Жауабы: Психологияда ойлаудың үш түрі қарастырылады. Соның ішінде бұл ойлау түрі практикалық іс-әрекеттілік



бет13/16
Дата27.04.2023
өлшемі53,41 Kb.
#87564
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16
Байланысты:
Психология дифка сит.есеп

Билет №24

1.Дәрігер қарауына 32-жастағы пациент келді. Сұхбаттасу кезеңінде пациент дәрігерді бөгей берді, тез, қатты, ашушаңдықпен сойлесті. Тақырыпты ауыстыра берді.


A) Пациентте темпераменттің қай түрі білінеді?


Бұл пациенттің темперамент типі – холерик. Себебі, 4 түрлі темперамент (сангвиник, холерик, флегматик, меланхолик) ішінде холерик типінің өкілі аса қозғыштықпен ерекшеленеді. Холерик адам қарым-қатынаста – ашулаңшақ, шабуылға жаны құмар, іс-әрекетте - пысық. Көтеріңкі көңілді, көзі оттай жайнап, сөйлегенде жұртқа кезек бермейді (дәл осы жағдай дәрігер мен пациент арасында болып тұр). Бір сөзбен айтқанда холериктер ұстамсыз, бір беткей адамдар.

2. Бала туылғанына 3 күн өткеннен кейін туа біткен пневмония, шала туылу, гидроцефалия диагнозы қойылған. Баланың ата-анасы еуропалық елдерде эвтаназия ресми түрде заңдастырылғаны туралы өз өтінішін дәлелдей отырып, аппараттан ажыратуды талап етеді.


А) Бұндай жағдайда бөлім басшысы ретінде қандай әдісті таңдайсыз
Бұндай жағдайда бөлім басшысы ретінде баланың ата-анасымен сөйлесіп(сөйлесу барысында дәрігердің эмпатия мен сенситивтілік көрсетуі маңызды), еуропалық елдерде эвтаназия рұқсат етілгенімен, Қазақстанда "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы"кодекстің 141-бабына сәйкес эвтаназияны жүзеге асыруға тыйым салынатынын айтар едім.
Бірақ, баланың емделіп, жазылып кетуіне бар үлесімізді салатынымызды айтып жеткізер едім.
Қорытындылай айтқанда, мен түсіндіру, яғни интерпретационды (адамдарды сендіру, көндіру) қарым-қатынас моделін қолданар едім.
Б) Эвтаназия турлері қандай ?
Эвтаназияның 4 түрі бар, олар:
1) Активті эвтаназия дегеніміз - пациенттің өмірін әдейі тоқтату үшін қасақана араласу, мысалы өлім әсеріне әкелетін затты инъекциялау.
2) Пассивті эвтаназия дегеніміз - бұл тоқтап қалған немесе мүлдем басталмаған өмірді сақтайтын емдеуден бас тарту. Пассивті эвтаназия (мысалы., үмітсіз науқастың ауруханадан шығару) медициналық тәжірибеде жиі кездеседі.
3) Ерікті эвтаназия дегеніміз - айқын санада, өзінің жағдайы жайлы объективті ақпараттандырылған, депрессия белгілері жоқ ауру адамның өз еркіндігі бойынша өмір сүруінің тоқтатуы жайлы өтініші.
4) Еріксіз эвтаназия дегеніміз - пациенттің өз өмірінің тоқтату өтініші, яғни ақпараттандырылған келісімінің болмауы.
В) Эвтаназияның қай түрін қолдануды пациент сұрап тұр?
Науқастың ата-анасы активті эвтаназияны қолдануды сұрап тұр. Себебі, бұл дәрігерлердің науқас өмірін ұстап тұрған терапияны әдейі тоқтату және өлімге әкелетін затты инъекциялау болып табылады.
Бала эвтаназиясын өткізуге арналған шарттар:
 Сұраныс ата-анамен және медициналық персоналмен мақұлдануы қажет;
 Ауру жазылмайтын болуы керек;
 Науқас аурудан қатты қиналуы, және сол ауруды жеңілдету мүмкін емес болуы шарт.

Сонымен қатар, бұл еріксіз эвтаназияға да жатады. Себебі, жоғарыда айтылғандай, эвтаназияның бұл түрі - пациенттің өз өмірінің тоқтату өтініші, яғни ақпараттандырылған келісімінің болмауы. Көбінесе, ес-түссіз күйде жатқан науқастарда, әлі де шешім қабылдай алмайтын кішкентай балаларда жүзеге асырылады. Ол туыстарының, қамқоршыларының және т. б. шешімі негізінде жасалады.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет