Баған түріндегі және лента түріндегі Автоматты есеп берулер (Автоотчет в столбец, Автоотчет ленточный) – есеп берулерді жасаудың ең қарапайым оңай тәсілі, мұнда есеп беру негізге алатын кестенің немесе сұратудың атын көрсетсеңіз болғаны, қалғанын. Есеп беру шебері өзі атқарады.
Диаграмма шебері(Мастер диаграммы) есеп беруді диаграмма түрінде жасауға көмектеседі.
Пошталық жапсырмалар (Почтовые наклейки) пошталық жапсырмаларды баспаға шығаруға пішімделген есеп беруді жасайды.
Жаттығу жұмыстары: 1-жаттығу. «Есеп берумен жұмыс» 1. Оқытушылар кестесі негізінде деректерді қызметі бойынша топтайтын есеп беру жасаңыз. Есеп беруді жасау үшін:
Отчеты бөліміне өтіп, ашқан терезеден <Создать> батырмасын басыңыз;
Ашылған терезеден Есеп беру шебері (Мастер отчетов) пунктін таңдаңыз;
Терезенің төменгі бөлігіндегі ашылмалы тізімнің тілшесін басып, пайда болған тізімнен Оқытушылар кестесін таңдаңыз.
<ОК> батырмасын басыңыз;
Ашылған терезеден пішінде болуы керек барлық өрістерді таңдаңыз. Бқл жаттығуда барлық өріс керек болғандықтан батырмасын басыңыз;
<Далее> батырмасын басыңыз. Ашылған терезеде барлық өрістердің тізімі тұрады;
«Қызметі» деген өрісті белгілеп, батырмасын басыңыз. Осы арқылы сіз деректердің қызмет бойынша топталуын анықтап бересіз.
Тағы да <Далее> батырмасын басыңыз;
Пайда болған терезенің параметрлерін өзгертпейтін болғандықтан, тағы да <Далее> батырмасын басыңыз;
Пайда болған терезеден есеп беруді көркемдеудің стильдерін таңдаңыз да тағы да <Далее> батырмасын басыңыз;
Келесі пайда болған терезеде Оқытушылар деп есеп беруге ат беріңіз.
<Готово> батырмасын басыңыз. Экранда дайын есеп беру тұрады. Көріп алған соң, оны жабыңыз. .