4 апта тапсырмасы
1 Тасымал, тасымалдау ережелерін мысалдар арқылы түсіндіріңіз
2 Екпін, оның түрлері. Екпін туралы көзқарастар.
3 Дыбыстық құбылыстар. Протеза, эпентеза, редукция, метатеза, гаплология, т.б.
4 Қазақ тілінің орфографиясы, оның зерттелуі.
5 Қазақ тілінің орфографиясы. Орфографияның принциптері.
Жаттығу. Сөйлемдерден жазылуы мен айтылуыүйлеспейтін сөздерді табыңыз. Олардың қандайықпал түріне сәйкес келетінін анықтаңыз.
Бірде Жанқұтты шешен Құнанбайдың үйінде отырғанда Абай келіп сәлем береді... Ет желініп, қымыз ішілгеннен кейін Абай :
– Ата, сізден сұрақ сұрауға бола ма?- депті.Жанқұтты рұқсат бергеннен соң Абай:
– Ата, арзан не, қымбат не, даусыз не?- депті.Жанқұтты:
– Шырағым, арзан - өтірік, қымбат – шындық, даусыз кәрілік емес пе? Жанарыңның оты бар екен – ақындығың шы-ғар, маңдайың жазық екен – ойлылығың шығар, халқыңның қа-лаулы азаматы бол,- деп батасын беріпті. (“Елаузынан” кітабынан)
1)Тасымал – жазып келе жатып, жолға сыймай қалған сөздің бір немесе бірнеше буынын екінші жолға көшіру. Сөздің соңғы буындары дефисарқылы тасымалданады. Буынның қалай пайда болатыны, жалпы сипатын аңғарғаннанкейін, алдымен анықтап, меңгеріп алуды қажет ететінқарапайым да аса маңызды ұғым – сөздің буын жігін табу, немесе сөзді буынға бөлу.
Сөзде қанша дауысты дыбыс болса, сонша буынболатыны анық. Буын жігі дауыстылардың қабатында тұрғандауыссыздардың қай жағына қарап кететініне байланысты.
Сөзді буынға бөлу және тасымал мәселесін алғаш айтқанда А.Байтұрсынов. Шақырғанға деген сөзді буынға бөліп, қалай қалай тасымалдауға болатынын, болмайтынынтәптіштеп түсіндіреді. Бірақ буынға бөлудің ішкі механизмін, ережесін ұсынбайды.
Қазақ тілінде дауыстыдан басталатын буындар үнемісөзді бастап тұрады: а, ә, ас,ант, ұлт, ас-қа, ат-қа, ант-ты, ұлт-тық. Сондықтан бірінші буыннан басқа буындардауыстыдан басталмайды. Оның үстіне қазақ тіліндебайырғы буындар қос дауыссыздан басталмайды дедік. Міне, осы қағиданы еске берік ұстаған жағдайда сөздерді буынғабөлу қиын болмайды. «Осы қорытындыға сүйене отырып,-деп жазды Қ.Жұбанов отызыншы жылдары, - буын жігіноңай, механик түрде табуға болады. Ол үшін жазылған әрбірсөздің дыбыстарын аяқ жағынан бастап шоламыз. Дауыстыдыбыстан соң келген дауыссызды елемей өте шығып, әрбірдауыстының алдыңғы жағына бір дауыссыз тастап бөлебереміз. Сонда неше бөлік шықса, сонша буын болады».
Мысалдар: Тө-менірек, төме-нірек, төмені-рек; дос-тарым, доста-рым; қол-шатыр, қолша-тыр; жи-налыс, жина-лыс.
2)Сөз ішінде бір буынның (дауысты дыбыстың) басқабуындардан ерекшеленіп, күшті айтылуын екпін дейді. Екпін, негізінде, екі түрлі болады:
1. Фонациялық ауаның қарқынымен (күшімен) байланысты екпін; мұны лебізді (немесе динамикалық) екпін дейміз.
2. Дауыс ырғағымен (дауыс тонымен) байланысты екпін; мұны үнді (музыкалы немесе тоникалық) екпін дейміз.
Тілде кей уақыт квантатив (мөлшер) екпін де болуы мүмкін.Мұның ерекшелігі – бұл екпін түскен дауысты дыбыс басқадауыстылардан созылыңқы айтылады. Дауысты дыбыстыңсозылыңқылығы арнаулы бір фонологиялық мәнге иеболмаған тілде басқа екпінмен барабар квантитативті екпін дебола алады.
Ғалымдардың пайымдауынша, екпіннің мынадайтүрлері бар:
* тегеурінді екпін – фонациялық ауаның күштірекқарқынмен айтылуынан пайда болады;
* әуезді екпін – дауыстың әуенділігіне, дауыс ырғағынабайланысты айтылады;
* мөлшерлік екпін – буынның өзге буындардансозылыңқы айтылуы.
Екпіннің табиғаты, түрлері мен атқаратын қызметінакцентология зерттейді.
Екпін сөздегі орнына қарай мынадай түрлерге бөлінеді:
1. Жылжымалы екпін. Екпін арнаулы бір буынға байланбай, ыңғайына қарай әр түрлі буынға түсе беретін болса, ондай екпін жылжымалы деп аталады.
2. Екпін белгілі бір буынға телініп тұрақталса, ондай екпінтұрақты деп аталады.
Екпін сөйлемдегі қызметіне қарай мынадай түрлергебөлінеді:
1. Фразалық екпін. Кейбір сөз тіркестерінің құрамындағысөздердің әрқайсысы өз алдына дербес екпінмен дараланбай, айтылу жағынан жіті жымдасып, бір ғана екпінге ие болады. Мұндай сөз тіркестеріндегі екпін фразалық екпін депаталады.
2. Логикалық екпін. Сөзде белгілі бір буынның екпін түсіперекшеленіп айтылатыны сияқты, кейде сөйлемде бір сөзгеайрықша назар аударылып айтылады. Сөйлемдегі айырықшаназар аударылып айтылған сөзде ой екпіні болады да, ол сөзбасқа сөздерге қарағанда ерекше әуенмен айтылады. Онылогикалық екпін деп атайды.
3. Ритмикалық екпін. Арнаулы сөз тобының өзара мағынабірлігі сол сөз тобының акцентуациялық бірлігімен тығызбайланысты келеді. Ондай мағына жағынан байланысты бірекпіндес сөз тобы ритмикалық немесе динамикалық топделінеді. Ритмикалық екпін арнаулы семантика бірлігіндегібір сөз тобы мен екінші сөз тобының жігін ажыратып тұрады.
3)Әр тілдің өзіне ғана тән дыбысталу заңдылықтары – солтілді дербес тіл етіп тұратын белгілердің бірі – десек, сол тілөзге тілдерден сөз қабылдамай тұра алмайды. Ондай сөздер аздыкөпті дыбыстық өзгерістерге ұшырап, игеріледі. Дыбыстың яғни фонетикалық өзгерістері әр түрлі болуымүмкін. Кірме сөздің құрамындағы кей алмастырылып, кейбір дыбыстар ара-тұра буындар аласталып, керісінше, ендібір дыбыстар мен буындар жаңаланып айтылуы заңды. Сөйтіп, сөз сапалық та, сандық та өзгерістерге ұшырайды. Мұндай өзгерістер төл сөздерде де болып жатады.
Фонетикалық құбылыстар – сөздің құрамында болатынәр алуан дыбыстық өзгерістер. Тіл білімінде мұндайөзгерістердің әрқайсысының атауы бар. Олар: протеза, эпентеза, редукция, абсарбция, синкопа, гаплология, эпитеза, метатеза, апокопа, элизия т.б. Енді осылардың әрқайсысынажеке-жеке тоқталып өтейік:
Протеза (грек.prothesis-алдында тұру) сөздің алдынанбасы артық дыбыстың қосылуы.
Эпентеза (гректің epenhesis – қыстырылу) сөз ішінде дауыссыздардың арасына дауыстының қыстырылуы. Мысалы: класс-кылас, аброй-абырой, наурыз-науырыз, пэма-пойэма, теория –тейория, театр –тейатр, Днепр – Дінепр.
Редукция (лат.reducatian – қайырылу, кері қайтару) – айқын естілмей көмескілену немесе созылыңқылығының қысқаруы нәтижесінде дыбыстың артикуляциялық жәнеакустикалық сипатының өзгеруі.
Жартылай редукция деп – сөз ішіндегі белгілі бір дыбыстар тіркесімінің арасындағы (үнді/ұяң немесе ұяң/үнді, үнді/ үнді т.б.) қысаң дауыстының әлсіреп, көмескі айтылуынайта-мыз.
Толық редукция деп – ауыз, ерін, орын, мұрын, ойынсияқты екінші буындарында қысаң дауысты бар екі буындысөздерге дауыстыдан басталған қосымша қосылғанда екіншібуындағы қысаңның түсіп қалуын айтамыз.
Метатеза (грек.metathesis – ауыстырып қою, транспозиция) – дыбыстардың комбинаторлы өзгерісі, бір сөз немесебуын ішіндегі буындардың немесе дыбыстардың өзара орынауыстыруы.
Аферезис – қатар тұрған сөздердің арасындағы көршітұр-ған дыбыстардың өзара ықпал етуі. Аферезис элизияғақарама-қарсы құбылыс.
Гаплология – (грек.haploos – жалғыз,logia – сөз, ілім) ды-быстардың комбинаторлық өзгерісі, ол диссимиляцияәсерінен өзара бірдей көрші буындардың бірінің түсіп қалуы.Элизия (лат. elision – жаншу, итеріп шығара) – 1. Келесісөздің басында тұрған дауысты дыбыспен қатар келуінебайланысты бастапқы сөздің соңында тұрған дауыстыдыбыстың түсіп қалуы, айтылмауы.
Диэреза. Екі сөз аралығында кездескен екі дауыстыныңбірі түсіп қалатындығы туралы айтқанда кейде дәл сондайқатар келген екі дауыссыз дыбыстың бірінің (алдыңғысының) түсіп қалатындығын да естен шығаруға болмайды.
Апокопа. Кірме сөз соңында біздің тіліміздіңзаңдылығына сәйкес келмейтін екі дауыссыз дыбыстыңтіркесі тұра қалса (біздің тіліміздің заңдылығы бойынша сөзсоңында тек үнді мен қатаңдар ғана тіркесе алады; мысалы: жент, бұлт, сорт т.б.), оның соңғысының түсіп қалуын - апокопа деп атаймыз.
Диссимиляция – дыбыстардың ықпалды өзгерістерініңбір түрі. Ол латын тілінде – «ұқсамау» деген сөз. Яғниассимиляцияда (дауыссыз дыбыстардың үндесуі) көршідыбыстар бірбіріне ықпал етіп, өзара үндесіп, үйлесіп, ұқсаптұратын болса, диссимиляцияда бұған керісінше, сөз ішіндегіқатар тұрған жасалуы бірдей екі дауыссыз дыбыстың біреуі(әдетте соңғысы) ұқсастығы алыстау басқа бір дыбыспеналмастырылады.
Синкопа. Сөйлеу барысында сөз ішіндегі (сөз ортасындағы) жеке бір дыбыс қана емес, бір не екі буын да түсіп (қыс-қарып) қала алады.
Эллипсис (грек.ellipsis – түсіп қалу, түсірілу) – тілдікединицаның түсіп қалуы, синтаксистік конструкцияныңқұры-лымдық жағынан толымсыздығы.
Эпентеза (грек.epenthesis – үстеме) – дыбыстардыңкомбинаторлық өзгеруінің бір түрі – түбір сөздің өзіне тәнемес, қо-сымша бір дыбыстың пайда болуы. Бұл
Аккомадация – морфемалар жігінде қатар келгендауыс-ты және дауыссыз дыбыстардың бір-біріне ықпал етіп, бейім-деліп айтылуы.
Дыбыстық үнем – сөздің құрамындағы жеке дыбысты, дыбыстар тіркесін айтпау, үнемдеу болып табылады.
4)Тілдегі сөздердің дұрыс жазу ережелерінің жиынтығыорфография деп аталатындағы белгілі. Дұрыс жазуережелерін емле деп те атайды.
Адамдар өзінің айтар ойын ауызша, не жазбаша түрдежеткізуде міндетті түрде орфография ережелерінпайдаланады. Дұрыс жазу нормаларына сүйенетінорфографиялық ережелер қалың жұртшылықтыңпайдаланылуына арналады. «Қазақ тілі орфографиясыныңнегізгі ережелерін» Үкімет қаулы шығарып, арнайы заңменбекітеді. Орфография дегеніміз, біріншіден, жазба әдебитілде пайдаланылатын біркелкі жазудың тарихи қалыптасқанжүйесі; екіншіден, біркелкі жазуды қамтамасыз ететінережелер жүйесін жасайтын және зерттейтін тіл білімініңсаласы.
Орфография тілдің белгілі бір даму кезеңіндегі жазбатілдің нормаларын айқындайды деуге де болады:
- кей дыбыстарды әріптермен беру;
- сөз және оның мағыналы бөлшектерін жазу;
- сөздерді бірге, бөлек және дефис арқылы жазу;
- бас әріпті пайдалану;
- тасымалдау;
- шылаулар мен одағайлардың жазылуы сияқтымәселе-лерді қамтиды және айқындайды.
«Қазақ тілі орфографиясының негізгі ережелерінің»құрылымы төмендегідей:
І. Әріптердің емлесі (дауысты дыбыс әріптері мендауыссыз дыбыс әріптері, ь, ъ белгілерінің қолданылуыжайында ере-желер кіреді);
П. Түбір сөздердің жазылуы (жеке сөздер мен сөзтіркестерінің жазылуы жайында ережелер түзілген);
Ш. Бөлек жазылатын сөздер (күрделі атаулар, фразалықтіркестердің жазылуына қатысты ережелер енген);
ІҮ. Бірге жазылатын сөздер (біріккен сөздерге қатыстыережелер қамтылған);
Ү. Қос сөздердің жазылуы (қос сөздердің дефис арқылы жазылуына қатысты ережелер кірген);
ҮІ. Қосымшалардың жазылуы (түбірге жалғанатынқосымшалардың жазылу емлесі түзілген);
ҮП. Шылау сөздердің жазылуы (шылаулардың бөлекжәне бірігіп жазылу жағдайлары көрсетілген);
ҮШ. Бас әріптің қолданылуы (жалқы есімдер, күрделіесімдер, қысқарған сөздердің бас әріппен жазылу жағдайықамтылған);
ІХ. Сөздердің тасымалдануы (сөздердіңтасымалдануына қатысты мәселелер қамтылған).
Қазіргі кезде Қазақстан Республикасында «Қазақ тілі ор-фографиясының негізгі ережелері» жарияланған күнненбастап оларды жазу практикасында қолдануды басшылыққаалу үкімет қаулысымен міндеттелген.
5)«Қазақ тілі орфографиясы негізгі ережелері» үкімет қаулысымен 1983 жылы ресми түрде, ал оның редакцияланғаннұсқасы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік терминологиякомиссиясында 2006 жылы бекітілді, сондықтан ол жазунормаларын заңдастыруда басшылыққа алынатын нормативтіқұжат болып есептеледі. Қазақ тілінің орфографиялық сөздігіЕрежеге сүйеніп жасалғандықтан, күнделікті жазутәжірибесінде оны басшылыққа алу, онда көрсетілгеннормаларды сақтау, жазудың қалыптасқан жүйесін әрі-сәрікүйге түсірмеу - өз ана тілін құр-меттейтін мәдениеттіазаматтың борышы.
Сөздердің бөлек, бірге, дефис арқылы жазылуы әр түрлілексика-грамматикалық топтарды қамтиды да, сөзді, сөзтірке-сін, күрделі сөздерді бір-бірінен ажыратып тұрады: аққайың (шөп атауы, сөз) – ақ қайың(сөз тіркесі), қолтаңба(сөз) – қол/дың/ таңбасы(сөз тіркесі), т.б. Сондай-ақ сөздердің дефис арқылы тұлғалануы олардың дыбыстық, лексика-грамматикалық қасиетіне байланыстыерекшеліктерін байқатып тұрады: бала-шаға, жолдас-жора, ауыл-аймақ, кіп-кішкентай, т.б.
Сөздердің бас әріппен жазылуы, негізінен жалқыесімдерді қамтиды, сол сияқты сөйлемді келесі сөйлемненажырататын белгі-лердің бірі ретінде бірінші тұрған сөз басәріппен таңбаланады.
Жаттығу
Жанқұт-Жаңғұт; Құнанбай-Құнамбай.
Достарыңызбен бөлісу: |