Жат жұрттық ешқашанда жарытқан да, жерсінген де емес, бүгін балын берсе, ертең уын ұсынады



Дата06.01.2022
өлшемі14,57 Kb.
#16190
Байланысты:
Эссе.


Жат жұрттық ешқашанда жарытқан да, жерсінген де емес, бүгін балын берсе, ертең уын ұсынады

Зерттелген көп дерекке көз жүгіртсек өзіміздің жерімізден тысқары өмір сүріп жатқан алты миллионға жуық қандасымыз бар екен. Солардың барлығын болмаса да елім деп жүрегі соққан, атамекеніне асық ағайындарды туған жердің топыағын сүюге мүмкіндік беру үшін жыл сайын шаралар қолданылып, реформалар жасалып жатқандығы ақиқат. Алайда дүниенің әр түкпірінде шашырап жүрген қазақ бауырлардың бүгінгі күні басын тезірек жинамасақ кейін жоғалтып алуымыз әбден мүмкін ғой. Себебі олардан тараған ұрпақ ананың сүті мен әкенің қанын сіңіріп өскен күннің өзінде уақыт өте келе туған тілде сөйлеуі, туған жерге деген сүйіспеншілігінің сақталуы қиындау. Қазіргі күні шет елдегі көптеген қазақ мектептері жабылып, қазақ тілінің пін ретінде оқытылуы тоқтатылып жатқандығын ескерсек – бұл өте өзекті мәселе.

Соңғы жылдары атамекенге оралған қазақтар саны біршама өсті. Қазақстан бұрынғы әлеуетіне қарағанда бүгінгі күні біршама жоғарылады. Жат елдегі қандастарымызды туған топырағына қайтарып, олардың жай-күйін жақсартуға, мұқтаждықтарын қамтамасыз етуге әл-ауқаты жетіп отыр. Алаш баласын отанына жинау елбасымыздың бастауымен қолға алынған салиқалы саясаттың бірі. Отанына оралған қандастарымызға оралман деген атақты алып тастап, қандас деп аталуынан-ақ олардың біз үшін жат емес, керісінше бауырдай екендігін ұғыну қиын емес. Заман түлкі болып тазы болып шалған уақыттары туған елдің басына түскен нәубеттер аз болмаған. Сол шақтарда ешбір ағайынды шаңырақтан қуып шықпағанымыз да белігілі. Әрқилы тарапқа амалсыз шашыраған бауырлардың қайтып келуі қазақ халқы үшін сор емес, керісінше бақ екендігін түсінуі керек.

Қандастарымыздың елге оралуынан кемшіліктер көретін кейбір тобырлы түсініктер де бар. Бірақ егер біз ұлтты тұтастандырып тұрған басты фактор – сол ұлттың ішкі біркелгілігі мен ұлттық санасы жәнепатриоттық рухы десек, бқлар қазақ халқында өте басым деуге негіз бар. Өйткені қазақ халқының тіліннде аймақтық сипаттан асқа бірін-бірі түсінбейтіндей диалекті жоқ, мінез-құлқында да айырмашылық кездеспейді, олардың бәрінде де қазақы жақсы қасиеттермен бірге жағымсыз дағдылар да қоса жүреді. Бұл мінездің қазақ баласының қайсы тілде сөйлейтініне қарамастан, бәріне ортақ екендігіне көз жеткізуге болады. Сондықтан мынау қазақтілді қазақ, анау орыстілді қазақ, мынау оралман қазақ, анау жергілікті қазақ деп бөлуге неесе жүздерге, аймақтарға айырып жіктейтін арандату мен әрекеттердің бәрі де ішкі алауыздық тудыру үшін айтылатын сөздер болып қалмақ. Қазіргі кезде жаһандану дейтіндер көбейді де, ұлтымыздың, еліміздің ішкі біртұтасуын дәріптейтін ой-пікірлер өкінішке орай аз болып тұр. Алайда ұлттық біртұтастану процесі үздіксіз жүріп жатқаны ақиқат. Бұл ұлтымызды бірегейлендіретін дұрыс процесс болып табылады.



Тәуелсіздік жылдарымен тұспа-тұс елдің есігінен кірген қандастарымыз өзіміздің мәдениетіміз үшін, тарихымыз үшін өсіп-өркендеуі үшін ерен еңбек етіп жатқаны да мәлім. Қандастармен бірге елге жетіп жатқан мәдени бұлақтар отандық ұлы мәдениет айдынын толықтырып, толқындатып, деңгейін өсіре түсуде. Атап айтар болсам, қазақтың қаймағы бұзылмаған шырацлы тілі ен бағалы әдеби ығармаларығ дәстүрлі діні мен тұрмыс-салты , ұлттық рух пен мінез-құлқы, ұлтымыздың ұмыт болып бараатқан ән мен әуен, билері осы оралмандар арқылы соңғы отыз жылда отандық мәдениетке қосылды. Осы сынды шеттен келген ұлттық мөлдір мәдени бұлақтар шөліркеген жұртымыздың шөліне сусын болғандай ыстық ықыласпен қабылданды. Өйткені қазақ мәдениеті айда сақталсын, қайда жаратылсын, бәрі де ұлттық мәдениетіміздің құрамдас бөлігі болғандықтан, олардың тоғысуы тек қана ұлттық мәдениетімізді толықтыра, дамыта түседі. Керісінше, жат елдің тозық мәдениеттерінің елімізге сіңіп кіруі ұлттық мәдениетімізді әлсіретеді. Сондықтан шетел мәдениетін қабылдауда бізге аса үлкен талғампаздық қажет. Ал оралмандар өзгенің емес, өзіміздің шашылып қалған дәнектерімізді қайта жинап табыстауы ұлт үшін үлкен сый.

Міне осы фактілерден Отанға оралған қандастарымыздың елге оралу ұлкен қуаныш пен аса құнды абырой екендігін анық аңғаруға болады. “ Елге ел қосылса – құт” деген осы болар.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет