Жатақханалардан орын беру критерийлері



Pdf көрінісі
Дата07.09.2023
өлшемі196,45 Kb.
#106558
Байланысты:
Kriterii predostavleniya mest v obshchezhitiyakhKaz



Жатақханалардан орын беру критерийлері 
1. Студенттердің әлеуметтік, денсаулық жағдайын ескере отырып үстемдік 
тәртіпте жатақханаларда орынмен қамтамасыз етілетін студенттер санаттары 
анықталды. Жатақханалардағы орындармен, төменде көрсетілген санаттар 
бойынша, бірінші кезекте 1 курс студенттері қамтамасыз етіледі:
- жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, ата-
анасының біреуі немесе екеуі де мүгедек болып табылатын тұлғалар;
- мүгедектер қатарындағы даму мүмкіндіктері шектеулі адамдар, бала кезінен 
мүгедектер, I және II топтағы мүгедектер;
- Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне таралатын 
жеңілдіктер мен кепілдіктерге құқылы, соларға теңестірілген тұлғалар;
- көп балалы және аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларға арналған 
жергілікті атқарушы органдарының грант иегерлері;
- ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ету бағытында
білім беру бағдарламалары бойынша университетке түскен ауыл жастары 
қатарындағы тұлғалар;
- Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын қандастар – 
мемлекеттік білім беру гранттарының иегерлері.
2. Бірінші санаттағы студенттердің өтініштерін қарап, олар бойынша шешім 
қабылдағаннан кейін жатақханадан төсек-орын алуға төмендегі санаттағы 
студенттер басымдық құқықпен иемдене алады: 
- мүгедек балаларға арналған интернат-үйлерінің, балалар интернат 
мекемелерінің тәрбиеленушілері;
- III топтағы мүгедектер;
- «Алтын алқа» және «Күміс алқа» белгілерімен марапатталған аналардың 
балалары болып танылатын білім алушылар. 
3. СЭР ескеріле отырып, студенттерді жатақханаға орналастыру
комиссияларды құру, шығарылған шешімдердің жүзеге асырылуын институт 
директорлары мен факультет деканы қадағалайды.


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет