220
Суреттен көріп отырғанымыздай, синтаксистік талдама файлдың 8-
ші жолындағы қателік туралы хабарлама шығарды. Егер мұқият қарасақ,
онда 7-ші жолда нұсқаудың аяқталғандығы туралы белгінің жоқ екенін
байқауға болады, ал 8-ші жол жаңа командадан басталады.
Бұл қатені дұрыстау оңай.
Блокнот көмегімен
4.php файлын ашыңыз.
7-
ші жолдың соңында нұсқаудың аяқталғаны туралы белгіні (;)
қосыңыз.
Файлды сақтаңыз және Web-сервердегі белгіленген бумаға көшіріп
алыңыз.
Егер браузерде бұл файл әлі ашық болса, онда F5 батырмасын
немесе құрал-саймандар панеліндегі
Обновить батырмасына басыңыз.
Жұмыс терезесінде скрипт жұмысының нәтижесі пайда болу керек:
Сурет-5.1.10.
Достарыңызбен бөлісу: