендері арқылы оқушы-жастардың салауатты өмір
салтын қалыптастыру жұмыстарына үлкен мəн берілуде. Сауықтыру кешендерінің
негізгі міндеттеріне мыналар жатады: жалпы денелік дамуына ықпалы, табандылыққа,
ерлікке, батылдыққа тəрбиелеу.
Жалпы дене дайындығы барысында оқушы - жастар жеңіл атлетика, гимнастика,
шаңғы спорты, спорттық ойындар жəне жүзудің негізгі түрлерімен танысады. Бұл
оқушы-жастардың белгілі бір спорт түрімен айналысудағы денелік, техникалық,
тəсілдік жəне еркін қимыл-қозғалыстар жайында білім беріп, оның салауатты өмір
салтын қалыптастырады. Сауықтыру кешендерінің баламалас ұғымы ретінде
сауықтыру ғимараты немесе спорт ғимараты деп те атасада болады.
Спорт ғимараттары дене шынықтыру мен спорттың материалдық базасы
əлеуметтік инфрақұрылым обьектілеріне жататын дене шынықтыру-сауықтыру жəне
спорт ғимараттарының барлық түрлерінен құралады. Бірегей спорт обьектілері
Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша жекешелендіріледі.
Спорт ғимараттары орналасатын аумақтары құзіретті мемлекеттік органдар
аталған ғимараттарды болашақта салуға арналған жерді ағымдағы игеру жəне
келешектегі резервте ұстау үшін нормативтік бөлу арқылы анықтауы мүмкін. Тұрғын
үй аудандарының спорт ғимараттарымен қамтамасыз етілу нормативтері Қазақстан
Республикасының заң актілеріне сəйкес белгіленеді.
AKADEMİ K BAKIŞ DERGİSİ
Sayı: 32
Eylül – Ekim 2012
Uluslararası Hakemli Sosyal Bilimler E-Dergisi
ISSN:1694-528X İktisat ve Girişimcilik Üniversitesi, Türk Dünyası
Kırgız – Türk Sosyal Bilimler Enstitüsü, Celalabat – KIRGIZİSTAN
http://www.akademikbakis.org
6
Сауықтыру кешендеріне баулуда «дене мəдениеті», «дене тəрбиесі», «спорт»,
«дене қуатының қалпына келуі», «дене қуатының тынығуы», дене қуаты дайындығы»,
«дене қуатының жетілуі», «дене қуаты білімі» т.б. түсініктеріне назар аударған жөн.
Сауықтыру кешендерінде білімділік міндеттері:
- тұрмыс жағдайында, еңбекте (жүру, жүгіру, секіру, лақтыру, өрмелеу, ауыр
заттарды көтеру, алып жүру т.б.) жəне əскери-қолданбалы сипаттағы қимылдарда
(кедергілерден өту, шаңғымен жүру, күрес элементтері, т.б.), табиғи қозғалыстарда
өмірлік маңызға ие қозғалыс дағдыларын қалыптастыру;
- қозғалыстың берілген өлшемдеріне сəйкес күшті саналы түрде реттей білуді
қажет ететін жаттығу техникаларын меңгеру есебінен қозғалыс тəжірибесін молайту;
- күрделендірілген жағдайда дененің қозғалыс қимылдарын басқару
қабілеттілігін, оның ішінде қозғалыстың жаңа түрлерін меңгеруді дамыту;
- дене қызметінің барлық түрлерін меңгерудің саналылық негіздерін қамтамасыз
ететін білім жүйесін қалыптастыру.
Сауықтыру кешендерінде тəрбиелік міндеттері болса – денені үйлесімді
қалыптастырумен бірге оқушы-жастарды адамгершілік, ақыл-ой эстетикалық жəне
еңбек тəрбиесіне баулу.
Сауықтыру кешендерінің классификациясы: № 1
Сауықтыру кешендері
Жеке
кешенді
ашық
жабық
ашық
жабық
Спорт ойындарына
арналған футбол,
регби, допты хоккей,
ат спорты, ипподром,
жеңіл атлетика,
конькимен жүгіру,
алаңдар, тау шаңғы,
мылтық ату.
Спорт залдар,
бассейн, манеждер,
ату түрлері,
шахмат, дойбы
клубтары, тенистік
корттар.
Стадиондар,
спорт сарайлары,
көп залды
спорттық
кешендер,
универсалды
спорт зал, дене
шынықтыру
залы.
Стадиондар,
спорттық ядролар,
кешенді алаңдар,
бассейндер, шаңғы
стадиондары, тау
шаңғы стадионы,
яхта клубтары.
AKADEMİ K BAKIŞ DERGİSİ
Sayı: 32
Eylül – Ekim 2012
Uluslararası Hakemli Sosyal Bilimler E-Dergisi
ISSN:1694-528X İktisat ve Girişimcilik Üniversitesi, Türk Dünyası
Kırgız – Türk Sosyal Bilimler Enstitüsü, Celalabat – KIRGIZİSTAN
http://www.akademikbakis.org
7
Сауықтыру кешендері құрылымы, схемасы: № 2
Сауықтыру кешендері арқылы салауатты өмір салтын тəрбиелеу процесі өте
күрделі жəне көп қырлы, оған оқушыларды дайындау үлкен шыдамдылықты қажет
етеді. Салауатты өмір салтына оқушыларды əзірлеудің барлық тəрбиелік
құндылықтарына айрықша маңыз беріледі, бірақ барлық тəрбие жөніндегі іс-əрекеттер
жемісті бола бермейді. Қазіргі уақытта осы бағытта дайындау жұмыстары əр түрлі
денсаулық сақтау мекемелерінің жəне бұқаралық спорт сауықтыру кешендерінің
ұйымдастырған іс-шаралары арқылы жүзеге асырылып отыр. Сауықтыру кешендеріне
бұқара қауым сауығу мақсатында шынығуға келеді.
Шынығу – көп аурудың алдын алады, ұзақ уақыт еңбекке жарамдылықты
арттырады, жалпы ағза мүшелерінің физиологиялық функцияларын жақсартады. Бізге
дене жаттығуларының емдік қасиеті бұрыннан мəлім жəне ол дəлелденген: денеге, жан-
дүниеге, ақыл-ойға кешенді ықпал етеді. Ж.Ж. Руссо: "Жүру жəне қозғалыс ми мен
ойдың жұмыс істеуіне ықпал етеді" - дейді [4].
Салауаттанудың даму жəне қалыптасу кезеңдеріне шолу жүргізсек:
I - кезең, салауаттану - дені сау адамның денсаулығын сақтаудың, нығайтудың
заңдылықтарын, тəсілдерімен тетіктерін зерттеу жөніндегі ғылым. (И.И.Брехман).
II - кезең, Самалогия ілімінің дамуы. Организмнің ауру түрлеріне карсы
күресудегі мүмкіндіктерімен күресу тəсілдері анықталды (В.П.Петленко).
Сауықтыру кешендері
Негізгі спорттық
кешен
Көрермендер үшін
арналған кешен
Қосалқы спорттық
кешен
Спорттық алаңдар,
жеңіл атлетика
алаңдары
Трибуна, орындықтар
Душ, əжетхана,
ванна, киім
ауыстыратын
бөлмелер,
медициналық
бөлмелер, директор,
əкімшілік
қызметшілері
AKADEMİ K BAKIŞ DERGİSİ
Sayı: 32
Eylül – Ekim 2012
Uluslararası Hakemli Sosyal Bilimler E-Dergisi
ISSN:1694-528X İktisat ve Girişimcilik Üniversitesi, Türk Dünyası
Kırgız – Türk Sosyal Bilimler Enstitüsü, Celalabat – KIRGIZİSTAN
http://www.akademikbakis.org
8
III - кезең, гигиеналық - медицина тəжірибелерінің қорытындысы. Ауру
түрлерінің алдын алу мүмкіндіктеріне байланысты əлеуметтік, гигиеналық,
психологиялық деңгейде денсаулықты сақтау жəне нығайту іс-əрекеттері жүйесін
жасау жөніндегі ғылыми түсініктер дамыды.
IV - кезең, клиникалық-медицина тəжірибелерінің қорытындысы - адам
организмінің ауру түрлерінің, олардың себептері, емдеу жолдарының зерттелуі,
сауықтыру мүмкіндігінің анықталуы.
V - кезең, классикалық кезең адам денсаулығының маңыздылығы, оны алдың
алуы, сақтау қажеттілігі жөніндегі ой пікірлердің дамуы. (Гиппократ, Əбу Əли Ибн
Сина жəне т.б.) [5].
Кезінде Əбу Əли Ибн Сина (980 - 1037 ж.) өзінің "Дəрігерлік ғылым ережелері"
еңбегінде, ұзақ өмір сүрудің тиімді жолы, ауруды емдеу жолы емес, денсаулықты
сақтау мен нығайту екенін атап көрсеткен болатын. [4].
Біздің көзқарасымызша, "Салауатты өмір сүру салтына" 3 идея негіз бола алады:
“дене үйлесімділігі”, “жан тазалығы”, “ақыл-ойдың айқындылығы”. Бүл үшеуі тəрбие
жүмысының мақсатын анықтау мен оны ұйымдастырудың негізгі қазығы, дінгегі жəне
жастардың өзін-өзі тəрбиелеуінің жетекші бағыты болуы тиіс. Ол үшін мұғалімнің өзі
осы идеяның маңызды жетекшісіне айналуы тиіс. Ол өзінің педагогикалық əрекетін
"Ақиқат, Жақсылық, əдемілік" заңына байланысты атқаруы жəне соған сай өзі де өмір
сүре білуі тиіс. Сонда ғана ол ақиқат дүниеге айнала алады.
Салауатты өмір сүру идеясы жəне əдістемесі бүкіл тəрбие жұмысының өзегіне
айналуға міндетті. Ол тəрбие процесінің нəтижесін жоғары көтереді. Ол үшін
тəрбиешілер салауатты өмір сүруді ынталандыру жəне оның жүйесін құруы қажет.
Ендігі жерде қарастыратын мəселе салауатты өмір сүрудің негізгі принципі - бұл
еш ауруға шалдықпай, дертке жеткізбей-ақ, алдын-ала мол денсаулық көзін ашу.
Баяғыда Лұқпан Хакімнің: "Өмірде байлық қымбат па, жоқ даңқ қымбат па?" – деп
сұраған екен. Ол біраз ойланып тұрып: "Байлық та, даңқ та адам баласын бақытты ете
алмайды. Біле білсендер ауру ханнан дені сау қайыршы бақытты. Ал бақыт дегеніміз
не? Əрбір адамзат өзінің күш-жігерін халқына, өз еліне, ұрпақ тəрбиесіне жұмсап,
ақылды, парасатты жəне денсаулығы зор болса ғана бақытты", - деген екен. Салауатты
болашақты ойлайтын болсақ, жастарды СПИД, ішімдік, есірткі, экологиялық зардаптар
секілді əр түрлі аурулардан сақтау қажет. Ал өсіп келе жатқан ұрпақтың денінің
саулығы, көңілінің сергек, осы бастан жат əдеттерден аулақ болып өсуі үшін қолда бар
мүмкіндікті пайдалана білуіміз жəне бұл мүмкіндіктер денсаулық саласында алдын алу
шарасын жүзеге асыратын жəне сауықтыру кешендері барысында орындалатын
жүйелерді дамыту қажет.
AKADEMİ K BAKIŞ DERGİSİ
Sayı: 32
Eylül – Ekim 2012
Uluslararası Hakemli Sosyal Bilimler E-Dergisi
ISSN:1694-528X İktisat ve Girişimcilik Üniversitesi, Türk Dünyası
Kırgız – Türk Sosyal Bilimler Enstitüsü, Celalabat – KIRGIZİSTAN
http://www.akademikbakis.org
9
ҚОРЫТЫНДЫ
Қазіргі кезеңде Қазақстан Республикасы əлемдегі өркениетті елдермен терезесі
тең мемлекет ретінде халықаралық ықпалдастыққа бет бұрып, саяси экономикалық
мəселелерді ұлттық мүддеге орайластыра отырып, тиімді даму жолдарымен жүріп
келеді. Сондай ақ, көптеген зерттеулерде дене тəрбиесі мен салауатты өмір салтын
қалыптастыру мəселелері Қазақстанда жəне Ресейде өз деңгейінде қарастырылып, ал
сауықтыру кешендері мəселесі бұл ғылыми аймақта аз қарастырылған. Бүгінгі
сауықтыру кешендері Қазақстанда жеткілікті деңгейде құрылған, бірақта онымен
бұқара қоғамның айналысу деңгейі өте аз. Сауықтыру кешендерінің басым көпшілігі
коммерциялық негізде пайдаланылуда, сонымен қатар мемлекет қарамағындағы
сауықтыру кешендеріне оқушы-жастардың мүмкіншілігі болмайды. Өйткені олардың
өзіне насихат жұмысы аз атқарылады. Бұл практикадағы жəне ғылыми-педагогикалық
əдебиеттердегі жағдайын зерттеуімізде бірқатар қарама-қайшылықтарды көрсетеді.
Сауықтыру кешендері арқылы оқушы-жастардың салауатты өмір салтын
қалыптастыруда халықтық педагогика материалдарын пайдалануға бүгінгі өмір
талабына сай ұйымдастыруға қажетті жəне оның ғылыми-практикалық негіздері,
мазмұны мен əдістемесінің болмауы байқалады. Оған қоса тиімділік, сапалық,
нəтижелік көрсеткіштердің жоқтығы біздің зерттеу тақырыбымызды «Сауықтыру
кешендері арқылы оқушы-жастардың салауатты өмір салтын қалыптастыру» деп
таңдауымызға негіз болды.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ƏДЕБИЕТТЕР
Əбділлаев Ə.К., Оңалбек Ж.К., (2004), Дене мəдениетінің ілімі жэне əдістемесі.
Түркістан, 223 б.
Əлімжанова Г. Ерғазиева К., «Салауатты өмір салтын ұстау» «Бастауыш мектеп»,
(2004), 2 б.
Дүйісова Ə., «XXI ғасыр салауатты қоғам ғасыры» «Биология жəне салауаттылық
негіздері», (2003), 2 б.
Ильин Е.П., Психофизиолгия физического воспитания, (1980), Москва.
Уаңбаев Е., Дене тəрбиесінің негіздері, (2000), Алматы: «Санат», 72 б.
Достарыңызбен бөлісу: |