Жауабы: Психологияда ойлаудың үш түрі қарастырылады. Соның ішінде бұл ойлау түрі практикалық іс-әрекеттілік



бет15/16
Дата27.04.2023
өлшемі53,41 Kb.
#87564
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16
Байланысты:
Психология дифка сит.есеп

Билет №26
1. Пациент Л. , тез тіл тапкыш, сөзге шешен, назарыңызды жақсы көреді, оптимист, өнерлі, әртістік қабілеті жоғары, айналасындағылардың назарын жақсы көреді, өзінің барлық эмоцияларын және уайымдарын айқын көрсетеді.
А.Пациентте темпераменттің қай түрі білінеді?
Бұл Сангвинник темпераментіне көп ұқсас болып келеді. Себебі: Сангвиник типті адамның эмоциялық қозуы шапшаң, күшті болады, бірақ көп тұрақтамайды. Көңіл-күйі әп-сәтте өзгереді. Сангвиник — әсершіл адам. Ұнатқан, сүйсінген нәрсесіне елігіп әуестенуі де оңай, жеңсігінің басылуы да жылдам. Төңірегіндегі оқиғаларға, нәрсенің мән-жайына елең етіп, көңілденіп, басқа әсерге ауысып кетуі де тез. Көңілі көтеріңкі келеді. Ұзақ уақыт мұңайып жүрмейді. Бастан кешкен сезім күйлері санасында елеулі із қалдырмайды. Шапшаң да икемді, қозғалғыш та қызу, еті тірі, сергек келеді.

2. Емхана. Пациент С. учаскелік терапевт асқазанның ауырсынуына шағымданады, дәрігерге келген мәселелер мен шағымдарды түсіндіреді. Кенеттен әріптестері кіріп келіп, жаңа сырғасымен мақтана кетті. Дәрігер әріптесімен бірге сырғаны белсенді талқылай бастады. Науқас үнсіздік танытты.


A. Дәрігердің этикалық нормалары қаншалықты дұрыс?
Этикалық нормалары сақталмаған
деонтология, этиканы әр кез сақтау; науқас абыройын құрметтеу; жауапкершілік; науқасқа зиян келтірмеу; жақсылық жасау; қайырымдылық, мейірімділік, әділдік принциптері; дәрігерлік құпияны қатаң сақтау; адам құқығын құрметтеу.

B. Пациентпен қарым-қатынаста қандай қателіктер орын алды?


Бұл жағдайда дәрігер тек пациентке көніл бөліп, тындауы тиіс. Осы жағдайда болса дәрігер әріптестері кіргеннен кейін барлық назасын пациентке емес, әріптестерге жіберді. Бұл деген, жауапкершіліксіздік.


Билет №27

Сұхбаттасу кезінде дәрігер пациентті өзінің кеңес беру бөлмесіне шақырды, оған орындыққа отыруды ұсынды, отыруға ыңғайлы болуына жағдай жасады және паспорттық мәліметтерді сұрады, одан кейін оның көңіл-күйін сұрап, науқасты 5 минут тыңдады.


А) Бұл бөлім медициналық сұхбаттың қай кезеңіне жатады?


Біріншілік кезең- сұхбаттасуға сенімділік тудыратын жағдай жасау.Сұхбаттың әрі қарай жалғасу мүмкіншілігі сұхбаттың толық ашылуы науқастың алғашқы пікірі мен көз қарасына байланысты.
Б) Медициналық сұхбаттың неше кезеңі бар?
• БІРІНШІЛІК кезең - сұқпаттасуға сенімділік тудыратын жағдай жасау. Бұл белсенді интервью,ол өте маңызды және қиынға түсетін кезең.Интервьюдің әрі қарай ағымы, жалғастыру мүмкіншілігі,сұхбаттың толық ашылуы, науқастың алғашқы пікірі мен көзқарасына байланысты болатын анық.Бұнда медициналық қызметкер науқастың көзіне тік қарап ,оған назарын аударғанын көрсетеді.Сіз айтар жайттар уайымдар тек осы жерде ,екеуміздің арамызда қалатыны туралы ,мен сізге конфенденциалдықты сақтайтыным туралы кепілдік беремін-деп қайталап,ескертіп отырады.
• ЕКІНШІЛІК кезеңде медициналық қызметкердің белсенділік рөлі доғарылып,ол пассивті сұхбаттаушыға айналады.Науқас адамға тиісті уақыт беріліп,оның шағымдарын асықпай ,ұқыпты ,өзі таңдаған бірізділікті ,қажеттілігімен маңыздылығы бойынша айтуға мүмкіншілік беріледі.Медициналық анамнезді жинау сұхбаттасудың бұл кезеңінің ең маңыздысы болады.Оның мақсаты –адамның толық ақпарат алудың негізінде оның тұлғасына ,өзіне және дертке көзқарасына ,өзіне жасаған аурудың әсеріне баға беру болады.Мұнда науқастың өмір жолын ,ауру барысын,аурудың тәртібіне,тұлғалық жүйе қатынастарына әсерін анықтау өте маңызды болады.
• ҮШІНШІ кезеңде , сұхбаттасушы осы пікірлесуден және емдеуден тосатын нәтижелерін анықтауға бағытталады; “Сіз айтқан шағымдардың қайсысынан тез арылғыңыз келеді”. Соңғы сұрақ науқастың өзі қолдайтын ем тәсілін анықтауға мүмкіншілік береді, себебі кейбір адамдар медициналық қызметкер ұсынған емдеуден бас тартады,сенімін білдірмейді.
• ТӨРТІНШІ кезеңінде медициналық қызметкер тағы белсенділікті өз қолына алады.Бұл тәсіл тірек-сызба арқылы аурудың жағдайын дәл анықтап,оның тұлғалық және ауруына байланысты құпияларын ашып,ем нәтижесін өсіруге болады.Клиникалық сұхбаттасу үстінде вервальді және вербальді емес тәсілдерді қолдана білу өте маңызды және мағыналы болады.Алайда,кейбір жағдайларда ,әсіресе депрессивті адамдарға және шектеулі мәлімет айтылған кезде аурудың көзіне тік қарамаған дұрыс болады.Сонымен қатар,вербальді және вербальді емес тәсілдерді қолдану, пацент проблемаларын дәл түсініп, сұхбаттасуға қолайлы жағдай тудырады.
В) Медициналық сұхбаттың құрылымы мен негізгі принциптерін атаңыз?
Медициналық сұхбаттың құрылымы:
Науқаспен амандасу;
Науқасқа өзінің шағымын айтуды ұсыну;
Мысалдарды пайдалану;
Клиникалық зерттеу үшін киімдерін шешуді ұсынуға байланысты нұсқаулар айту;
Клиникалық тексеру кезіндегі төсек тартып жатқан науқастың жағдайы жөнінде нұсқау;
Науқасқа киініп жатқан жағдайларға байланысты нұсқау беру;
Ақпаратты ұсыну.

28 билет


A) Эвтаназияның қай түрі сипатталған?
Жауабы: Бұл эвтаназияның активті түрі.
Б)Эвтаназияның түрлерін жазыңыз?
Жауабы: Эвтаназияның екі түрі бар, активті және пасивті. Активті- Пациент өлімінде дәрігердің белсенді қатысуы. Бұл дегеніміз – дәрігердің науқасты оның ақпараттанған келісімімен өлтіруі. Пасивті- Дәрігердің
көмегімен жасалатын суицид, яғни дәрігердің дайындаған өлімге әкелетін
дәрісін науқас өзіне-өзі енгізеді.
В)Науқаспен сұбаттасу барысында қандай қарым-қатынас әдісі қолданылу керек?
Жауабы: Дәрігер мен науқас арасындағы қарым қатынас (хз)
29 билет

А) Пациентте темпераменттің қай түрі білінеді?


Жауабы: Холерик
Б) Темпераменттің әрбір типін сипатта.
Жауабы:
1. Сангвиник- ширақ, көпшіл, сыртқы қоздырғышқа тез жауап береді. Бұл күшті тип, ол өзін-өзі жақсы ұстай алады, байсалды келеді.
2. Холерик- ширақ, көпшіл, қызба, сыртқы қоздырғышқа жауабы әр түрлі. Шыдамсыз, ашуланшақ болып келеді. Бір нәрсені бастаса оның тоқтату қиын. Олар тік мінезді
3. Флегматик- селқос, көп қозғалмайтын, сабырлы, ұстамды. Олар бос сөлегенді ұнатпайды, тұйық. Ұзақ және бір қалыпты жұмыс жасай алады, күтеде алады.
4. Меланхолик- селқос, біртоға. Бұл әлсіз тип, оған өзіне-өзі сенімсіздікпен жасықтық тән. Меланхолик ренжігіш, күмәншіл болып келеді.
2)
А) Кейкілжің туындаған кезде дәрігер қандай әдіс қолдану керек?
Жауабы:
Науқас сөйлесін.Ол өзінің негативін білдірсін, өзін мазалайтын нәрсені білдірсін. Эмоционалды құлдырау көбінесе жанжалды шешуге көмектеседі.

Оның пікірін біліңіз.Келісіңіз, науқас өзінің денсаулығы туралы алаңдауға құқылы. Әңгіме барысында оның ренжігенін түсінемін деп айтыныз.


Жағдайды нақтылап, фактілер бойынша бөлшектеңіз.Жанжалдың себебін анықтауға тырысыңыз, өйткені көбінесе пациент эмоцияны осылайша тастағысы келеді. Қалай болғанда да, талап қоюмен жауап беруге тұрарлық емес.


Жағдайды дұрыс бағалап отырғаныңызды тексеріңіз.Ұсыныс тіркестерін қолдануға тырысыңыз: «Егер мен дұрыс түсінген болсам ...», «Сіз ... сізді қанағаттандырмайды ... және сізге керек ...», «Сіз қалай ойлайсыз ...».


Жанжалды жағдайдан шығу жолын ұсыныңыз. «Мен» және «сіз» есімдіктерін «біз» деп алмастыра аласыз - бұл сіздің пациентпен бір уақытта екеніңізді және қақтығыстың оң шешілуіне мүдделі екеніңізді көрсетеді.


Б) Кикілжінді шешу жолдары қандай?
Жауабы: Қазіргі кездегі конфликтология ғылымында кикілжің кезінде өзін – өзі ұстаудың 5 стратегиясын бөліп көрсетілген:
1)Бейімделу (приспособление) — бірінші жақ екінші жақпен келіседі, бірақ тұлғаның айтуға қорқақтайтын өз ойы мен пікірі бар;
2) Қашқақтау (избегание) — кикілжің жағдайдан кету, қашу;
3) Екі жақтық айғақ (Компромисс) — екі жақты да қанағаттандыратын ортақ шешімге келу;
4) Бәсекелестік(Соперничество) — белсенді түрде екі жақтың бір – біріне қарсы тұруы;
5) Серіктестік (Сотрудничество) — ортақ бір мәселені шешу үшін бірлесе қимыл-әрекет жасау.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет