Өсімдіктердің тыныс алуы Өсімдіктер тыныс алу кезінде оттегін бойына сіңіріп, көмірқышқыл газын бөліп шығарады. Жапыраққа күн сəулесі түскенде хлоропластар ауадан көмірқышқыл газын сіңіреді. Яғни ауаны көмірқышқыл газынан тазартып, оттекпен байытады. Тыныс алу кезінде бөлінген энергия өсімдік мүшелерінің өсуі мен дамуына жұмсалады. Фотосинтез процесі мен тыныс алу бір-бірімен тығыз байланысты. Мысалы, өсімдік фотосинтез арқылы тыныс алуға қажетті оттек пен көмірсулар алады. Ал өсімдік тыныс алу кезінде фотосинтезге қажетті көмірқышқыл газы мен су өндіріледі. Күн сəулесінің əркелкі түсуі де көп жағдайда өсімдіктің тыныс алуына əсер етіп жатады. Мысалы, күн сəулесі қатты қыздырған кезде фотосинтез тез жүреді. Осы кезде өсімдік оттек пен көмірсулар ауаға бөлінеді де, ал оттек крахмалдың түзілу формасында қалады.[2]