Құжат тақырыбы



бет2/33
Дата07.01.2022
өлшемі0,89 Mb.
#18439
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   33
Диалогтық терезенің беті. Мұнда диалогтық терезелер құрылады. (ОК, Отмена батырмалары бар терезе)

  • Диаграммалар тұрғызылатын бет.

    Әрбір жұмыстық бет жеке электрондық кесте түрінде қарастырылады да , онда 65536 жол (rows) и 256 баған(columns) болады. Әрбір жол 1 ден бастап 65536 дейінгі бүтін сандармен , ал бағандар латын алфавитінің A, B, …, Z, AA, AB, …IV әріптерімен белгіленеді. Жолдар мен бағандардың қилысуынан кестенің негізгі құрылымдық элементіұяшық (cell) пайда болады. Кестедағы әрбір ұяшықтың адресі болады және ол ұяшық орналасқан баған мен жолдың атауларының бірігуінен тұрады (мысалы, А5, ВВ45 , т.б.).

    Ұяшықтарға жазылатын мәліметтер текст, тұрақтылар, формулалар түрінде болады. Бір ұяшыққа 32767 символға дейін енгізуге болады.



    Әдетте (по умолчанию) ұяшықтағы сандық мәліметтер оңға қарай, ал тексттік мәліметтер солға қарай тураланады. Енгізілген мәлімет ені бойынша ұшыққа сыймаған кезде оң жақтағы бос емес ұяшық, алдыңғысын жауып тастайды. Кестедағы қатар орналасқан бірнеше ұяшықтың бірігуінен пайда болатын тіктөртбұрышты обылысты диапазон деп атау келісілген. Диапазонның адресі тіктөртбұрышты облыстың сол жақ жоғарғы жағында орналасқан шеткі ұяшық пен оң жақ төменіндегі шеткі ұяшықтың адрестері арқылы анықталады, ұяшықтар адрестерінің арасына қос нүкте белгісі қойылады (мысалы, А1: С6). MS Excel программасында ұяшықтарға мәліметтерді теру арқылы немесе бірнеше әдістерді пайдаланып, автоматты түрде жазуға болады. Оның екі түрлі әдісі бар:

    Бірінші әдіс:

    1. Қатар орналасқан екі ұяшыққа прогрессияның алғашқы екі мүшесі жазылады;

    2. мәлімет жазылған диапазон немесе екі ұяшық белгіленеді;

    3. Тышқан көрсеткішін белгіленген диапазон облыстың оң жақ теменгі бұрышына апарсаңыз көрсеткіш қара түсті « қосу белгісіне» (+) өзгереді, бұл белгіні толтыру маркері деп атайды. Әрі қарай толтыру маркерін тышқанның батырмасын басып отырып қажет ұяшыққа дейін соза бересіз.

    Екінші әдіс:

    1. Бір ұяшыққа прогрессияның бастапқы бірінші мүшесі жазылады;

    2. Мәлімет жазылған ұяшық белгіленеді;

    3. Правка →Заполнить→ Прогрессия Командасы орындалады;

    4. Пайда болған терезеден тип расположение бөлімінен по столбцу белгіленеді, шаг тұсына прогрессияның қадамы жазылады, предельное значение тұсына прогрессияның соңғы мүшесінің мәні жазылады.



    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   33




    ©emirsaba.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет