2-жаттығу. WinZip архивтеу прораммасын пайдалану 1. Өз бумаңызда Архив1 деп аталатын бума құрыңыз.
2. Құрылған Архив1 бумасына архивтеуге қажет файлдарыңызды, бумаларыңызды орналастырыңыз. Архив1 бумасының көлемін тексеріңіз, жазып алыңыз.
3. Құрылған Архив1 бумасының белгісінде тышқанның оң жақ батырмасына шертіңіз және пайда болған контекстік мәзірден Добавить в архив командасын орындаңыз.
4. Архивтеу параметрлерін көрсетіңіз (архивтің аты Doc.zip)
5. Архивтелген буманың көлемін жазып алған бастапқы бума көлеміменсалыстырыңыз.
6. Өз бумаңызда Архив2 деп аталатын жаңа бума құрыңыз.
7. Doc.zip архивінен *.doc кеңеймелі файлдарды алып Архив2 бумасына орналастырыңыз, ол үшін
Архивтелген бума белгісіне екі рет шертіңіз де, пайда болған терезедегі (архиватор терезесі) саймандар панелінен Найти командасын орындаңыз.
Искать командасының терезесіне ізделінді файлдың аты немесе шаблоны (кеңеймесімен қоса) жазылады да орындауға жіберіледі.
Результаты поиска терезесіндегі шыққан файлдардың бәрін белгілеңіз және Извлечь в командасын орындаңыз.
Пайда болған терезеде қалпына келтірілген файлдар барып орналасатын Архив2 бумасының маршруты көрсетіледі және ОК орындалады.
8. Архив2 бумасын дискетаға көшіріңіз.
3-жаттығу. Дискіге қызмет көрсету.
Дискетаның ( Диск 3,5(А:)) жұмыстық бетін тексеру. Ол үшін :
Мой компьютер терезесінен Диск 3,5(А:) белгілеп алынады.