Жастық шақ (20-23 жастан 30 жасқа дейін) Жастық шаққа жалпы сипаттама мен танымдық ерекшеліктер


Жастық шақтағы өмірдің маңызды жақтары



бет2/3
Дата24.06.2022
өлшемі20,44 Kb.
#37264
1   2   3
Жастық шақтағы өмірдің маңызды жақтары.
Махаббат және отбасы. Жастық шақты көбінесе махаббат жасы деп атайды. Бұл кезең жыныстық белсенділік, сонымен қатар қыз балалардың организмі дүниеге сәби әкелуге дайын болғандықтан, көптеген адамдар некеге тұрады. Жастық шақта адамдар жылдам танысып, бір-бірін оңай тани алады, бірлескен өмір салтына жалдам бейімделеді.
Әрине, ер адам мен әйел адам арасындағы маххабат тек қана жастық шаққа ғана тән емес.
Махаббаттың өзге де түрлері бар. Олар: ата-ана мен бала, аға мен қарындас арасындағы махаббат, достық байланыс, өз ісіне деген, өнердің бір түріне деген махаббат. Ер мен әйел арасындағы махаббат оларды толыққанды етеді. Әрбір адамның махаббаты қайталанбас және оның тұлғасына байланысты болады.
Отбасы құру тұлғалық даму үшін өте маңызды. Адам дүниеге сәби әкелу мен болашақ ұрпақты тәрбиелеу жауапкешілігімен байланысты жаңа қоғамдық статусқа ие болады. Отбасылық өмірдің жақсы болуы адамның жалпы дамуына – оның рухани өсуіне, қабілеттерінің дамуына байланысты. Дүниеге сәби әкелудің үлкен маңызы бар. Баланы дүниеге әкелгеннен кейін ата-ана тек қана әйел мен еркек болып қана қоймай, ана мен әке болады. Отбасылық өмірдің құрылымы өзгеріп, ерлі-зайыптыларда жаңа міндеттер, өздері дүниеге әкелген адам өмірі үшін ортақ жауапкершілік пайда болады.
Кәсіби іс-әрекет. Жастық шақтың ерекшелігі жар таңдау және отбасы құрумен аяқталмайды. Осы кезеңдегі дамудың екінші бір әлеуметтік жағы – таңдаған мамандығын меңгеру. Бұл кезеңде адам кәсіби шеберлікке ие болып, кәсіби дайындық аяқталады. Таңдалған мамандыққа қажетті білім, білік, дағдылар жеңіл меңгеріліп, арнайы тұлғалық және функционалдық сапалар дамиды (ұйымдастыру қабілеттері, инициативтілік, нақтылық пен тиянақтылық, реакцияларының жылдамдықтары).
Егер жастық шақта өмірлік жол дұрыс таңдалса, адам өз мамандығында үлкен жетістіктерге жетеді. Ал ғылым жолын таңдағандар ғылым кндидаты болады. Кәсіби шеберлікпен бірге кәсіби компетенттілік дамиды.
Достық. Жастық шақта достық байланыстарды орнату мен дамыту маңызды болып табылады. Психологтардың пікірлерінше, достық осы кезеңде, махаббат сияқты жаңа сапалы деңгейге көтеріледі екен. Достықтың жай жолдастық қарым-қатынастардан айырмашылығы, онда рухани жақындық болады. Достық-өзара сенім мен ортақ қызығушылықтарға негізделген жақын қатынас.
Достық үшін жалпы ұқсастықтар қажет. Көбінесе достардың жастары, әлеуметтік деңгейлері, мәдениеттілік деңгейлері, құндылықтары мен әлеуметтік бағдарлары жақын болып келеді. Сонымен қатар достық бір жыныстылар арасында боады. Достық махаббат секілді тіллекпен пайда болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет