Жастардың саяси мәдениеті Қазақстандағы азаматтық қоғамды



бет18/28
Дата24.04.2023
өлшемі484,48 Kb.
#86097
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   28
Байланысты:
Диссертационная работа Рыстиной И.

Жастар және білім беру


Кез-келген елдің бәсекеге қабілеттілігі оның табиғи және адами әлеуетіне қатысты. Сондықтан көптеген мемлекеттер тіпті кедейшілік кезінде ең алдынғы қатардан табылуға болатындығын дәлелдеді. Өз кезегінде адами әлеуеттің, ең бастысы білімділік, біліктілік, адамдардың шығармашылық мүмкіндіктері және оларды іске асырудағы жағдайы шешуші мәнге ие болуда. Әсіресе білім XXI ғасырда бәсекелестік басымдылықтың басты көзіне айналуда. Сондықтан, экономиканың тиімділігі және өмір сүру деңгейі бойынша дамыған елдерден едәуір қалып қойған елдердегі білім берудің алдыңғы қатарлы позициясы туралы айтудың өзі орынсыз.
Адамның білімі, көбіне оның бітірген оқу орнына қатысты болады. Олар, оның сатылары бойынша жоғары көтерілген сайын соншалықты білімдірек бола түседі, олардың әлеуеті мен бәсекеге қабілеттілігі арта түседі. Еңбек өнімділігі мен сапасын, көптеген салалардың инновациялық тежелуін белгілейтін Қазақстанның еңбек әлеуетіндегі едәуір төмен бәсекеге қабілеттілігі кәсіптік оқу орындарының, әсіресе жоғары оқу орындарының жұмысында ақаулардың бар екендігін көрсетеді.
XXI ғасырда білім беру - жастардың үнемі болып отыратын өзгерістерге және жаңаруларға, үздіксіз оқуға, тез өзгеріп отыратын жағдайлар мен талаптарға бейімделуге дайын болған кезде ғана бәсекеге қабілетті бола алады.
Жастардың көзқарасымен қазіргі заманғы жоғарғы оқу орындарының сапасын бағалауға арналған зерттеулерге 52,2%-ы мемлекеттік ЖОО-да, 39,3%- ы жеке меншік ЖОО-да оқитын студенттер қатысты. Ұлттық ЖОО -дың студенттері – 6,3%, жауап бергендеңрдітағы 2,2% -ы халқыаралық университеттерде білім алып жатқандар [145, 26 б.].
Жастардың жоғары білім алу, сонымен бірге мамандық иесі болу туралы шешім қабылдау процесіне бірқатар факторлар әсер етеді. Бұл сұраунамада респонденттер үшін ЖОО -ға түсудегі негізгі мақсат мамандық алу болғаны көрінді, бұл туралы олардың 59,6%-ы айтуда. ұдБан басқа зерттеуге қатысушылардың 31,8%-ы оқуға түсудегі мақсат ретінде жоғары білім туралы дипломды алуқажеттігін көрсетті. Респонденттерд ің 6,5%-ы «Жақындардың үмітін ақтау үшін» деген жауапты таңдады.
Сұрақтарға жауап бергендер сонымен қатар «жақсы болашақ үшін»,
«еліміздің дамуына үлес қосқым келеді», «жақсы жұмысқа орналасу үшін»,
«біліктілігімді көтеру үшін» деген жауаптарды таңдаған (4-кесте) Кесте 4 -«Сiз қандай мақсатпен ЖОО-ға түстiңiз?, сипаттап көрiңiз»

Жауап нұсқалары

Таңдаулардың саны , %

Кәсіпке ие болу

59,6

Жоғары бiлiм туралы дипломға ие болу

31,8

Жақындарымның үмiтін ақтау

6,5

Жақсы болашақ үшiн

0,7

Жақсы жұмысқа орналасу

0,4

Еліміздiң экономикасының дамуына үлес қосу

0,1

Біліктілікті арттыру үшiн

0,2

Жауап беруге қиналамын

0,8

Мамандық таңдау – жастардың өмірдегі жоспарларын, оны өздігінен анықтауды іске асырудағы маңызды кезеңі. Жастар бұл қадамға көбіне оны ұғына отырып келеді, бұл сұраунама оны дәлелдеді: респонденттердің 83,3%-ы


«Сіз таңдаған мамандықты ұғымды таңдау деп айта аласыз ба?» деген сұраққа сенімді жауап берді.
Жасаған қадамын ұғынбай мамандықты таңдағандар саны барлық жауап бергендерден алты есе аз, нқаты айтқанда 13,5% болды. Бұл сұраққа жауап беруге қиналғандар 3,2%-ы құрады.
Көбіне мамандық таңдауға жеке фактор әсер етеді: сұралғандардың 31,3%-ы таңдалған мамандықты қалағандығын көрсетті. Екінші орында ата - аналардың ықпал етуі боғлан, яғни 20,3% респонденттердің мамандық таңдауына олар әсер еткен. 19,3%-на қандай да бір мамандыққа гранттың болуы маңызды болған. Отбасылық дәстүрді жалғастыратындығы туралы сұралғандардың 10,8% айтса, мамандықтың тартымдылығын 7% респонденттер көрсеткен.
Сұраунамаға қатысқан 54,2% жас адамға, таңдаған мамандығының беделі маңызды болған. Респонденттердің 25% өздерінің беделді мамандықты таңдау туралы ойланбағандығын көрсеткен. Сұралғандардың 12% -ы үшін таңдаған кәсібінің беделді болуы/болмауы еш мағына бермейтіндігін білдіреді. 3,7% респондент «менің мамандығым беделсіз» деп мәлімдеген. Сұралғандардың 5,1%-ы жауап беруге қиналады.
Оқу процесі, оқу жоспарының пәндерін меңгеру оқу-әдістемелік қамтамасыз етуден бастап жабдықтаудың, ауа температурасына, аудиториядағы желдеткіштің физикалық параметріне дейінгі оқытуға қатысты ресурстардың едәуір көлемін реттеуді талап етеді. Сұрау барысында респонденттерден мынадай қызметтердің: кітапхана, компьютерлік сыныптар, спорт кешендері, асхана, жатақхана, аудитория, зерт хана, қосымша қызметтердің жұмысына қанағаттану деңгейін анықтау сұралды. Қорытындысы 5-кестеде келтірілген.

Кесте 5 - «Сіз мынадайқызметтердің шеңберінде ұсынылған мүмкiндiктер көлеміне қаншалықты қаңағаттанасыз?»








Толық
қанағат- танамын

Қанағат- танамын

Қанағат- танбаймын

Қанағаттан- дырмайды

Жауап беруге қиналамын

Кітапхана

53,4%

34,7%

6,5%

3,8%

1,6%

Компьютер
сыныптары

40,5%

40,5%

10,3%

6,2%

2,4%

Спорт кешендері

43,0%

38,3%

9,4%

5,7%

3,6%

Асхана

42,7%

35,4%

12,2%

7,5%

2,1%

Жатақхана

33,1%

30,6%

13,0%

9,6%

13,7%

Аудиториялар,

39,5%

38,9%

10,7%

7,0%

3,9%

зертханалар
















Қосымша
қызметтер

37,0%

35,7%

11,4%

6,3%

9,2%

Қорытынды

41,3%

36,3%

10,5%

6,6%

5,2%

Барлығы

77,6%

17,1%

5,2%

Толығымен қатысушылардың жоғары деңгейдегі қанағаттанушылықтарын атап өтуге болады.


Респонденттер оны нқатырақ көрсету үшін берілген қызметтерді оған қолжетімділіктің, уқаыттылығының, көлемінің және студенттермен өзара әдептілігінің 4 параметрі бойынша шәкілдің 10 балына сәйкес бағалаған (6- кесте).

Кесте 6 - «Көрcетiлген қызметтердiң жұмысын 10-балдық шәкіл бойынша ұсынылған параметрлер бойынша бағалаңыз».





қызметтің атаулары



балдар

қорытындысы

қолжетім- ділік

уақыты- лығы

қызметтің көлемі

студенттермен арадағы өзара
әдептілік

кітапхана

8,7

8,3

8,2

8,3

8,4

компьютер
сыныптары

8

7,8

7,9

8,0

7,9

спорт кешендері

8,3

8,1

8,0

8,2

8,15

асхана

8,1

7,9

7,8

8,1

8,0

зертханалар

7,7

7,6

7,5

7,8

7,65

қосымша
қызметтер

7,8

7,7

7,7

6,8

7,5

Ұсынылған барлық қызмет сапаларының өлшемдері бойынша бағалау жоғары көрсеткіш берді. Бағалаудың төменгі шегі 6,8 балдан түскен жоқ. Осы сұраунамаға сәйкес оқыту процесін қамтамасыз етудегі ең «әлсіз жер» зертханалар менқосымша қызметтер болып табылды. Ең жоғарғы балл кітапхана қызметінде.


Осы кезге дейінқазақ тіліндегі әдебиеттер мәселесі шешілмеген (10% таңдаулар), оқу процесін ұйымдастыруға: жапсырмаларға, тұрақсыз сабақ кестесіне (8,7% тңадаулар), оқытудың ескірген әдістеріне (7,6%) ескертулер айтылды.
Оқыту сапасын сұрауға қатысушылар өте жоғары бағалады. Сұралғандар 58,4% «Сіздің ЖОО -дағы оқыту сапасын бағалаңыз» деген сұраққа «жоғары» және «жоғарылау» деген жауаптарды, ал 30,1%-ы «орта» деген жауапы таңдады. Респонденттердің 6,9%-ы «оқыту сапасы төмен» деп есептейді.
Білім беру стратегиясы қалайша түзеледі, респонденттер өзінің «білім беру кариерасын» қалай таңдайды: олар оқуын жалғастырғысы келеді ме, қандай мүмкіндіктер шеңберінде, қайда және т. б. – міне осы сұақтардың барлығына зерттеулер барысында жауап алуға болатын еді.
Білім алуды жғалстыру жөніндегі интенциясын іске асыру үшін сұралғандардың 34,7%-ы Қазақстандағы келесі академиялық сатыларға түсуді
жоспарлайды, екінші мамандықты өзі тұратын елінде алуға ниет білдіргендер саны 27,6%-ы құрайды.
Респонденттердің 13,3%-ы келесі академиялық саты бойынша шетелде оқуды жоспарлайды, сұраунамаға қатысушылардың 6,2 %-ы әлі шетелде шектеулі уақыт ішінде білім алуды таңдайды (7-кесте).

Кесте 7 - «Сiз өз бiлiміңізді жалғастыруды қалай жоспарлайыз?»





Жауап нұсқасы

Таңдаулардың саны, %

Бакалавриат

Магистратура

Барлығы

1

2

3

4

Қазақстандағы келесi академиялық
сатыға түсу

36,1%

38,1%

36,2%

Шетелде келесi академиялық сатыға
түсу

14,0%

15,5%

14,1%

Шетелде шектеулі қыуат ішінде білім алу (семестр, оқу жылы)

6,6%


9,5%


6,8%


  1. кестенің жалғасы




1

2

3

4

Елінде екiншi мамандыққа ие болу

27,5%

17,9%

26,8%

Жауап беруге қиналамын

15,8%

19,0%

16,0%

Білімін Қазақстанда жалғастыруды қалайтын негізгі массаның 63% -н қарсы білімін жалғастару үшін шетелге шығуды жоспарлаған 21%-ы көруге болады. Қазақстанда білімін жалғастыру мүмкіншілігін сұратуға қатысушылар нақты және қолжетімді деп бағалайды. 31% таңдау оны орташа қолжетімділік ретінде анықтай отырып ұстамды баға береді. Пессимистер 5,2%.


Білім беру сапасыңнымаңызды индикаторы еңбекпен қамтылған бітірушілердің пайызы болып табылады. Бірақ студенттердің өздері еңбекпен қамтылу келешегін қалай бағалайды. Қазақстандық еңбек нарығында жастар өз мүмкіндігін тиісінше оң бағалауда: сұралғандардың 45,2%-ы бұл сұраққа жауап бере отырып «жоғары» және «жоғарылау» деген нұсқаларды таңдады. Қалыс қалған 32,8% респондентттер ЖОО-ы бітіргеннен кейін ұжмысқа орналасу мүмкіндігін «орташа» деп бағалайды. «Төмен» таңдауын алған писсимистер – 11,6% ( 8-кесте).

Кесте 8 - «Сiз Қазақстандағы ЖОО -ны ақятағаннан кейiнгі жұмысқа орналасудағы өзіңіздің келешегіңізді қалай бағалайсыз?»





Жауап нұсқасы



Таңдаулардың саны, %



Жоғары

20,9

Жоғарылау

24,3

Орташа (жоғары емес/төмен емес)

32,8

Төмендеу

7,7

Төмен

4,0

Жауап беруге қиналамын

10,4

Оптимист-респонденттер өздерінің келешектегі еңбекпен қамтылуын бағалауда жеткілікті деңгейде сенімділігін тудыратын бірқатар аргументтерді келтірді: ол алатын кәсібінің қажеттілігі, жеке қасиеттері (бәрі адамның өзіне байланысты), өзінің біліміне сенімділігі, мемлекеттің көмегі («Жастар практикасы», Жол картасы).


Реалистер «барлығы еңбек нарығына, бітіргеннен кейін қолына диплом беретін университетке, байланыстарға қатысты» деп есептейді.
Писсимистік түрде ойлайтын зерттеуге қатысушылар «бітірушілер көп, ал жұмыс орны аз, қай кәсіпке болса да қажеттілік жоқ, «шетелдік» білім қажет, білім беру сапасының жеткіліксіз деңгейі бар» деп ойлайды.
Қазақстандық жоғары білімнің өзгеру сипаты туралы сұрақ оңай болмай шықты. Респонденттердің 39,4%-ы өзінің жоғары білім беру жүйесіндегі өзгерістерге қатысын анықтауға қиналады. Қалған сұралғандардың пікірі үш позицияның арасында әр түрлі бөлініс тапты.
Респонденттердің бірінші тобы - ешқандай өзгерісті сезінбегендер, олардың таңдаудағы үлесі 26,8%-ы құрайды.
«Реформалар прогресивті сипатта, әнже жоғары білім жүйесі жақсы жағына өзгеруде» деушілер 24,8%-ы құрады. Олардың аргументтері
«материалдық базаның жақсаруынан, ықшамдаудан, инновациялық әдістерді енгізуден студенттер ағрыасындбаәсекелестік, студенттердің жауапкершілігінің артуынан» деген оң бағалаулардан тұрады.
Респонденттердің 9%-ы өзгерістерді теріс бағалайды. Бұл топтың аргументі жоғары білім берудегі жалпы ақауларды:

  • «Оқыту нысаны толығымен әзірленбеген, сапа жоқ».

  • «Барлығы ақшаға жұмылдырылған».

  • «Лекцияға аз уақыт бөлінбеген».

  • « Объетивтілік жоқ».

  • «Жалқауларға арналған әдіс».

  • «Студентерде өздігінен жұмыс жасау қабілеті баяу дамыған».

  • «Кредиттер ақылы».

  • «Бітпейтін реформалар оқу процесін қиындатуда».

  • «Білімді - біліксіз оқытушылар беруде».

Осылайша жастар жоғары білім жүйесіне қанағаттануда, дегенмен олар теріс үрдістер мен орын алған проблемаларды көрсетуде. Көптеген респондентттер жүргізіліп жатқан реформалардың тиімсіздігін атап өтті (мысалға көптеген жастар оқытудың кредиттік жүйесіне көшкеннен кейігі өзгерістерді көрсетпеген). Респонденттердің көпшілігі «қазақстандық жоғары білім беру текқана орталық азиядағы жоғарғы оқу орындарымен бәсекелесе алады» деген. Бқі,ра басқа анық көрсетілген жастардың әлеуметтік
проблемаларының қатарында «жоғары білім беру саласы қанағаттанарлық» деп есептелінген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет