Жасуша қасиеттері: -зат және энергия алмасу, -өсу,көбею, -тұқым қуалау, -тітіркендіргіштерге жауап қайтару



бет2/5
Дата01.02.2023
өлшемі1,14 Mb.
#64330
1   2   3   4   5

ЯДРО ЖӘНЕ ЯДРОШЫҚ

  • Ядро қабықшадан, оның ішкі ортасын түзетін ортадан, хроматиннен және бір немесе бірнеше ядрошықтан тұрады.
  • Ядрошық хроматин және рибосоманың синтезін бақылайды.
  • Ағылшын ботанигі Роберт Броун 1831 жылы жасуша ядросын ашты.
  • Ядро жасушада жүретін барлық үдерістерді басқарады және оның тіршілігін қамтамасыз етеді.

МИТОХОНДРИЯ

  • Жасушада бірнеше мыңға жуық митохондриялар болады.
  • Митохондрияда тыныс алу кезінде тотығу-тотықсыздану үдерісі жүреді, осы үдеріс жасушаны энергиямен қамтамасыз етеді.
  • Митохондрия екі мембраналы қабықшамен қапталған.

Эндоплазмалық тор(ЭПТ)

Құрылысы

Қызметі

Жасушаның ішін түгелдей бір-бірімен тығыз байланысқан түтікшелермен торлап жататын екі жарғақшалы түзіліс. Сыртқы жарғақшаларына рибосомалар бекінсе - түйіршікті ЭПТ деп, ал бекінбесе- тегіс жарғақшалы ЭПТ деп аталады.

Тегіс жарғақшалы ЭПТ -майлар мен полисахаридтердің алмасуына қатысады. Түйіршікті жарғақшалы ЭПТ рибосомаларда -нәруыздар синтезделеді. ЭПТ-ның торланған түтікшелері жасуша ішіндегі басқа органоидтардың байланыс жасауына көмектеседі.

Гольджи жиынтығы

Құрылысы

Қызметі

Гольджи жиынтығы-ядроға жақын, жасуша орталығын (центриоль) айнала қоршап жататын көпіршік, түтікше тәрізді түзіліс.

Жасушада заттардың тасымалдануына, қажетсіз соңғы өнімдердің жасушадан шығарылуына қатысады.

Гольджи жиынтығы



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет