Құжат тақырыбы



бет35/61
Дата23.06.2023
өлшемі1,18 Mb.
#103188
түріПрограмма
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   61
Байланысты:
informatika-pnnen-zerthanaly-zhmystar

Жаттығу жұмыстары:
1-жаттығу. Мәліметтерді сұрыптау.

  1. Өз бумаңызда Лаб_11_Ex жұмыс кітабын құрыңыз;

Жұмыс кітабының бірінші бетін (Лист1) Список деп өзгертіңіз, 11.1- кестедегі мәліметтерді енгізіңіз: Бағандардың атын өзгертіңіз, жолдардағы мәліметтерді енгізуде Данные ->Форма командасын пайдаланыңыз.
11.1- кесте



Топтың
номері

Сын. кітап. номері

Пәннің коды

Оқытуш. Таб. №

Сабақ түрі

Күні

Баға

133

11

П1

А1

Л.

12.12.04

4

133

12

П2

А2

Пр.

25.12.04

4

133

13

П1

А3

Л.

12.12.04

5

133

14

П2

А1

Пр.

20.12.04

2

133

15

П1

А2

Л.

12.12.04

3

133

16

П2

А1

Л.

25.12.04

4

133

17

П1

А2

Пр.

12.12.04

5

133

18

П1

А3

Пр.

25.12.04

5

134

19

П1

А3

Л.

7.12.04

4

134

20

П2

А1

Пр.

25.12.04

5

134

21

П1

А3

Л.

7.12.04

5

134

22

П2

А2

Пр.

25.12.04

2

134

23

П1

А2

Л.

12.12.04

4

134

24

П1

А1

Л.

25.12.04

5

134

25

П2

А3

Л.

7.12.04

3
























  1. Кестедегі мәліметтерді Пәннің коды бағаны бойынша өсу ретімен сұрыптаңыз, ол үшін :

  • Курсорды кестенің сұрыпталатын облысына апарып, Данные→ Сортировка командасы орындалады;

  • Пайда болған Сортировка диапазона диалогтық терезесіндегі тізімдерден Пәннің коды бағаны көрсетіліп, по возрастанию категориясы таңдалынады.

  1. Өсу реті бойынша сұрыптауды, кестенің үш бағаны бойынша жасаңыз: Топтың номері, Пәннің коды, Оқытуш. Таб. № , ол үшін курсорды кестенің сұрыпталатын облысына апарып, Данные→ Сортировка командасы орындалады, пайда болған Сортировка диапазона диалогтық терезесіндегі:

  • Сортировать по бөлімінде – Топтың номері бағаны, по возрастанию категориясы;

  • Затем по бөлімінде – – Пәннің коды бағаны, по возрастанию категориясы;

  • Последнюю очередь бөлімінде – Оқытуш.Таб.№ бағаны, по возрастанию категориясы таңдалынады да, орындауға жіберіледі.



2-жаттығу. Мәліметтерді фильтрациялау.

  1. Жұмыс кітабының екінші бетін (Лист2) Автофильтр деп өзгертіңіз. Список деп аталатын беттегі мәліметтерді (11.1- кесте) Автофильтр бетіне көшіріңіз.

  2. Осы берілген кестеден: “А1” оқытушыға, “Л” түрдегі сабақты “4”, “5” бағаларының біріне тапсырғандар жөнінде мәлімет алу керек, ол үшін:

  • Автофильтрация қолданылады, курсорды кестенің фильтрацияланатын облысына апарып, Данные->Фильтр->Автофильтр командасы орындалады.

  • Оқытуш.Таб.№ бағанындағы белгісіне шертіледі, пайда болған тізімнен А1 таңдалынады;

  • Сабақ түрі бағанындағы тізімнен Л. таңдалынады да, соңынан Баға бағанындағы тізімнен Условие таңдалынып, шыққан терезеде, келесі шарт: >3 жазылады, яғни Больше таңдалынады, сол жағына 3 жазылады.

  • Нәтижені қараңыз.

  1. Кестедегі мәліметтерді бастапқы қалпына келтіру үшін автофильтрацияны алып тастаңыз, ол үшін әрбір бағандағы фильтрация белгісіне шертіп,пайда болған тізімнен Все таңдалынады.

  2. Кестеден : “ 133” топтағы “ П1” пәнінен емтиханды “3”, “4” тапсырғандар туралы мәліметтер алыңыз.

  3. Автофильтрацияны алып тастаңыз.



3-жаттығу. Кеңейтілген фильтр.

  1. Жұмыс кітабының үшінші бетін (Лист3) Расшир_фильтр деп өзгертіңіз. Список деп аталатын беттегі мәліметтерді (11.1- кесте) Расшир_фильтр бетіне көшіріңіз.

1-Кезең . Фильтрациялау шарттары диапазонын Критерий сравнения типі бойынша құру.



  1. Расширенный фильтр командасын қолданбас бұрын алдымен критерийлер интервалы - фильтрациялау критерийлері берілетін обылыс көрсетіледі, ол үшін :

    • Бағандардың атын басқа орынға (мысалы, А18 ұяшықтан бастап қойыңыз);

  2. Жаңа орында, яғни фильтрациялау шарттары диапазонында Критерий сравнения – 134 топ студенттерінің П2 пәнінен «2» немесе «5» алуы көрсетілген обылыс-кесте құрыңыз, ол үшін :

  • Бұл шарттар критерийлер интервалына /11.2 –кесте/ жазылады.

11.2-кесте

Топтың
номері

Сын. кітап. номері

Пәннің коды

Оқытуш. Таб. №

Сабақ түрі

Күні

Баға

134




П2










2

134




П2










5



2-кезең. Кестені фильтрациялау.

  1. Кестені фильтрациялау үшін:

  • курсорды кестенің фильтрацияланатын облысына апарып ,

  • Данные→Фильтр→ Расширенный фильтр командасы орындалады;

        • Расширенный фильтр диалогтық терезесінің параметрлерін төменде көрсетілгендей түрге өзгертіңіз:

- скопировать результат в другое место белгіленеді (Установить флажок);
- Исходный диапазон тұсына кестенің: А1:G16 диапазонын көрсетіңіз;
- Диапазон условии тұсына шарттар диапазонын (немесе критерийлер
интервалын) : А18:G20 жазыңыз;
- Поместить результат в диапазон тұсына А21 ұяшығын жазыңыз.

        • ОК батырмасына шертіңіз.


Өздік жұмыс тапсырмалары:
(Тапсырманы орындауға қажетті мәліметтер нұсқалар бойынша төменде берілген
11-кестеден алынады)



  1. Өз құжатыңыздағы Список бетін, Список1 деп аталатын жаңа бетке көшіріңіз және ... бағаны бойынша , өсу ретімен сұрыптаңыз /1-тапсырма/ .

  2. Кестеден ... шартқа сәйкес келетін мәліметтерді автофильтрация арқылы анықтаңыз /2- тапсырма/.

  3. Кестеден ... шартқа сәйкес келетін мәліметтерді кеңейтілген фильтр арқылы анықтаңыз /3- тапсырма/.

11-кесте



1- тапсырма

2- тапсырма

3- тапсырма

1

Топтың номері және Оқытуш. Таб. №

7.12.04 мен 12.12.04 аралығындағы күндерге

Тобы 133, бағасы 4 немесе 5, пәні П1

2

Сын. кітап. номері және Сабақ түрі

П1 пәннен , 4 деген баға алғанға

Тобы 134, бағасы 2 және 4

3

Пәннің коды және Топтың номері

Сынақ кітапшасының номері 15 пен 20 аралығына

А2, бағасы 4 және 5, сабақ түрі -Пр.

4

Сабақ түрі және Күні

Оқытуш. Таб. № А1 және А2 болатындарға

Тобы 133, А1 және А2, сабақ түрі -Л.

5

Күні және Баға

2 және 3 деген бағаларға

Тобы 134,
Сын.№>21 , сабақ түрі -Л.



Бақылау сұрақтары:



  1. Мәліметтер қоры деген не?

  2. Мәліметтерді сұрыптау не үшін қажет?

  3. Фильтрацияның қандай түрлері бар?

  4. Сұрыптау мен фильтрациялаудың айрмашылығы неде?

  5. Кеңейтілген фильтр қалай орындалады?


ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫС №12


Тақырыбы: «Матрица. Матрицамен жұмыс істеуге арналған функциялар »




Мақсаты: MS Excel кестелерінде матрицалармен жұмыс жасай білу тәсілдерімен және соған арналған функциялармен таныстыру.
Негізгі түсініктер:
Массив – бұл бір типке жататын мәліметтермен жасалатын операцияларды жеңілдету мақсатында, оларды бір кестеге біріктіріп бір шама сияқты пайдалану мүмкін болу үшін енгізілген мәліметтің арнайы ұйымдастырылған бір түрі. Массивтің элементтері номерленеді, егер массив бір ғана жолдан немесе бағаннан тұрса оны сызықтық массив деп атайды да, ал массив бірнеше жолдар мен бағандардың жиынтығынан тұрса оны матрица түрінде қарастырады. Excel программасында кестеге енгізілген мәліметтің массив екенін программаға хабарлау үшін, формулалар жолында массивтің формуласы жазылады (= белгісінен басталғандықтан ) соңында міндетті түрде CTRL+SHIFT+ENTER пернелері қатар басылады, мұның нәтижесінде массивтің формуласы фигуралық жақшаға { } алынады (мысалы, {=A1:C1} немесе { =A1:C4}). Массив формуласына кіріп тұрған ұяшықтар диапазонын массив диапазоны, ал ұяшықтың мәндерін массив аргументтері деп атау келісілген. Массивтермен жасалатын операциялар ұяшықтармен жасалатын операциялардан өзгешелеу болады, сондықтан Excel программасында массивтермен жұмыс жасауға арналған арнаулы функциялар қарастырылған олардың негізгілері :


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   61




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет